Сабақтың тақырыбы: “ In, on, under”

Сыныбы: 1a

Unit 7.  Lesson 2

Сабақтың тақырыбы: “ In, on, under”

Сабақтың мақсаты: оқушыларды заттардың орналасуын көрсететін көмекші сөздермен таныстыру. Көмекші сөздерді пайдалану. Көмекші сөздерді енгізудің үлгілік жағдайында монолог және диалог құру дағдыларын қалыптастыру. Pp, Qq әріптерімен танысу. Графикалық дағдылар мен дұрыс дыбыстау дағдысын дамыту.

Күтілетін нәтиже:

пәндік: бір заттың екінші затқа қатысты орналасуын көрсету дағдысын қалыптастыру. Pp, Qq әріптерінің дыбыстық бейнесін оның графикалық бейнесімен сәйкестендіру;                                                                                                                     тұлғалық: жиһаз бұйымдарына, мектеп мүлкіне ұқыптылықпен қарауға баулу;;

жүйелік-әрекеттік: осы тақырып бойынша оқылған лексикалық грамматикалық материалды берілген коммуникативтік жағдайда пайдалану.

Материалдық қамтамасыз етілуі:

мұғалім үшін: компьютер, СD ойнатқыш, флэш-карталар.

оқушы үшін: оқулық, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар топтамасы.

Пәнаралық байланыс: музыка, сурет салу

 

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру сәті (1 мин.)
  2. a) Greetings

— Good morning, children!

— Good morning, good morning,

— Good morning to you!

— Good morning, good morning,

— We are glad to see you!

— Sit down, please!

 

  1. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарлау (1 мин.)

— Балалар, бүгін біз ағылшын тіліндегі көмекші сөздерді үйренеміз және Pp, Qq әріптерімен танысамыз.

 

3.Тірек білімді белсендіру. (5 мин.)

— Балалар, бізге Mr. Wise Crow келді. “Hello, children! Мына сөздер мен дыбыстардың айтылуын еске түсірейік.

[L], mother, duck, mug …

[ә], her, girl,

[ks], a box, a fox …

[e], a shelf, a bed …

Ойын: егер дауысты дыбыстан басталған сөздерді естісеңдер, бір рет шапалақтайсыңдар, дауыссыз дыбыстан басталған сөздерді естісеңдер, екі рет шапалақтайсыңдар.

cat, robot, doll, duck, apple, ant, egg, octopus, ice-cream, eagle…

“Find animal” ойыны

 

  1. Жаңа тақырып (8 мин.)

— Ағылшын тілінде бірнеше көмекші сөздер бар. Солардың ішінен біз бүгін іn, on, under деген үшеуімен танысамыз.

In – ішінде

On – үстінде

Under – астында

1-слайд: This is a fox, fox, fox.

It is in the box, box, box.

2-слайд: This is a doll, doll, doll.

It is on the ball, ball, ball.

3-слайд: This is a bear, bear,     bear

It’s under the chair,  chair, chair.

2-жаттығу. Listen and sing

Track 50

In, in, in the bag,

On, on, on the desk.

Under, under, under the desk

What fun, what fun, what fun!

In, in, in the box,

On, on, on the box.

Under, under, under the box

What fun, what fun, what fun!

 

  1. Жаңа тақырыпты бекіту. (10 мин.)

18-слайд: Аудару

Қорапта – in the box

Cөреде – in the shelf

Сөмкеде – in the bag

19 – 24 слайдтар

Where’s the apple? – on the table

Where is Murka? — on the table

Where is Murka? — on the chair

Орындықта – 0n the chair

Партада – on the desk

Төсекте – on the bed

Where is Murka? – under the table

партаның астында – under the desk

кітаптың астында – under the book

қораптың астында – under the box

The cat is on the chair.

The lion is on the bed.

The doll is on the desk.

The cat is on the ball.

 

  1. Сергіту сәті (2 мин.)

 

  1. Оқулықпен жұмыс (8 мин.)

4- жаттығу. Learn the new letters and new words. Listen.

Pp, Qq әріптерімен таныстыру.

Parrot – тотықұс

Queen – патшайым

«Патшайымда қонақта» рольдік ойыны. Патшайым және екі оқушы сайланады. Патшайым оқушыларға сұрақ қояды. Олар жауап беруге тиіс.

  1. What’s your name?
  2. How old are you?
  3. Do you have a mother?
  4. What’s her name?
  5. Do you have pets?
  6. Can you sing?
  7. Can you dance?

 

  1. Дәптермен жұмыс. (8 мин.)

1-жаттығу. Choose and circle the correct answer.

Оқушылар суреттерге сәйкес келетін көмекші сөздерді таңдайды және айналдыра сызады..

2-жаттығу. Look, listen and draw.

Оқушылар суреттерге қарап, сөйлемдердің мазмұнына қарайоларды толқтырып салады.

The cat is on the chair.

The ball is under the bed.

The lamp is on the desk.

The book is in the bag.

 

  1. Бағалау. (1 мин.)

        

  1. Сабақты қорытындылау (1 мин.)

— Бүгінгі сабақта не үйрендік, балалар?

— Жаңа сөздер, Pp, Qq әріптерін, көмекші сөздер туралы әңгімелеу.

— Very good! The lesson is over. Good bye, children!

— Good bye, teacher!

— Good bye to everyone!