Ағылшын тіліндегі фразеологиялық бірліктерді қазақ тіліне аударудың тәсілдері
Ағылшын тіліндегі фразеологиялық бірліктерді қазақ тіліне аударудың тәсілдері
Фразеологиздер – лингвистиканың үлкен бір саласы. Фразеологияның тілде атқаратын рөлі айрықша. Өйткені, тұрақты тіркестер – халқымыздың ұлттық ерекшелігін бойына сіңірген басты мадени байлығымыздың бірі. Тілдерді салғастыра қарастыру аударма мәселесінің ең құрамдас бөлігі. Бұл мәселені дұрыс шешудің бір жолы фразеологизмдердің табиғатын терең түсінуде жатыр. Оның түрлерін, соған орай көркем туындыда атқаратын қызметін жеке ұғып алмай тұрып, екінші бір тілге аудару жөнінде сөз болуы мүмкін емес. Тіпті кей жағдайда бүтін бір фразеологиялық мағынаның, бүтін бір фразеологиялық түсініктің екінші бір тілде мүлде кездеспеуі мүмкін. Ұлттық боюуы қою фразеологиялық бірліктер әсіресе ұлттың өзіне ғана тән қасиетін көрсететін салт – дәстүрі, мәдениеті, тұрмысы, тарихы мен географиясы, жер, су аттарын білдіретін ұғымдар аударманы күрт қиындата түседі. Жалпы аудармамен айналысқан бірде бір ғалым, бірде бір тіл мамандары фразеология мәселесін аттап өте алған емес. Ол заңды да. Сонымен фразеология аудармасын зерттеуде А.В. Федоров, И.Я.Рецкер, Н.Л. Шадрин, В.Н. Комиссаров және т.б. Қазақ ғалымдарының арасында І.К.Кеңесбаев, М.Қ. Қаратаев, С.О. Талжанов, М.Б. Балақаев, Ө. Айтбаев және т.б. еңбектерін ерекше атап өтуге болады. Біздің қарастырайық деп отырған қазақ әдеби тіліндегі және ағылшын тілінің құрамындағы фразеологизмдердің құрамы, құрамындағы сыңарлардың кірігуі тіркесуі, семантикалық байланысы жағынан бір бірінен айырмаланатын ерекшеліктері өте көп, бірақ та аударма процесі кезінде фразеологизмдердің (тіркесу нысаны, құрамында неше сөз бар екендігі) айтарлықтай рөл атқармайды, тәжімалаушылардың назарын аударатын – түп нұсқа тілдегі фразеологизмдердің ұлттық ерекшеліктеріне көңіл бөле отырып, семантикалық құрылымының аударма тілде берілуі.
Сондықтан аударма тәжірибесінде фразеологизмдердің мағынасын дәлме дәл жеткізуде сөзбе-сөз(калька)тәсілі, толық балама, жартылай балама, түсіндірме арқылы т.б аударма тәсілдерін қолдануға болады.
- Сөзбе-сөз(калька) тәсілі тілдік бірліктің (сөздің, сөз тіркесінің) сыртқы нысанын , ішкі мазмұнын, нақтырақ, сол қалпында аудару дегенді білдіреді. Мысалы: not to believe one’s own eyes (ears) — өз көзіне өзі сенбеу; fish begins to stink at the head – балық басынан шіриді; to lead a cat and dog life – ит пен мысықша өмір сүру; to get up one’s wrong foot – сол аяғымен тұру; black gold – қара алтын; a black list – қара тізім, бұл фразеологизмдердің калькаланған қазақшасы мейлінше тұрақталған әрі қазіргі тілдік қорда жиі кездеседі. Калька тәсілімен аудару кезінде аудармашы тұпнұсқадағы тілдік бірліктердің түр-тұрпатына, өзге халықтардың мәдениетіне қатысы бар екенін естен шығарып алады, және кей жағдайларда мән-мағынасы түсініксіз болып шығады. Сондықтан да бұларды мағынасына қарай, балама болатын сөз тіркестерін, егер ондай тіркестер болмаса, мағынасын бере аларлық жеке сөздермен немесе еркін сөз тіркестерімен аударуға болады.
- Түсіндірме арқылы аудару тәсілі. Мысалы: come to one’s own autumn — өзіне тиісті жазасын алу; have something one’s conscience — өз кінәсін сезу (түсіну); addict oneself to vice – жаман әдетке салыну; немесе қазақ тілінде: ала жібін аттамау – be honest and desсent; ашпа жалап күйде өмір сүру – live from hand to mouth; ауызынан ақ ит кіріп қара ит шығу – use foul (bad) language; таңды көзбен атыру – to spend the night until morning; қосағымен қоса ағару – live a happy life.
- Толық балама – екі бейнелік сәйкестік болған жағдайда, яғни толық сәйкес келуі. Мысалы: play with fire – отпен ойнау; asperse smb’s name – біреудің атына кір келтіру; to set a fire – от салу; the rotten apple injures its neighbours – бір қарын майды бір құмалақ шірітеді; to addle one’s brain – бірденемен миын ашыту; немесе қазақ тілінде көздің ағы мен қарасы – the apple of one’s eye; көзден жарық көңілден таса – out of sight out of mind; көзі ағару – lose one’s sight.
Алайда фразеологиялық тіркестерді салыстыра зерттеуде мағыналық және тұтастығы, бейнелілігі, яғни толық сәйкестігі сирек кездесетіні байқалады. Тіл- тілдегі фразеологиялық бірліктердің сәйкес мәндес келуі, аударманың жатық болуына көп септігін тигізеді және аударманың жұмысын едәуір жеңілдетеді.
- Жартылай балама – дәл сол мағынаны басқаша бейнелеуіш құралымен беру тәсілі, яғни мағыналас тіркестер. Мысалы: abuse somebody left and rіght – жерден алып жерге салу; commіt adultory – жұбайының көзіне шөп салу; asperse smb’s character – біреудің абыройын айрандай төгу; to gіve somebody a foot – аяғынан шалу; to play the baby – балалыққа салыну немесе балалық жасау; немесе қазақ тілінде: ақ пен қараны айыру – tell good from evіl; екі беті анардай – red cheeks.
Қорыта келгенде тіл-тілдегі соның ішінде ағылшын және қазақ фразеологиялық тіркес құрамындағы компоненттердің әр түрлі болып аударылуының басты мақсаты – аударма оқырманның құлағына жатық әрі түсінікті болуы . Жасанды әрі түсініксіз аударма екі жаққа да тиімсіз.
Оқушылардың лексико-фразеологиялық сөз байлығын дамыту мақсатында ағылшын тіліндегі тұрақты тіркестер мен еркін тіркестердің берілу ерекшеліктері мен ағылшын тіліндегі фразеологиялық бірліктерді қазақ тіліне аударудың тәсілдерімен таныстыру басты мақсат болды. Тапсырмалар берілу арқылы оқушылардың сөйлеу әрекетінде фразеологизмдерді қолдануы анықталып, сөйлеу қабілеттерінің деңгейі бақыланды. Осыған орай, қорытынды шығарып, жеке оқушыға бағытталған технологияны қолданып, әр баланың өзінің білім деңгейіне сай тапсырма дайындалды.
Қолданылған әдебиеттер:
- “Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі” І. Кеңесбаев
- “Қазақша-орысша фразеологиялық сөздік” Х.Қ.Қожахметова
- “Англо-русский фразеологический словарь” А.В.Кунин
- “Idioms and Phrasal Verbs” Macmillian
- “Idioms” Peter Watcyn-Jones