Әлем тілдері сөйлейді

Сабақ тақырыбы: Әлем тілдері сөйлейді

Сабақ мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп,  мемлекеттік тілімізді сүюге,  мәртебесін биік ұстауға, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру, оларды құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында өз өнерін көрсетіп ауызекі сөйлеу мәнерін дамыту.

Сабақ әдісі: сайыс

Сабақ көрнекілігі: Слайдтар, тақырып бойынша плакаттар.

Кіріспе бөлім:

-Сәлеметсіздерме құрметті оқушылар! Біз сіздерді 22-қыркүйек тілдер мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған 6-9 сыныптар арасындағы «Әлем тілдері сөйлейді» атты сайысымызға қатысып отырғандарыңызға қуаныштымыз.

6 в сынып оқушылары орындауында қазақ биі

Тіл- әрбір ұлттың заңы, сезімнің, ойдың жанды бейнесі. Тіл – біздің ұлттық қазынамыз, байлығымыз, халықтың күре тамыры, достық көпіріміз. Әр тілдің өзге тілдермен байланысы, өз тарихы, өз тағдыры болады. Тіл арқылы адамдар бір-бірін түсінеді, рухани мәдениетімен танысады.

«Өзге елдің тілін білсең, көкірек көзің ашылады. Адам баласының өсіп-өркендеуі жолындағы бірінші қадамы- достықты кеңейту» деп жазған ұлы Абай атамыз өзінің 25-ші қара сөзінде.

Ал, біздің елбасымыз Н. Ә. Назарбаев : «…. өткенді еске түсіре отырып, болашаққа ұмтылу керек. Өзге ұлттармен бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп олардың да мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтеу керек.»-деген болатын.

Біздің еліміз көпұлтты мемлекет. Ол 130 дан астам ұлт өкілдері тұратын этносаяси ел- Қазақстан Республикасы. Міне, сол себепті 1998 жылдың 20- қаңтарында ҚР президенті бұйрығымен 22-қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдер мерекесі болып белгіленіп, содан бері бұл мереке жыл сайын тойланып келеді.

Дүниенің ең сұлу ғажап тілі
Ол менің ана тілім- қазақ тілі
Осы тілде айтылған алашымның
Қуанышы, қайғысы, азат-мұңы.

Тілмен мәңгі қазақтың қазақтықы
Тілмен мәңгі қазақтың азаттығы

 

Ал, енді сайысқа қатысатын оқушыларымыздың әр елдің тілінде дайындап келген өлең-тақпақтарын тыңдайық. Алдымен әділ қазыларды тағайындап алайық.

  • мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Қопашова Амангүл апай.
  • Ағылшын тілі пәні мұғалімі, әдіскер- Байманова Роза апай

Қатысушы оқушылар:

 

  1. 6- в сынып оқушысы Жаңбырбаева Ақбота (ағылшын тілінде)
  2. 6 а сынып оқушысы Елеусинова Альбина (түркмен )
  3. 8 в сынып оқушысы Жуленова Сәуле (өзбек тілінде)
  4. 6а сынып оқушысы Артықбаева Меруерт (ағылшын)
  5. 8 б сынып оқушысы Надирханова Д. мен Келембай  Назым. (Украин)
  6. 7 ә сынып оқушысы Сарсенова     Айдын  (ағылшын тілінде)
  7. 6 в сынып оқушысы Мерекеқызы Ақмарал (қазақ тілінде)
  8. 6 а сынып оқушысы Теңелова Ақкүміс (Түрік тілінде)
  9. 9 б сынып оқушысы Рамазанов Санжар (ағылшын)
  10. 8 в сынып оқушысы Серікбаева Молдір (қазақ тілінде)

 

Қатысқан оқушыларға әділ қазыларымыз баға бергенше ортаға өзбек биімен 6 сынып оқушыларын шақырамыз.

Марапаттау.

«Ана тілім, ана тілім жүрегім

Қадір тұтып оны әркез жүремін

Бойымдағы өнерімді аздаған

Өз тілімнің қасиеті деп білемін

Ана тілім- ең асылым, ардағым

Ана тілім-бар байлығым, бар бағым

Халқым үшін арнасам ән-жырымды

Ана тілі-өз тілімді арнадым.»-

 

дей отыра бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Барлық қатысқан оқушыларға рахмет айтамыз. Сау болыңыздар