Г дыбысы мен әрпі
74.Сабақтың тақырыбы: Г дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты: 1 Г әріпін дұрыс оқуға, дыбыстауға жаттықтыру. 2.Зерек етіп тәрбиелеу. 3.Білімін кеңейту, сөздік қорын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер .
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.
Сабақтың мазмұны:
І .Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.
ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.93 бетті оқыту. Г қандай дыбыс? -Сөздің қай жерінде жазылады? «Ақ көгершін» жатқа айту.
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау
ІҮ. Жаңа сабақ.а) Баған түрінде берілген сөздерді хормен оқыту. ә) «Ақан сері» мәтіні неше сөйлемнен құралғанын, мазмұнын түсіндіруб) Сөз соңында к әрпінің г-ге айналып кету жағдайы.
терек-терегі ілгек-ілгегі жәшік— жәшігі
білек-білегі етек-етегі шелек-шелегі
Сергіту сәтін өткізу.
Ү. Жаңа білімді тексеру.1. Г әрпіне сөз ойлау. 2 Ақан сері кім? 3 Құлагер кімнің тұлпары?4 Ақанның бүркітінің аты не? 5 Ақан не туралы ән шығарды?
ҮІ. Жаңа білімді пысықтау. Дәптермен жұмыс: Г г әрпіне қатысты сөздерді жазып үйрену.
Сөздік диктант: Егін, егіз, семіз, сағыз. тамыз, шеге, неге, гүл, жүгері, бәйге.
ҮІІ. Сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта қай дыбыс және әріппен таныстық?
ҮІІІ. Үйге тапсырма.Бағалау