Ағылшын тілі пәні бойынша орта мерзімді жоспар 9 сынып
Ағылшын тілі пәні бойынша орта мерзімді жоспар 9 сынып
№ | Сабақ тақырыбы | Мақсаты | Міндеттері | Оқытуда қолданатын модуль | Стратегиялық іс-әрекет | Ресурстар | Күтілетін нәтиже |
1 | A part time job. Толық емес жұмыс күні 24.04.2013 | Сын тұрғысынан ойлай отырып, оқушыларды ағылшын тілінде мамандық туралы сөздік қорларын молайту.
| • жаңа сөздермен танысу және оларды сөйлем ішінде қолдана білуге үйрету; • оқушылардың уақытын тиімді пайдалануын дағдыландыру; • оқушы бойында өз бетімен білім алу, өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру. | «АКТ» «Сыни тұрғыдан ойлау» Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. «ОүБ және ОБ» Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу, Оқытудағы басқару және көшбасшылық
| Миға шабуыл Құпия зат стратегиясы Жеке, жұптық, топтық жұмыстар Глоссарий INSERT рефлексиясы ЖАДЫНЫ дамытуға арналған топқа бөлу әдісі (адасқан әріптер) Сыни ойлау стратегиялары Ойлан, бірік, бөліс стратегиясы | Интерактивті тақта, аудио материалдар, флипчарт, маркер, түрлі түсті бояу, смайликтер. Оқулық: Аяпова Т.М. Ағылшын тілі, 9 сынып, Алматы, «Мектеп» баспасы 2009. | • Мамандыққа байланысты жаңа сөздерді үйренеді. • Сыни ойлау арқылы психологиялық сенім қалыптасады. • Оқушылар іс-әрекеттер барысында бірін-бірі және өзін-өзі бағалау арқылы ізденімпаздыққа, жауапкершілікке қалыптасады. |
2 | Jobs of the future. (Болашақтағы жұмыс) 02.05.2013
| Тақырыпқа қатысты мәтінді оқыта отырып, оқушылардың оқылым, айтылым әрекеттерін қалыптастыру. | • мәтіндегі жаңа сөздерге сипаттама беру; • алған білімін тұлғалар мен дерексіз заттар сипаттау кезінде қолдануға үйрету; • әділ бағалауға тәрбиелеу. | «АКТ» «Сыни тұрғыдан ойлау» «Бағалау» Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. «Талантты және дарынды балаларды оқыту» Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу, Оқытудағы басқару және көшбасшылық | Шеңбер стратегиясы. «Миға шабуыл», «Венн диаграммасы» «Ой шақыру» «Жұптық әңгіме» «Ойлану» «Оқыта отырып үйрету ойындары» Жеке, жұптық, топтық жұмыстар
| Интерактивті тақта, плакаттар, аудио видео материалдар, маркерлер, стикерлер, таратпа қағаздар, «домино» ойыны. Оқулық. | • Оқушылар ағылшын тілінде өз мамандықтары туралы айтуға үйренеді. • Мамандық жайлы білімін тиімді қолдануға үйренеді. • Шығармашылық қабілеттері іс-әрекетте көрінеді. • Топтық бағалау мен топішілік бағалауды үйренеді. |
3 | Some new jobs. Жұмыс түрлері 15.05.2013 | Жұмыс түрлері туралы ағылшын тілінде мағлұмат беру. Оқушылардың ағылшын тілінде тыңдап түсіну мен әңгімелесу іскерліктерін дамыту. | • қазіргі замандағы жұмыс түрлерімен таныстыру; • тақырып негізінде көзқарасын дамыту; • қазіргі замандағы жұмыс түрлерімен таныстыстыра отырып, оның маңызын тани білуге жетелеу. | «АКТ» «Сыни тұрғыдан ойлау» «Бағалау» «Талантты және дарынды балаларды оқыту» Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу, Оқытудағы басқару және көшбасшылық | «Миға шабуыл» «Джигсо» әдісі «Серпілген сауал» стратегиясы «Блоб ағашы» «Екі жұлдыз бір тілек» Жеке, жұптық, топтық жұмыстар, «Ойлан,жұптас, талқыла» СТО-ның Сәйкестендіру стратегиясы | Интерактивті тақта, аудио видео материалдар, флипчарт, маркер, түрлі түсті бояу, «Блоб» ағашы бейнеленген парақтар, плакат. | Жұмыс түрлері туралы мағлұматтарды игереді, ағылшын тілінде өз ойларын еркін айтады, өз ойларын дәлелдей алады. Салыстырып, сипаттай алады. |
4 | My ideas of future jobs. Менің ойымдағы жұмыс 16.05.2013 | Оқушыларға тақырыпқа байланысты мағлұмат бере отырып, олардың болашаққа деген көзқарасын қалыптастыру. Алған білімін өмірде қолдануына ықпал ету. | • Болашақтағы жұмыс жайлы мағлұмат беру; • Шығармашылық қабілеттерін дамыту; • Сыни тұрғыдан ойлай отырып, алған білімін өмірде қолдануына жетелеу. | «АКТ» «Сыни тұрғыдан ойлау» «Бағалау» «Талантты және дарынды балаларды оқыту» Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу, Оқытудағы басқару және көшбасшылық | «Ой шақыру» «Глоссарий» Жұптық жұмыс (Рөлдік ойын), Жеке, топтық жұмыстар. Рефлексия 10 сұрақ стратегиясы.
| Интерактивті тақта, маркер, плакаттар, видео аудио материалдар, таратпа қағаздар. Оқулық | Өз бетімен ойлау, сөйлеу дағдысы дамиды. Өзара сұхбаттаса алады. Топтық жұмысқа үйренеді. Сыни ойлай біледі. Сабақ барысында алған мағлұматты, өмірде пайдалануға дайын болады. |