З дыбысы және әрпімен таныстыру
68.Сабақтың тақырыбы: З дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты: 1. З дыбысы және әрпімен таныстыру. Ұяң дауыссыз дыбыс екенін аңғарту. 2. Көркем етіп жазуға үйрету. 3. Буындап немесе тұтас оқу машығын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп ,кеспе буын, суреттер.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру: Түгендеу. Сабаққа зейінін аудару.
ІІ. Білімді тексеру. 1)И дыбысы қандай дыбыс? 2) Сөздің қай жерінде, қай дыбыстан кейін жазылады?
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ: а) Зығыр, зырылдауық сөзіне буындық, дыбыстық талдау жасау.ә) « З» дыбысын бөліп алып, хормен дыбыстату. б) З-ның әріп таңбасымен таныстыру.Баспа түрі-З з Жазба түрі-Ззв) Хормен баған түрінде жазылған сөздерді оқыту.таза зығыр жалбыз қобыз тазы қызыл қарбыз, тоғыз қозы, қымыз ,жұлдыз,сызғыш.г) Баған түрінде берілген сөздерде з дыбысы сөздің қай жерінде естіліп тұрғанын анықтау
Ү. Жаңа білімді бекіту. 1. Мәтінді тізбектей оқыту. 2.Сұрақ-жауап әдісімен мазмұнына түсінік беру. 3.Әңгімелету.Сергіту сәті:4.Дәптермен жұмыс: Зз әрпін жазып үйрену.5.Тақтамен жұмыс:
Ауа таза. Еркін мұз айдынына барды. Ол сырғанақ тепті.. З дыбысының сөздің қай жерінде жазылатынын айтқызу.
ҮІ. Сабақты қортындылау: Бүгін қандай әріппен таныстық.?