Коучинг тақырыбы: Басқару және көшбасшылық

 

Коучинг жоспары

АптаКүні    21.09.2013
Коучинг тақырыбы:Басқару және көшбасшылық
Сілтеме:Нұсқаулық,суреттер, ғаламтор материалдары.
Мақсаты:Басқару және көшбасшылық туралы көзқарастарын қалыптастыра отырып, практикалық тапсырмалар арқылы түсініктерін кеңейту.
Оқыту нәтижесі:Топтаса жұмыс атқара отырып,басқару және көшбасшылық туралы түсінік қалыптасады, көшбасшы түрлерінің ерекшеліктерін айқындай отырып, қажетті жағдайда тиімді пайдалануға үйренеді.
Негізгі идеялар:Әр адам өз бойындағы көшбасшылық қабілетін жетілдіреді.

Кәсіби білім, біліктері өседі.

Тренинг өткізу«Сөйлем құрау»2 минут
Топқа бөлу Түрлі түсті кәмпиттер арқылы топқа бөлінеді.2 минут
Тапсырмалардың түрлері:Тапсырманы орындау барысында қолданылатын тәсілдер.( постер жасау, пікірлесу, ой бөлісу)Уақыт
Кіріспе  тапсырмаТақтада төменде аталған ұлы адамдардың суреттері көрсетіледі

1. Қазақ билері: Әйтеке би, Төле би, Қазыбек би

2. Ел басшылары: Н.Ә.Назарбаев, Д.А.Қонаев, В.В.Путин

3.Педагогтар: А.Байтұрсынов, Ы.Алтынсарин, А.С.Макаренко

Осы тұлғалардың барлығына ортақ қандай қасиет бар деп ойлайсыздар? (Әр топ өз ойын ортаға салады  )

 5 минут
БағалауТоптар бір-бірін қол белгісі арқылы бағалайды.2 минут
№ 1 тапсырма  « Көшбасшы» ұғымын постер жасап қорғау.5 минут
БағалауТүрлі түсті стикерлер арқылы  бағалау:

қызыл -«жақсы»,

жасыл -«орта»,

сары-«төмен» (топтар бір-бірін бағалайды)

Тренинг-сергітуКірпі (қара жорға)2 минут
№ 2 тапсырмаРөлдік ойын. Әр топ өзіне берілген тапсырмадағы көшбасшыны рөлін сомдау керек. Тақтада 3 түрлі көшбасшылық бейнеленген текст беріледі. (Өктемшіл көшбасшылық. Сыйласымдық (демократияшыл) көшбасшылық. Делигирияшыл көшбасшылық.)  10 минут
 

бағалау

 

Дескриптор арқылы бағалау. (Әр топтан бір адамнан шығарып топ жасау. Олар бағалау критерийін жасайды.)3 минут
Қорытынды рефлексияБүгінгі коучинг саған ұнады ма? (рефлексиялық парақ толтыру)3 минут