Ь белгісі.
- Сабақтың тақырыбы: Ь белгісі.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды жіңішкелік белгісімен таныстыру. 2. Жіңішкелік белгісі дыбысталмайтынын ұқтыру.3. Е дыбысы мен әрпі.Тазалыққа баулу .Дұрыс оқу дағдысын арттыру
Сабақтың көрнекілігі мазмұнды сурет.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау.-Ч дыбысы қандай дыбыс ? Жеке оқушымен жұмыс: жеке-жеке оқыту.-Ч әрпіне қатысты сөздер жазғызу.
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау
ІҮ. Жаңа сабақ:а)Кіріспе әңгіме. Балалар, біз сендермен барлық дыбыс,Әріпті оқып біттік. Енді біз сендермен әңгіме ,ертегі жаңылтпаш, жұмбақ оқып аталарымыздыңәр түрлі шығармаларын өзіміз оқи алатын болдық.ә) Ь белгісімен таныстыру. б) Ол кейбір дыбыстарды дұрыс жіңішке етіп айтуға көмегін тигізеді. Мысалы: лагерь, рояль, альбом коньки. д) «Болашақ чемпиондар» өлеңін жаттату.
Ү .Жаңа білімді бекіту.1) Хормен оқыту. Лагерь,альбом,фильм,, конки ,рояль ,циркуль ,рельс ,компьютер. 2) «Лагерь» мәтін құрау.3) «Лагерь жыры» өлеңін жаттау. 4) Дәптермен жұмыс: ь белгісін жазып үйрену.5) Тақтамен жұмыс: сөз, сөйлем жазу. Көру диктантын жазу.Лагерь.альбом, рельс, компьютер
ҮІ. Жаңа материалды түсінгенін тексеру.
ҮІІ. Сабақты қорытындылау: -Біз бүгін немен таныстық? -Ь белгісі дыбыстала ма? -Оны не үшін қолданамыз?
ҮІІІ. Үйге тапсырма. Бағалау