З дыбысы мен әрпі
- Сабақтың тақырыбы: З дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты: 1. З әрпін сөз ішінде дұрыс оқуға, сөзді , сөйлемді дұрыс жазуға баулу. Ұяң дауыссыз дыбыс екенін аңғарту. 2. Салауаттылыққа баулу. 3 Алған білім-білік дағыдысын шыңдай түсу.
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, суреттер.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру: Түгендеу. Сабаққа зейінін аудару.
ІІ. Білімді тексеру:1) З дыбысы қандай дыбыс? 2) Сөздің қай жерінде жазылады?
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ.Өткен сабақты пысықтау З әрпіне байланысты берілген сөздерді, мәтінді оқыту.
Ү. Білімді тексеру. 1. Зығыр қайда өседі? 2.Зығырдан не алынады? 3. Әңгімелету.
ҮІ. Жаңа сабақ:1. «Мұз айдыны» мәтінін оқыту. 2. Сұраққа жауап алу
ҮІІ. Жаңа білімді тексеру.Алматы маңында қандай мұз айдыны бар? Ол қай таудың баурайында орналасқан? Зада мен Зере қайда барды?Сергіту сәті. 4.Дәптермен жұмыс: Зз әрпін жазып үйрену. Буын диктантын жазғызу.-зы,- қар,- ғыр,-жал,-жұл,- быз, -дыз,- уық,- рыл,- ғыш, -са,- сыз,- ғыз.
ҮІІІ. Сабақты қортындылау: -Біз қандай дыбыстың әріп таңбасымен таныстық? -З қандай дыбыс?-З сөздің қай буындарында жазылады?