Ю дыбысы мен әрпі.
- Сабақтың тақырыбы: Ю дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты: 1 Ю әрпін сөз ішінде дұрыс оқуға,және дұрыс дыбыстауға үйрету. 2. Ұқыптылыққа баулу. 3. Оқу жылдамдығын арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: Араға таланған аю
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 9, 8 сөздерді оқыту.
«Жақсы көрем» өлеңін жатқа сұрау. Жеке оқушымен жұмыс: 1. Суреттегі заттың атын жаз. 2. Буынға бөл 3. Дыбыстық талдау жаса. 4. Сөйлем құра.
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Өткен сабақтан алған білімін пысықтау.1.Ю дыбысы қандай дыбыс? 2. Ю әрпі сөздің қай жерінде жазылады?
Ү. Жаңа білімді бекіту. а) «Жарыс « мәтінінің мазмұнын түсіндіру. ә) Кісі аттары, жер –су аттары бас әріппен жазылатыны туралы мағлұмат беру ( мысал келтірту) б) Балаларға дауыстап оқыту.в) Сұраққа-жауап. -Қасқыр аңдарға не деді? -Аю ненің ұясын бұзып кетті? -Аралар не істеді? -Аю қалай жүгірді? -Ол неліктен тез жүгірді? -Мәреге не бірінші болып жетті?
г) Диктант жазғызу: жарыс, мәре, аю, ара.ою, қою,тою, сою, түю,кию,үю.Ү ү М м Г г
Я я Т т К к Ю ю Дәптермен жұмыс: аю, ою, қою үю қию жию ю Ю Тақтамен жұмыс: Аңдар жарыса жөнелді. Менің әжем сырмақ сырды. Аралар аюды талай бастады. Аю тез жүгірді. Құлагер бәйгеден озып келді.
ҮІ .Сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта не істедік?