Сабақтың тақырыбы: Food and drink
Сабақтың тақырыбы: | Food and drink | |||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: | Оқушыларға саналатын және саналмайтын зат есімдер туралы мәлімет беру; тағамдар мен сусындардың оқылуын, жазылуын, айтылуын меңгерту; өз ойларын айтуға үйрету. | |||||||||||||||||||
Оқыту нәтижесі | Оқушылар тағамдар мен сусындарды ағылшын тілінде айта алады, жаза алады, оқи алады; саналатын және саналмайтын зат есімдерді ажырата алады, оларға мысалдар келтіре отырып, сөйлемдер құрастыра алады, ағылшын тілінде өз ойын жеткізе алады. | |||||||||||||||||||
Түйінді идея | Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі | |||||||||||||||||||
Уақыты | Мұғалімнің іс әрекеті | Оқушының іс әрекеті | Ресурстар | |||||||||||||||||
4 мин.
| Сабақты көңіл-күй тренингімен бастау. Оқушыларға 3 көңіл-күйді білдіретін смайликтер беріледі. -Бүгінгі сабағымызды қандай көңіл-күймен бастаймыз? | Оқушылар көңілді, өте жақсы көңіл-күймен деп жауап береді. | смайликтер | |||||||||||||||||
«Домино» әдісі арқылы топқа бөлу. Оқушыларға бір жағына сөздер жазылған, екінші жағына суреттері салынған доминолар таратылады. | Оқушылар қолдарындағы доминоларды біріктіру арқылы fruits, vegetables, drinks деген үш топқа бөлінеді. | Домино етіп жасалған үлестірмелі қағаздар. | ||||||||||||||||||
3 мин. | Бейнекөрініс арқылы жаңа сөздермен таныстыру | Оқушылар көкөністердің, сусындардың, жемістердің оқылуын жазылуын еске түсіріп, сөздік дәптерлеріне жазып алады. | бейнекөрініс | |||||||||||||||||
11мин.
| «Қар үйіндісі» әдісі арқылы грамматиканы меңгерту. Грамматика саналатын және саналмайтын зат есімдер туралы. | Әр топқа саналатын және саналмайтын зат есімдерге байланысты 2 сөзден беріледі. Оқушылар бұл тапсырма арқылы грамматикалық ережені шығарады. Сосын сол сөздерге жеке-жеке сөйлемдер құрастырады. Сосын топпен постерге түсіріп қорғайды. | Look at the sentences. Why is there no -s on sugar? Why is there an -s on apples? Can we count apples? Can we count sugar? | |||||||||||||||||
5 мин.
| «Тұжырымдамалық кесте» әдісі. Тағамдарға байланысты тұжырымдамалық кесте беріледі. | Оқушылар кестені толтырады.
-отшашу арқылы ынталандырамын |
| |||||||||||||||||
«Ротация » әдісімен грамматиканы қорытындылайды. | Оқушылар басқа топтардың жазған кестелерін тексеріп, қателерін түзейді. — Басбармақпен ынталандырамын. | Постер, маркер
| ||||||||||||||||||
4 мин. | Сергіту сәті. Караокемен ән салу. | Оқушылар караокемен ән салады. | бейнетаспа | |||||||||||||||||
«шырындар» әдісіТопқа бөлу. | Оқушылар қолдарындағы суреттерге қарап, coffee, tea, juice деген 3 топқа бөлінеді. | Суреттер. | ||||||||||||||||||
5 мин. | «түртіп алу» әдісі бойынша мәтінді меңгеру. | Оқушылар мәтінді жеке оқи отырып, білетін сөздерін – ұ белгісімен, жаңа сөздерді — + белгісімен, тереңірек білгісі келетін сөздерді -? белгісімен белгілейді.Дәптерлеріне жазып алады. Жұптаса отырып талқылайды. | Кеспе қағаздар | |||||||||||||||||
10 мин. | «Галлереяға саяхат» әдісі | І топ: жалпы тағамдарға байланысты ассоциация немесе кластер жасау; ІІ топ: Саналатын және саналмайтын зат есімдерге Венн диаграммасын құру ІІІ топ: Жалпы тағамдарға байланысты сөйлемдер құрастыру | Постер, маркер | |||||||||||||||||
3 мин | Тақтаға алма ағашының макеті ілінеді. Оқушыларға қызыл алма жасыл алма, сары алмалар таратылады. Қызыл алма сабақты түсінгенін, жасыл алма орташа меңгергенін, сары алма түсінбегенін білдіреді. | Оқушылар алма ағашына алмаларды жабыстырады. | Алма ағашының макеті, қызыл, жасыл, сары алмалар. | |||||||||||||||||
Қосымша материал | Эссе жазу. | |||||||||||||||||||