ТАҚЫРЫП Education in Britain
Қысқа мерзімді жоспар Пән мұғалімі: Шаукебаева Индира Актасбаевна
ПӘНІ | Ағылшын тілі | КЛАСЫ | 9 |
ТАҚЫРЫП | Education in Britain |
МАҚСАТЫ | Басқа елдердің білім жүйесімен таныстыру, өз елінің білім жүйесімен салыстыра алу, сыни тұрғыдан ойлай отырып, өз ойымен ұсыныстарын жеткізе білу.Өз елінің ұлтжанды азаматы болуға баулу.Сөздік қорын байыту.Сөйлем құрастыру біліктілігін дамыту, білім жүйесі туралы мағлұматтарды ауызекі әңгімелесуде қолдануды меңгеру. Ақпаратты өз бетінше меңгеруге үйрену, топта бірлесе жұмыс жасай білу, АКТ бойынша ақпаратты түсініп, өңдей алу, қалыптастырушы бағалауды үйрену арқылы өзін-өзі реттеу. |
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ | тақырып бойынша білімдерін өзектендіре алады; тақырыпты өз бетінше оқып, мазмұнын ұғына алады; мәтінді тапсырма тұрғысынан саралай оқи алады; өз ойларын еркін жеткізе біледі; кластастарымен қарым-қатынасы қалыптасады; сындарлы сөйлей білуге ынталанады; басқа елдердің білім жүйесімен салыстыра алады; адамгершілік сезімдерге тәрбиеленеді; ойлаудың жоғары деңгейіне ұмтылады; оқушылар өздерінің қабілеттерін дамыта алады; өзін-өзі бағалай алады, өз жұмысын кластастарының жазғанымен салыстырып, өзін-өзі реттей алады; ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданып, ақпаратты таңдай алады; грамматикалық құрылымды тани отырып, сөйлем құрап, жаттығуларды орындай алады; сыныптағы диалогтік әңгімені дамытуға ұмтылады. |
КЕЗЕҢДЕРІ | МҰҒАЛІМ ӘРЕКЕТІ | ОҚУШЫ ӘРЕКЕТІ | ДИФФЕРЕНЦИАЦИЯ | БАҒАЛАУ | РЕСУРСТАР |
Ұйымдастыру кезеңі (2 минут) | Психологиялық тренинг өткізеді. «Семантикалық карта» ойыны арқылы топқа бөлінеді. | Таңдап алған суреттері негізінде топқа бөлініп, өз көңіл- күйлерінің кейпіне еніп, сурет аттарын ағылшын тілінде атап шығады.
| Психологиялық күйлерін жеткізіп, оқушылартаңдап алған суреттерін алып, топқа бөлінеді. | Смайликтер арқылы | «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сыныпта тиісті орта жасауды талап етеді» (A.Crawford, E.W Saul, J.Makinster,2005)
|
Қызығушылықты ояту (3 минут) | Сабақ тақырыбы туралы оқушылар пікірлерін біледі. Ұлыбританияның білім жүйесімен таныстыруды ұсынады. | Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтауға ұмтылады.
Өзге елдің білім жүйесімен танысады және өз елінің білім жүйесімен салыстыру.
|
Үш рет шапалақтау | Бейнефильмнен үзінді көрсету
| |
Мағынаны тану (20 минут)
| Топтарға әңгімені оқуды ұсынады, бағыт береді. Әр топқа оқу барысында тапсырма береді: 1-топ- мәтінде кездесетін таныс емес сөздерді түртіп алу; 2-топ –мәтін бойынша сұрақтар дайындау ; 3-топ – қарсы топ қоятын сұрақтарға әзірлену тапсырылады; Тапсырма мақсатымен таныстырып, орындауға бағыт береді. Жаттығулар орындатқызады. |
«Түртіп алу» әдісі бойынша таныс емес сөздерге мән береді.
Блум таксономиясы бойынша сұрақтар дайындайды.
Әр топ берілген тапсырма аясында өз жұмыстарын қорғайды, талқылайды, әңгімелеседі, диалогтік сөйлесуді қолданады.
1-топ-5жаттығу; 2-топ-6 жаттығу;3-топ-7 жаттығу дәптерге орындайды. |
Жекеленген оқушыларға көмек
|
Топтық бағалау
| Оқулық
«Балаларды тамаша идеяларға және сонымен бірге әртүрлі балаларды сан алуан идеяларға әкелетін ортамен қамтамасыз ету» (Duckworth, 1996)
|
Рефлексия (10 минут) | Зерттеушілік әңгіме жүргізу.
| Зерттеу жұмыстарын талдау барысында оқушылардың білім алуы, тыңдауы және сөйлеуі арасындағы байланыс анықталады. | «Екі жұлдыз, бір тілек»
Рефлексия жүргізу. | Зерттеушілік әңгіме- мұғалімдердің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде дамыту қажет болып табылатын әңгіменің түрі (Барнс 1976, Мерсер 2000 ) | |
Сабақты қорытындылау | Үйге тапсырма беру:Өз мектебінің білім беру жүйесі туралы мәтін жазып келу. 10 жаттығу Венн диаграмманы толықтыру. |