Сабақта оқушылардың лексико-фразеологиялық сөз байлығын дамыту

Сабақта оқушылардың лексико-фразеологиялық сөз байлығын дамыту

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде «Ғасыр мақсаты – қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарысты жеңіп шыға алатын, ізгіленген, ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты мәдениетті жеке тұлға қалыптастыру» деп атап өткен. ХХІ  ғасырда әлемдік өркениет жаңа даму сатысына көтерілді. Еліміздің қазіргі білім жүйесінің стратегиялық мақсаты жоғары білімді бәсекелестік қабілеті мол шығармашылық тұлға қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.

Оқушы қоғамның болашағы, сондықтан ол өз жаратылысын, қабілеті мен мүмкіндіктерін мектеп қабырғасында басқалармен қарым қатынас үстінде ғана дамытып алады. Демек, жеке оқушының басты белгілері  болып табылатын оның мінез құлқы, басқа оқушыларға, табиғатқа қатынасы, оқушының болмысы, білім алуы, өзіндей оқушылармен қатынасқа түсу арқылы қалыптасады.Осы орайда оқушылардың лексико-фразеологиялық сөз байлығының рөлі өте маңызды.

Жалпы тақырыпқа тоқталатын болсам, фразеологизмдер — әр тілдің бөлінбес бір бөлшегі, белгілі бір заңдылығына байланысты, өзіне тән  мағына беретін екі немесе одан да көп сөзден тұратын бірлікті айтамыз. Қазіргі ағылшын тілінде фразеологизмдердің шығу тарихы әр түрлі. Оларды шығу тарихына қарай үш түрге бөлуге болады:

  1. бұрыннан келе жатқан фразеологизмдер;
  2. басқа шет тілінен енген фразеологизмдер;
  3. американдық ағылшын тілінен енген фразеологизмдер.

Қазақ тілі мен ағылшын тілі екі түрлі тілдік шығу тегіне жататындықтан, олардың фразеологизмдерінің ішкі құрылымы да екі бөлек болады. Фразеологизмдерді ағылшын тілінен қазақ  тіліне аударғанда көптеген өзгерістерді және айырмашылықтарды көре аламыз. Мысалы: to bring smb. to his milk —  ес жинату “өз-өзіне келу”, be deeply occupied doing smth. – жан-тәнімен кірісу, lose the power of speech – сөйлеуге мұршасы болмау, keep one’s tongue between one’s teeth – тіл қатпау, have a ready tongue – аузының желі бар, cast smth. full in smb’s teeth – бетіне басу, be quietly cutting smb’s throat – мақтамен бауыздау, exalt smb. to the sky – төбесін көкке жеткізу, wag one’ s tongue – аузымен орақ орып, пішен шабу, have a sharp tongue – тілдің майын ағызу, stop smb’s mouth – аузына қақпақ болу, the apple of someone’s eyes – көзінің қарашығы болу. Әр тілдің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес фразеологизмдерді бір тілден екінші тілге аударғанда, мағынасын дұрыс жеткізу қажет