Can you play the guitar?

«Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі:                             Медеуова А.С.

 

Пән мұғаліміПәніСабақтың тақырыбыСыныбыКүні
Нурмуратова А.М.Ағылшын тіліCan you play the guitar?5 «а»
СілтемеАғылшын тілі оқулығы, Аяпова Т.Атамұра баспасы, 2010ж.
Жалпы мақсатыОқушыларға «can», “can’t” модальді етістігін түсіндіру және қабілеттілік жөнінде, кім, қандай аспапта ойнай алатынын сұрауды үйрету
Күтілетін нәтижеОқушылар «can», “can’t” модальді етістіктерін пайдалана отырып, қабілеттілік жөнінде, кім, қандай аспапта ойнай алатынын сұрай алатын болады
РесурстарБағдаршам, смайликтер, суреттер
Тапсырмалар
  • Сұраққа жауап беру, мысал келтіру
  • Жұптық жұмыстар: ауызша орындау, бір-бірімен әңгімелеседі
  • Жеке жұмыс: сұхбат жүргізу
Кейінгі оқу14-жаттығу, жаңа сөздер

Мұғалімнің жазбасы

Сабақ кезеңдеріМұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс-әрекеті
Кіріспе

(4минут)

  • Сәлемдесу, көңіл күйлерін сұрау
  • Түгендеу
  • Топқа бөлу, бағалау парақшаларын тарату
  • Қызығушылығын ояту

My box of colours red and brown

My box of colours green and yellow

My box of colours violet and blue

My box of colours pink and orange

  • Сәлемдеседі, көңіл күйлерін смайликтер арқылы көрсетеді
  • Кезекші жауап береді
  • Музыкалық инструменттердің суреті арқылы топтарға бөлінеді

 

  • Тыңдап, айтады
Тұсаукесер

(8минут)

Мұғалім жаңа тақырыпты түсіндіреді

  • New words
  • Modal verb “can”, “can’t”
  • Identifying who can play and what instrument he can play
  • Жаңа тақырып түсінікті ме?

Сары және жасыл түсті көтергендерге сұрақ қойып, түсінбегендерін түсіндіру

 

 

Тыңдайды, қайталайды, сөздік дәптерге жазып алады

Тыңдайды, мысал келтіреді, сұраққа жауап береді

Бас бармақ арқылы өзін-өзі бағалайды

Жоғары көтеріңкі-толық түсіндім

Бас бармақ ортада-әлі де түсініксіз жерлер бар

Төмен түсірілген-түсінбедім

Негізгі бөлім

(15минут)

Жұптық жұмыстар (ауызша)

Ex.2. Мұғалім оқиды

Ex.5.

 

 

Ex.7.

 

 

Ex.10

 

Әр жаттығу орындалғанда оқушыларды формативті бағалап отырады

 

Тыңдап, рольге бөлініп оқиды

Бір-бірімен әңгімелеседі

—          Can you play the … ?

—          Yes, I can. / No, I can’t

Бір-біріне сұрақ қояды

—          What instrument can you play?

—          I can play the … .

Суреттерге қарап, жұпта “can you…?” деп бастап, сұрақ қойып, әңгімелеседі

Сергіту сәті

(3минут)

“Cleanboard” ойыны. Есте сақтау қабілетіне арналған ойын

Интерактивті тақтада екі колоннада жаңа сөздер жазылған, мұғалім курсормен әрбір сөзді көрсетіп тұрады

Оқушылар бір рет оқиды, екінші рет оқығанда бір сөз жоғалады, жоғалған сөзді де оқи береді, үшінші оқығанда үшінші сөз жоғалады, тақтада барлық сөз жоғалып кеткенше оқушылар оқи береді, соңында тақтада ешқандай сөз қалмайды, оқушылар жоғалған сөздерді жатқа айтады
Қорытынды бөлім

(10минут)

Жеке жұмыс (жазбаша)

Ex.12. Talk to other friends and find out how many students can …

Ex.13.

Сыныптағы барлық оқушымен сұхбат жүргізеді де дәптерге жазып алады. Дайын болған оқушы бағдаршамның жасыл түсін көтереді

Мұғалімге сыныпта қанша оқушының қандай қабілеттері бар екендігі жайлы айтып береді

Бағалау

(2минут)

Өзін-өзі бағалауБағалау парақшаларын толтырып, мұғалімге өткізеді
Рефлексия

(2минут)

Кері байланыс“Hepl me” дәптеріне пікірлерін жазып кетеді
Үй жұмысы

(1минут)

14-жаттығу, жаңа сөздерЖазбаша орындау, жаттау