Дауысты дыбыстар: а,у.о ы ұ е і ә и
- Сабақтың тақырыбы Қайталау.
Сабақтың мақсаты: 1. Бұрынғы сабақтан алған мәліметтерді тереңдету. 2. Ұқыптылыққа тәрбиелеу. 3.Білімдегі олқылықты жою, жетілдіру.
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп ,кеспе буын, суреттер.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.
ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІІ. Өткен сабақта алған білім дағдысын тексеру.а) Өткен дыбыстар мен буындарды еске түсіру. Дауысты дыбыстар: а,у.о ы ұ е і ә иДауыссыз дыбыстар: т.п н, ғ, р, л ш й қ д м б с ж ң қ в) Сөздік диктант. Жу, жуас, жас, жасау, жақсы, жаман, аң, аңшы,емен немере, береке, бірлік, білім, әдемі, Әсет. Ит –адамның досы. г) Сөздерді буынға бөлгізу: ирек, киік, биік итмұрын.
ғ) Осы сөздерге дыбыстық талдау жасау:
ш | и | е | и | н | е | м | а | л | И | н | е | ш | И | с | а | т | а | й |
Сергіту сәті. Тақтамен жұмыс:1.Дауысты дыбыстардың астын сыз.Дыбыс, айнала, құлақ, жануар, сабақ, табақ, масақ, қысқа, ұзын,орман.2.Дауыссыз дыбыстардың астын сыз.Дәрі, адам,сағат жинап, майлар, шипалы, емдік, жұмбақ, сырмақ, текемет,әнші,дәптер.3. Жеке оқушымен жұмыс: Кеспе әріптерден буын, сөз құрау. Әдеби кітапшалар оқыту.4. Дәптермен жұмыс:
ІҮ. Бекіту кезеңі:Дыбыс, буын дегеніміз не? Сөз. Сөйлем Сөздегі буын саны қай дыбысқа байланысты?
Ү. Сабақты қорытындылау: Біз өткен сабақтан алған білімімізді тиянақтадық, енді ол туралы білгенімізді қорытындылаймыз.