Parts of the body

Оқу –іс әрекетінің  жалпы мазмұны

 

Сөздің дыбыстық мәдениеті

Фонетикалық жаттығуларды пайдалану арқылы дұрыс дыбыстау

Фонетикалық естуді қалыптастыру (дыбыстарды тыңдау, оларды анықтау және айту).

Оқытушының тілі мен ернінің қимылын бақылау.

Оқытушыдан кейін екпіндерді, ырғақты және интонацияларды хормен және өз бетімен қайталау.

Дыбыстау

Педагогтың және өз құрбы-құрдастарының сөзін түсінуге үйрету және аудиожазбалардан естіген сөздерді көру және қозғалыс көрнекіліктері, сонымен қатар паралингвистикалық амалдар арқылы арқылы түсіну (ым-ишара, бет әлпеті, интонация, эмоциналдық қолдау).

Айтылу

Монологты сөйлеу:

Берілген тақырыпқа байланысты жай сөз тіркестері мен сөйлемдерді қолдана отырып, әңгімелеп беру (3-4 сөйлем).

Адамның  дене мүшелерін атау.

Дене мүшелерді  сипаттау және олардың қандай әрекет жасайтындығын айту.

Ағылшын тілінде қимылды ойындар өткізу.

Диалогты сөйлеу:

Тақырып бойынша құрбы-құрдастарымен диалогты қарым-қатынас орнату ( 2-3 сөйлем).

Амандасу және сәлемдесуге жауап  қайтару.

Дене мүшелер атау

Диалогқа қатысып, әңгімелесушінің сұрақтарына жауап қайтарып, жеңіл түрде сұрақ қоя білу.

Сөйлеудің лексикалық жағы

Бір мезгілде 4-5 сөзден артық сөз енгізбеу.

Енгізілген сөздердің арасында бір- бірімен тығыз байланыста болатын бірнеше жұп сөздер болуы қажет.

Балаларға еш уақытта сөздерді «жаттап ал» деген тапсырма берілмейді. Жаңа сөз жаттығулардың көмегімен баланың есінде біртіндеп сақталуы керек.

Грамматика

Жай хабарлы сөйлем құруды үйрету.

Жалпы сұрақтар қою.

Сұрақтарға қысқа жауап қайтару.

Зат есімдерді көпше түрде қолдану.

Жұмыс түрлері мен формалары:

Негізгі тәсілдер:

— иммитация;

— визуалды, музыкалық, пластикалық бейне құру. Зерттеу әдісі ретінде сабақта вербалды емес оқыту амалын басым қолдану (суреттер, бейнелер, музыка және би).

— үйрету ойындарын қолдану;

— жетістік әдісі шамалағандай, балалардың өзін- өзі бағалау.

                                                                                Сабақ жоспары

 

Пәні:Шет тілі
Тобы:МАД
Уақыты:
Оқу -іс  әрекетінің тақырыбы:Parts of the  body
Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

А) коммуникативтік

Ә) ақпараттық

Б)проблемалық

 

 

a) ұйымдастырылған оқу іс әрекет  барысында балаларға жаңа сөздерді дыбыстардың  қолданылуын менгерту;

ә) ақпарат көздері арқылы  дене мүшелердің ағылшынша атауларын тыңдай   отырып, қайталауға дағдыландыру және де оны сөйлеу барысында іске асыру;

б) дыбыстарды  қайталау арқылы арқылы  дыбыстарды дұрыс дыбыстау дағдысын калыптастыру;

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:Балалардың  іс-әрекеттік белсендіру және күшейту негізіндегі педагогикалық технологиялар:

 

Сабақтың әдісі:Таным белсенділігі деңгейіне қарай топтастырылған әдістер:

Түсіндіру, сұрақ — жауап

 

Пәнаралық байланыс:Қазақ тілі.
Оқыту құралдары:

 

 

   Оқу іс әрекетінің  барысы:      Мұғалімнің іс-әрекеті      Балалардың  іс -әрекеті          Күтілетін нәтиже
І.Greeting

   Warm up.

 

Good morning, good morning

Slide  1

 

 

 

Hello, hello

How are you today?

Slide 2

 

Hello, hello

How are you today?

First, let’s remember some English sounds and pronounce some words

Slide 3

Now my  dears, look at  me.

— What is it?

— Yes, you  are  right

It is not  only  paper, it is  magic paper.

Take a paper  and paint it,  please.

What can  you see?

 

 

 

 

 

Good morning, good morning

Good morning, good morning

Good  morning to you

We are  glad to see.

I` m happy

I` m happy

 

We are O`K.

We are O`K.

 

 

 

 

 

 

 

It is a  paper

 

 

 

 

 

It is a  head

It is a  nose

It is a mouth

It is a ears

 

Коммуникативтік құзыреттілік: диалог форматы мен мақсатына сәйкес сұрақтар қояды және жауап береді.

 

 

 

Ақпараттық құзыреттілік: ұсынылған ақпараттан қойылған міндеттерді шешуге қажетін бөліп алады.

 

 

 

Проблеманы шешу құзыреттілігі: алған мәліметтер бойынша, шығармашылық қабілеттерін көрсете білу.

 

II.

 

 

Let`s continue our  lesson. Today we will continue the theme   «Parts of the body«

Look  at the board and  listen  please

Slide 4

Draw  a  picture

 

 

 Коммуникативтік құзыреттілік: сөйлеу дағдысы артады.

Проблеманы шешу құзыреттілігі: алған білімдерін  орындауда қолдану.

 

Ақпараттық құзыреттілік: алған білімді бекіте сурет салу арқылы бекітеді

 

Practice

 

 

 

 

 

 

 

Reflection

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Conclusion.

Answer  my  question.

What  can we do  with our  eyes?

What  can we  do  with our  nose?

What can  we do  with our  legs?

What can  we  do  we with our  mouth?

Slide 5

let`s  play a game.

‘Touch me’

 

Let`s  sing a song

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Your work is very good today!
And all of you get good marks.
The lesson is over, Good bye!

 

 

We can  see

We can  smell

We can  jump

We can  talk

Коммуникативтік құзыреттілік: балалар өз ойларын айта отырып түсіндіреді немесе топтың өзге де мүшелерінің идеяларын өз қарым-қатынастарын дәйектейді.

 

Ақпараттық құзыреттілік: ұсынылған ақпараттан қойылған міндеттерді шешуге қажетін бөліп алады.

 

Проблеманы шешу құзыреттілігі: жоспарланған және алынған өнімнің сипаттамаларын салыстырады және өнім сапасына сәйкес қорытынды жасайды;

 

 

 

 

 

Күтілетін нәтижелер:

Оқу іс әрекетінің  соңында  балаларда бастапқы және коммуникативтік құзыреттілік қалыптасуы керек. Балалар ауызша түрде ағылшын тілін қолдануды үйренеді және ауызша естіген сөздерді түсінеді, сонымен қатар өз ойын ағылшынша жеткізе біледі.

Оқу іс әрекетінің соңында  қалыптастырылатын коммуникативтік біліктер:

«Сөйлеу» саласында (монологты және диалогты сөйлеуде)

Нені біледі:

— Дене  мүшелердің атауларын;

           — сөз бірліктері (тіркестері) қалай құрастырылатынын;

— ағылшын  тіліндегі тақпақтарды, өлеңдерді, ертегілерді, ойындарды.

Нені үйренеді:

— жалпы сөйлеу ағымынан ағылшын тілінде сөйлеуді бөліп алуды;

— ағылшын тілін үйрену барысында болатын психологиялық кедергілерді жеңуді;

— ағылшын тілінде сәлемдесуді және қоштасуды;

— кейбір ағылшын тіліне тән дыбыстарды атауды.

Нені білу керек:

—  дене мүшелердің ағылшынша атауларын білу, қолдана білу ;

— белгілі лексикалық сөз қорын меңгеруі;

— басқа тілді тыңдай білуі.

Дыбыстау саласында:

Білу:

дыбыстар калай дауысталатынын;

ағылшын тілінде естіп қабылдауды.

Істей білу:

тыңдап, дұрыс дыбыстауды;

тыңдап, қимылмен жауап қайтару (қол соғу, қолды, суретті және затты көтеру, эмоционалды жауап қайтару).

Тыңдай тұрып, суретін салу.

оқытушының сөйлегенін түсіну.

Білу керек:

ағылшын тілінің дыбыстары туралы жалпы түсініктің болуы;

мектепке барғанда балада  ағылшын тілін одан ары үйренуге қызығушылықтың және бастауыш сыныптарда үйретілетін ағылшын тілі бағдарламаларын меңгеруді жеңілдететін белгілі білімі көлемінің болуы