Ы, ж, ұ, ң дыбыстары бар сөздерді дұрыс оқып жаттығу

 

  1. Сабақтың тақырыбы: Қайталау

 Сабақтың мақсаты: 1.Өткен сабақтан алған білімін тереңдету. Ы, ж, ұ, ң   дыбыстары бар сөздерді дұрыс оқып жаттығу.2. Ұқыптылыққа, тазалыққа баулу. 3. Алған білімін  дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:  Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін  аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.  — ң, е, ұ, ж  қандай дыбыс? — Сөздің қай жерінде жазылады? Сөздік диктант:  аң, шаң, шаңғы, таң, тоң,  ыс, қыс ,ау  ұн ұқ.

ІҮ. Қайталау.1. Әр дыбысқа қатысты сөз ойлау, сөйлем құрату2. Ынта,жарық, ұшақ, аң сөздеріне дыбыстық талдау жасау.  3. Кеспе әріптерден сөз құрату  ыдыс , жаңа, ұста, қаңбақ.4. Жұмбақ шешу:  Тамның үстіне тары жайдым.(жұлдыз)  Атасы қисық ағаш, Анасы жайма төсек.

Баласы шырын шекер, Бір сабақта құж-құж жентек.  (жүзім)                                             5.Жаңылтпаш жаттату.  Шапшаң,шапшаң,  Бұрқырайды ақ шаң

Дәптермен жұмыс. Көшіріп жазу. Сергіту сәті.

ҮІ.Сабақты қорытындылау: Біз қандай әріпті  үйрендік? Ң қандай дыбыс?