Ъ белгісі
- Сабақтың тақырыбы: Ъ белгісі
Сабақтың мақсаты: 1 Оқушыларды айыру белгісімен таныстыру. айыру белгісі дыбысталмайтынын ұқтыру. 2. Тазалыққа баулу 3.Дұрыс оқу дағдысын арттыру
Сабақтың көрнекілігі мазмұнды сурет.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.
Сабақтың мазмұны:
І .Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.
ІІ .Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау.
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау
ІҮ. Жаңа сабақ:а)Кіріспе әңгіме. Біздің үй (мәтін) оқып, ъ дыбысының ролін түсіндіру.
Ү .Жаңа білімді бекіту.1) Хормен оқыту. Ъ жуандық белгісі. Ешқандай дыбыстың таңбасы емес. Дауыссыз дыбыспен кейбір дауысты дыбысты ажырататын таңба ретінде қазақ тілінде, орыс тілінен енген сөздерде ғана жазылады. Мысалы: разъезд, подъезд,Подъезд сөзіне дыбыстық талдау жасату.2) Оқулықпен жұмыс: а) Разъезд, подъезд сөздерін дұрыс оқытып жаттықтыру.
ә) «Біздің үй» мәтінін оқып беру.1.Іштей оқыту. 2.Дауыстап оқыту. 3.Әңгімелету. 4.Сұраққа жауап алу.Сергіту сәтін өткізу.4) Дәптермен жұмыс: Ъ белгісін жазып үйрену. 5) Тақтамен жұмыс: сөз, сөйлем жазу.Көру диктантын жазу. лагерь. альбом, рельс, компьютер.подъезд,разъезд.
ҮІ Сабақты қорытындылау: -Біз бүгін немен таныстық? -ъ белгісі дыбыстала ма? -Оны не үшін қолданамыз?