Сабақтың тақырыбы: Елбасы− ел тірегі The leader of nation

Сабақтың тақырыбы: Елбасы− ел тірегі

The theme of the lesson: The leader of nation

Сабақтың мақсаты :

The aim of the lesson:

Білімділік:

  • Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін әлемге әйгілі еткен, осы тәуелсіздікті орнықтыруда өлшеусіз еңбек сіңірген Елбасының жетістіктерімен таныстыру, білімдерін нығайту.

Educational:

  • Enrich students’ general vocabulary.

Дамытушылық:

  • оқушылардың іздену жұмыстары арқылы ойлау қабілетін дамыту, тарихи даталармен жұмыс жасау арқылы тіл байлығын дамытуға ықпал жасау.
  • Оқушылардың эксперимент алаңында (ағылшын тілін ерте жастан оқыту) алған білімдерін қоғамда қолдана білу дағдыларын дамыту.

Developing:

  • To develop attention, imagination, reading, speaking and pronunciation habit.

Тәрбиелік:

  • Елбасының азаматтық және президенттік ерік –жігері,оның өмірбаяны, еңбек жолын үлгі тұтып, елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.

Upbringing:

  • To enlarge country studying knowledge and educate the feeling of love towards our motherland.

Көрнекілігі: Елбасы суреттері, деректі фильм, слайд, үн таспа, интернет, интерактивтік тақта, т.б.

Resources used: an interactive blackboard, photos, flags, films about president.

The method of the lesson: dialogue, individual work, work on pairs and group work.

Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ

The type of the lesson: integrated lesson.

Сабақтың байланысы: тарих және ағылшын тілі

Subjects’ connection: history-English

Сабақтың барысы:

The Procedure of the lesson:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу, ғаламторда отырған екі оқушымен амандасу,  жаңа сабаққа ынталандыру

      Warm up

Greeting, to speak with students which sitting on internet.  Motivation students               to the lesson.

  1. Қызығушылығын ояту

     І.   Evocation

Мұғалім:        

  • Тәуелсіздік пен Елбасы .Бұл екі ұғымның арасында ажырамас бірлік пен айырылмас дәнекер бар. Ежелден еркіндік аңсаған, Ұлы Даланың азат ойлы, ерікті мұратты перзенттері Тәуелсіздіктен артық қасиетті де, қастерлі ешнәрсе жоқ деп есептеген және сол үшін күрескен. Қазақ халқы өз тәуелсіздігін жариялап, ерікті елге айналды. Елбасымыз ел тізгінін ұстады. Өзінің біртұтас халқы, нақты шекарасы, ұлттық валютасы, ел қорғар әскері бар, өзге өркениеттер мен мемлекеттер толық мойындаған жаңа тұрпатты Қазақстанды орнықтырудағы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының ерен еңбегін құрметпен айтқан парыз.

 

 The teacher: Dear students, as you know, our school- lyceum has got the experimental classes: English young learners. That’s why today’s lesson is dedicated to the integrated one. I want you to talk about our leader of nation, President of our country in English. And I think that you can use the new information in your live which you’ll take here.

Елбасы туралы деректі фильм

The short film about president

 

     ІІ. Мағынаны тану(тақырыпты ашу)

  1. Realization of meaning.

 

Оқушыларды суреттердің қиындылары арқылы екі топқа бөлу.

Елбасының  – ел тірегі екендігін дәлелдейтін деректер келтірейік.

You should write the dates of the years on the placates which help you to understand the meaning of this phrase “The leader of nation”

1.1991ж. 29 тамызда  « Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы»жарлығы шықты. Қазақ жерінде 40 жылдан астам уақыт бойы сынақ жүргізілген ядролық қаруға нүкте қойылды. .Елбасының осы тарихи шешімі,батыл қадамы бүгінде дүние жүзіне мәлім тарихи фактіге және біздің ұлттық мақтанышымыздың мәніне айналды.Елбасының ұсынысымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы 29тамызды Халықаралық ядролық қару жараққа қарсы күрес деп жариялады

 

Sovereign Kazakhstan.

 

2.1992ж.Алматы қаласында Дүние жүзі қазақтарының І құрылтайы өтті

 

  1. The state symbols of the Republic of Kazakhstan.

3.1993ж. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев « Болашақ» бағдарламасын тағайындайды.Осы жылы « Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелге жастарды оқыту басталды

 

  1. Tenge- a symbols of the Republic of Kazakhstan.

 

  1. 1995ж. наурызда Президент жарлығымен Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылады

 

  1. the constitution of the republic of Kazakhstan is a guaranty of civil and ethnic peace in the country.

 

  1. Non- nuclear policy of the Republic of Kazakhstan

 

  1. 1997. recovered names.

 

1997ж.қазан айында Президент Н.Ә.Назарбаевтың « Қазақстан — 2030» стратегилық жолдауы жарияланды.Жолдауда болашаққа болжам , қазіргі жағдайға талдау жасалып,ішкі,сыртқы саясаттың ерекшеліктері айтылды

 

6.1999ж.10 қаңтарда  —  «Нұр Отан » Республикалық саяси партиясы құрылды,Төраға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

 

  1. 2002ж — « Байтерек » монументі пайда болды.Елбасының жасаған сызба –нұсқаның жобасы негізінде тұрғызылды.Халықаралық байқауда ТМД елдеріндегі 2002 жылдың ең үздік нысаны   ретінде  алтын медальға лайық деп танылды.Оның биіктігі 97метр

 

  1. 2003- Toleration and tolerance- the basis of religious and ethnic harmony in Kazakhstan.

 

  1. 2007- Kazakhstan- a bridge between Europe and Asia

 

  1. 2008- “Kazakh eli” – symbol of independence and creation.

 

Ғаламтормен байланыс

Listen the students which are in the internet

 

  1. 2010 жылы Қазақстан Республикасы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етті. 20 қазанда Астанада ЕҚЫҰ−ның жоғары деңгейдегі саммит өтті. 56 елді бір келісімге келтірген Астана декларациясы қабылданды.

2011 жылы Қазақстан Республикасының  жиырма жылдығы аталып өтілді, осы жылы қысқы Азия ойындарының жарыстары өтті. Сәуірде Қазақстан Республикасының президенттік сайлауы өткізіліп Н.Ә.Назарбаев ұлы жеңіске жетті.

 

  1. Expo 2017 On 22 November 2012, the Bureau International des Expositions voted to select Astana as the host of Expo 2017. It will be Kazakhstan’s first world’s fair as well as the first in Central Asia. My congratulation.

2010- Ардақты ұлын ұлықтаған ұлағатты ұлтымыз айнымас басшысының еңбегін жоғары бағалады. Қазақстан Республикасының қайта қабылданған Конституциялық заңы негізінде  2010 жылы 15 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Елбасы (Ұлт Көшбасшысы) мәртебесі берілді


ІIІ. Елбасының өмірбаянына шолу (деректі фильм)

      Speak about president’s biography (see the short film)

 

Балалық шағы

1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.

Әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді : «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».

Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып өсуін тілейді  Назарбаевтың әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келеді.Әбіш Назарбаев  көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтқан, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білген.

Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.

Назарбаевтың анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында  дүниеге келеді.

Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық шағы соғыстың сұрапыл жылдарына және соғыстан кейінгі ауыр кезеңге тұспа-тұс келді. Бірақ өз әкесінің ешқашан қол қусырып қарап отырмағанын көріп, оған үнемі көмектесуге ұмтылды. Мал жайғарумен айналысты,әкесімен бірге тауға барып, шөп шапты.

The childhood

Nazarbayev was born in Alma-ata, a rural town near Almaty, when Kazakhstan was one of the republics of the Soviet Union. His father was a poor laborer who worked for a wealthy local family until Soviet rule confiscated the family’s farmland in the 1930s .Following this his father took the family to the mountains to live out a nomadic existence. At the end of World War II the family returned to the village of Chemolgan, and Nazarbayev began to pick up the Russian language.

 

Бірде  әкесі үйге арнайы жер аударылған балқарлар отбасын ертіп келді. Назарбаевтар отбасы оларды шаңырағына паналатты, жұмысқа тұруына көмектесті. Ал Әбіш Назарбаев балқарлармен тез тіл табысып, олардың тілін үйреніп алады Көп ұлт мекендеген Шамалған тұрғындарының бәрі де солай жасаған. Ешкім де ұлтқа бөлінбеген. Нұрсұлтан Назарбаев кейінірек кітаптарының бірінде сен қазақсың ба, украинсың ба, чешен әлде неміссің бе, балалардың арасында оны ешкім де есіне алмайтыны туралы жазған: «Егер қазақ үйіне месхеттік түріктің баспанасы жапсарлас салынып, ал келесі үйлерде Богдан, Рихард, Олег тұрып жатса қайтіп бөлінеді.» Бастан кешкен барлық қиындықтарға қарамастан, ұлдар мен қыздарды білімнің сиқырлы әлемі, мәнді де мағыналы, шаттыққа толы жарқын болашақ тартты да тұрды.

 

He performed well at school, and was sent to a boarding school in Kaskelen. After leaving school he took up  one year, government-funded scholarship at the Karaganda Steel Mill in Temirtau. He also spent time training at a steel plant in Dniprodzerzhynsk, and therefore was away from Temirtau as riots over working conditions enveloped the town. By aged 20, he was earning a relatively excellent wage doing «incredibly heavy and dangerous work» in the blast furnace. He joined the Communist Party in 1962, and quickly became a prominent member of the Young Communist League.

Жасөспірім шағы

 

Нұрсұлтан Назарбаев тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыған. Ол өзінің аса құштарлығын білетін ағайын — туыстары әкеп берген кітаптардың бәрін оқып шығуға жан-тәнімен кіріскен.  Әке-шешесі осы өлкеде ежелгі заманда өмір сүрген бабалардың берік түп-тамырынан сыр шертетін салиқалы әңгімелер айтып, жан-дүниені тербейтін әндер шырқап отырған. Кез келген қазақ білмеуі ұят саналатын жеті ата туралы айтылатын. Ол, әсіресе, ежелгі аңыздар мен бабалардың наным-сенімдері туралы үлкендер айтатын әңгімелерді ықыласпен тыңдаған.

Қаскелеңдегі Нұрсұлтан бітірген орта мектептің оқу ісінің меңгерушісі Сейітхан Исаев жас ұланның білімге құштарлығын және ақылдылығы мен алғырлығын бірден байқайды. «Ол ең үлгілі оқушы болды. Сабақты ұйып тыңдайды, оқу бағдарламасынан тыс сұрақтар да қояды. Мұғалімнің әр сөзіне мән береді. Кітаптан бас көтермейтін, үнемі оқып отыратын ».

Өз қатарластарының арасында терең білімімен, ой-өрісінің кеңдігімен ерекше көзге түсткен. Тынымсыз еңбек, спортпен жүйелі айналысу оны шыңдап шығарды.Теміртаудағы металлургия комбинатының құрылысына комсомолдарды жинап жатқанын білген соң, Нұрсұлтан Назарбаев металлург болуға бел буады.  Ертерек еңсесін тіктеп, өз ахуалын жақсартып, ата-анасына, туған-туыстарына материалдық тұрғыдан көмектескісі келеді. Өйткені, ол отбасындағы үлкен ұл еді.

His youth

He soon became a full-time worker for the party, and picked up a college education at the Karagandy Polytechnic Institute. He was appointed secretary of the Communist Party Committee of the Karaganda Metallurgical Kombinat in 1972, and four years later became Second Secretary of the Karaganda Regional Party Committee. Nazarbayev spent his days dealing with legal papers, solving logistical problems and industrial disputes, as well as meeting workers to solve individual issues.

 

Теміртауға келген соң, ол болашақ металлург ретінде Украинаға, Днепродзержинск қаласындағы Днепр металлургия комбинаты жанындағы кәсіптік-техникалық училищеге оқуға жіберіледі. Табандылығы мен қайсарлығы өзі таңдаған мамандық бойынша барлық пәнді үздік игеруге жол ашты. Теміртауға оралады. 1960 жылы 3 шілдеде сол кезде Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы және бірден бір домна пеші іске қосылды. Бұл Қазақстан магиткасы – Қарағанды металлургия зауытының өмірге келген күні болып саналады. Қазақстанның алғашқы шойынын қорытуға тәжірибелі шеберлермен бірге жас металлург Назарбаев та қатысты. Құю машинасының шойыншысы домна пешінің горновойы домна цехының дипетчері, газшысы болып жұмыс істеді. Алдыңғы қатарлы жұмысшы қазақ, комсомол мүшесі ретінде Назарбаев БЛКЖО съездері  мен жастар фестивальдеріне жиі жіберіліп тұрды. Ол танымал бола бастады, өндіріс үздігі Н.Назарбаевтың суреті орталық баспасөзде де басылады. Жұмыстастары арасында үлкен құрмет пенбеделге ие болады. Сондықтан ол партияға өткеннен кейін цех парторгы болып сайланды. Зауыттың жолдамасы бойынша Назарбаев Қарағанды политехникалық институтына түседі. Н. Ә. Назарбаев Қарағанды политехникалық институтында 3 жыл оқып, одан соң Теміртауда Қарағанды металлургия зауыты жанынан қайта құрылған зауыт-втузға ауыстырылады, оны инженер-металлург дипломымен бітіріп шықты. 1969 ж. Теміртауда комсомолдық жұмысқа ауысады Жетекші әрі ұйымдастырушы ретінде ол біртіндеп цех басшысынан министрлерге дейінгі сан алуан адамдармен қарым-қатынас жасау тәжірибесін жинақтайды, домна пешінің «сегізінші разрядты екінші горновойы» куәлігін иеленді.

 

In 1984, Nazarbayev became the Solute of the Council of Ministers, working under Dinmukhamed Kunayev, the First Secretary of the Communist Party of Kazakhstan. He served as First Secretary of the Kazakh Communist Party from 1989 to 1991. Nazarbayev criticized Askar Kunayev, head of the Academy of Sciences, at the 16th session of the Communist Party of Kazakhstan in January 1986 for not reforming his department. Kunayev went to Moscow and demanded Nazarbayev’s dismissal while Nazarbayev’s supporters campaigned for Kunayev’s dismissal and Nazarbayev’s promotion. Mikhail Gorbachev accepted the resignation of a deflated Kunayev, replacing him with Gennady Kolbin, an ethnic Russian, triggering three days of riots known as the Jeltoqsan.

Кемел кезеңдер

 

Нұрсұлтан Назарбаев 1972 жылы Қарағанды металлургия комбинатында партия комитетінің хатшысы лауазымына тағайындалады. 30 мың адам жұмыс істейтін Қазақстан ауқымындағы аса ірі кәсіпорында комбинат директорынан кейінгі екінші тұлғаға айналады. Тек партиялық жұмыстармен ғана емес, өндіріспен, өнім шығару жоспарымен, жөндеу және құрылыс мәселелерімен, кәсіпорынды жабдықтаумен, көптеген адамның тұрмыстық, баспаналық, мәдени және отбасылық істерімен де айналысуға тура келді.Комбинаттағы кемшіліктерді жасырмады, қайта олармен күреседі. Нәтижесінде комбинаттағы істер оңға баса бастайды. Теміртаудың өзінің де құрылысы дамып, абаттана, жақсара түсті. Нұрсұлтан Назарбаев адамдардың игілігі үшін жұмыс істеді, сондықтан әрдайым өзін олардың қолдайтынына сенімді болды. Үнемі жұмысшылармен бірге болып, олардың жағдайларын жақсы біліп отырды. Сондықтан Назарбаев үлкен лауазым иелерінің кабинеттеріне қаймықпай кіріп, әділдікке жету үшін «қара қылды қақ жарғандай» етіп шындықты ғана айтты. Ол жалаң сынаушы ғана болған жоқ, үнемі сол жерде түйткілдерді бірден шешудің қисынды жолдарын ұсынды, берік дәлел мен дәйекке ғана сүйенді. Сондықтан пікірі мұқият тыңдалды, жиі қолдау тапты.  Басшы ретінде Н.Назарбаевтың беделі жоғары болу себебі, ең алдымен, оның жұмысшылар қатарынан, ең төменгі буыннан көтерілгендігінен, барлық мәселелерді түп-төркінінен танып білетіндігінен еді.

His career

Nazarbayev replaced Kolbin, who despite his office had little authority in Kazakhstan, on 22 June 1989. He was Chairman of the Supreme Soviet (head of state) from 22 February to 24 April 1990. Nazarbayev was elected President of Kazakhstan by the Supreme Soviet on 24 April. He supported Russian President Boris Yeltsin against the attempted coup in August 1991 by Soviet hardliners. The Soviet Union disintegrated following the failed coup, though Nazarbayev was highly concerned with maintaining the close economic ties between Kazakhstan and Russia. He won the 1991 presidential election on the 1st of December, winning 91.5% of the vote in an election in which no other candidate ran against him. On the 21st of December, he signed the Alma-Ata Protocol, there by taking Kazakhstan into the Commonwealth of Independent States.

 

1977 жылы ол Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, одан соң екінші хатшысы болып қызмет атқарады. 1984 жылы 44 жасында Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы болып тағайындалды. КСРО-дағы одақтық республикалардағы ең жас премьер еді. Қазақ КСР Компартиясының Орталық Комитеті 1989 жылғы 22 маусымда  бірінші хатшы лауазымына Нұрсұлтан Назарбаевты сайлады. Оған пленумға қатысқан 158 адамның  154-і жақтап дауыс береді. 1989 жылғы шілдеде Қарағандыда экономикалық қана емес, саяси мақсат көздеп, Семей полигонын жабу туралы талап қойған шахтерлер ереуілі басталады. 1989 жылы құрылған, түпкі мақсаты Семей полигонын және Қазақстан аумағындағы өзге де сынақ орындарын жабуды көздеген «Невада – Семей» экологиялық қозғалысы еді. Бұл қозғалыс та Нұрсұлтан Назарбаевтың  қуатты қолдауынаие болды. Барша қазақстандықтардан жаппай қолдау тапқан оның күш-жігері керемет табысқа жеткізді – халыққа қасірет әкелген Семей полигоны біржола жабылды.

 

Nursultan Nazarbayev has ruled the Central Asian nation of Kazakhstan since the dissolution of the Soviet Union in 1991. A rare post-Soviet  leader who has managed to maintain his leadership despite the immense political and economic turmoil of the intervening years, Nazarbayev is alternately described in the Western media as either a despot or a politically astute leader whose policies have helped his nation—the ninth largest in the world—prosper and remain at peace. Though Nazarbayev has engaged in some questionable maneuvers to ensure his grip on the presidency, he appears to be a well-liked leader among Kazakhs, and his country is poised to become one of the world’s leading oil exporters by the year 2015.

 

Ғаламтормен байланыс

Listen the students which are in the internet

 

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1990 жылғы 24 сәуірде Қазақ КСР Президенті лауазымын белгіледі. Нұрсұлтан Назарбаев республиканың  Жоғарғы Кеңесі ссессиясында Қазақстан тарихындағы тұңғыш президент болып сайланды.1991 жылғы 1 желтоқсанда республика президентінің алғашқы бүкілхалықтық сайлауы өтіп, оның барысында Назарбаев сайлаушыларының толық қолдауына ие болды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1991 жылғы 10 желтоқсанда Қазақ КСР атауын Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы заң қабылдады және Қазақстан  Президентін ұлықтау рәсімін өткізді.

1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі республиканың мемлекеттік Тәуелсіздігін жария етті. Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіз Қазақстан  Республикасының президенті қызметіне кірісті

 

All the years of independence the citizens of our country have put the trust in the Head of our State. Thus, on the election of the President of Kazakhstan in 2011 Nursultan Nazarbayev won a convincing victory, supported by more than 95% of the voters. Moreover, thanks to a strong popular support and public confidence the President successfully embodies all of his ideas and initiatives and leads the country in a cohort of leader-states with a developed economy, social security and stability in society.

During each working trip to the region, Nursultan Nazarbayev finds time to communicate with citizens. Regularly held live broadcasts with a population where every citizen of Kazakhstan can pose his/her question and get answers directly from the President.

 

  1. Елбасына арналған өлең жолдары.

Елбасы

Төбемнен төңкергендей қара түнді

Түлетті Тәуелсіздік қанатымды

Елбасы арқасында ел жаңарып

Арқаға Астанадай қала тұрды

 

Ежелде елтұтқалар ел орнатқан

Ұласқан ұрпағына олар –мақтан

Елбасы –қасиетті аталы сөз

Мазмұны, мағынасы терең жатқан

 

Әр сөздің астарына осы арада

Ағайын ой жіберіп жете қара

Тәуелсіз Қазақстан тарихында

Тұлғасы Елбасының жеке дара !

 

Өмірдің судай ағып өзегімен

Келеді президенттер кезегімен

Елбасы –Назарбаев егіз ұғым

Жасайды мәңгі бірге өз елімен!

 

Ұлт барда ынтымағы бұзылмаған

Тарихтың өшіре алмас ізін заман

Жел ескен айдарынан ел –жұртымды

Тіл көзден аман сақта, Қызыр бабам !

 

Forever will we stand

United as one

Cared  for to the last man

Kept safe till war is won

You have led the way

Over mountains tall and true

Until the end of days

I will remember you

 

Ғаламтормен байланыс

Listen to the students which are on the internet

  1. Ән «Ақ далам»

VII.   Оқушылардың елбасына арналған тілектері

VIII. Қортынды:

Қазақстанның ең қымбат қазынасын бірі – Елбасы Н.Назарбаев. Елбасы тәуелсіздік тізгіні қолына тиген күннен бастап,ең алдымен ,ұлттар бірлігін нығайтатын адамгершілік идеясын ту етіп ұстауды мақсат еткен. Ең алдымен егемен ел болдық , әлемдік қауымдастықтың қатарына ендік,аз ғана жылдың  ішінде шартарапқа танылдық.Ата заңымызды қабылдадық, әлемге демократиялық ,құқықтық зайырлы мемлекет құрамыз деп мәлімдедік және оны іс жүзіне асыру үшін шешуші қадамдар жасалды.Ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. Астана еліміздің кіндігіне көшті Елбасының әлемдік өркениетке сермеген құлашына екпін, бойына қуат берсін деп тілеймін. Елбасы еліне, елі Елбасына сенеді!