Э дыбысы мен әрпі.
- Сабақтың тақырыбы: Э дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты: 1 Э дыбысы мен әрпін таныту.2.Электр құралдарын дұрыс пайдаланудың қауіпсіздік техникасын айту, түсіндіру, сақтау 3.Дұрыс оқу машығын қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау.-Ё дыбысы қандай дыбыс ? Жеке оқушымен жұмыс: жеке-жеке оқыту.-Ё қандай екі дыбыстан тұрады. «Шахтер» өлеңін мәнерлеп оқыту.
ІІІ .Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау
ІҮ. Жаңа сабақ:а) Сурет бойынша жұмыс.ә) Экран,экскаватор, элеватор сөзіне буындық талдау жасату.б) Э дыбысы қандай дыбыс екенін анықтау. в) Ё әрпімен таныстыру. г) Жұмбақ шешу:
Темір жол тірек,
Дүрсілдеп жүрегі
Аспанға керіліп
Сымды ұстап жүреді. (электровоз.) д) «Хат тасушы» өлеңін оқи отырып, түсіндіру.
Ү. Жаңа білімді бекіту.— Э қандай дыбыс? -Сөздің қай жерінде жазылады? «Электр» өлең оқып беру.«Экскаватор» мәтінін оқу.
Тақтамен жұмыс: Электр, экипаж, элеватор, аэроплан, экскаватор, экспресс электор, Дәптермен жұмыс: Ээ әрпін жазып үйрену.
ҮІ. Сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта қандай дыбыс және әріппен таныстық?