«Ақпараттық калейдоскоп» интеллектуалдық ойыны
Сабақтың тақырыбы: «Ақпараттық калейдоскоп» интеллектуалдық ойыны
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, интерактивті тақта, үлестірмелер.
Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. «Кім жылдам?»
3. «Теңіздегі шабуыл»
4. «Құпия жәшік»
- «Байқаңыздар вирус!»
- Cиқырлы пернелер
- Ғажайып қалам
- Марапаттау.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлесетсіңдер ме, балалар. Отырыңыздар. Бүгінгі «Ақпараттық колейдоскоп» сайысына қош келдіңіздер!.
Сайысты бастамас бұрын сіздерді сайыстың өту барысымен таныстырып өтейін. Сайыс 7 турдан тұрады. Әр турда ұпай жиналады.
- «Кім жылдам» — Сөзді тауып, жауабын айтқан топқа 2 ұпайдан беріледі. Тауып жауабын айта алмаса 1 ұпай.
- «Теңіздегі шабуыл» — сұраққа толық жауап берсе 2 ұпай, толық болмаса 1 ұпай.
- «Құпия жәшік» — толық жауап берсе 2 ұпай, толық жауап бермесе 1 ұпай.
- «Байқаңыздар вирус!» — толық жауап берсе 2 ұпай, толық жауап бермесе 1 ұпай.
- Сиқырлы пернелер — 3 ұпай.
- Ғажайып қалам
І. «Кім жылдам?»
М | О | Н | И | Т | О | Р | С |
Е | А | К | Ш | Е | Л | Ф | К |
Д | Ж | С | Т | Ы | Ш | Қ | А |
О | А | И | П | О | Р | Т | Н |
М | Д | Д | Ш | И | Н | А | Е |
О | П | Р | И | Н | Т | Е | Р |
П | Е | Р | Н | Е | Т | А | Қ |
Т | Е | К | С | И | Д | А | Т |
ІІ. «Теңіздегі шабуыл». Бұл кезеңде әр ұяшықты белгілейміз. Ұяшықты белгілеу арқылы біз кемеге түсуіміз керек. Сол кемеге түсу арқылы ондағы сұраққа жауап береді, сұраққа толық жауап берсе 2 ұпай, толық жауап бере алмаса 1 ұпай ала алады.
ІІІ. «Құпия жәшік»
- Металмен қапталған, салмағы небары 15 грамм және диаметрі 12 см. Жұмыс бетін қорғайтын арнайы қабығы жоқ, сондықтан оларды арнайы орауышта сақтайды. Бұл қандай құрылғы?
Оның негізгі бөлігі шағылдырушы қабат, оның асты түссіз пластикпен жабылған, желімді қабат үстіне жабылып оған түрлі-түсті суретпен түссіз пластик жабылған.
Ондағы ақпаратты оқу үшін арнаййы дискжетектер қолданылады.
Жауабы: Компакт – дискілер
- Англиядағы бір қаланың, калибрі 30х30 болып келген мылтықтың және компьютердің бір элементі арасындағы байланысты анықтай алатын құрылғы?
Жауабы: Винчестер (Қатқыл диск)
- Бұл құрылғыны ең алғаш 1984 жылы Toshiba компаниясының инженері Фудзио Масуока ойлап тапты. Коммерциялық қолданысқа арналған алғашқысын Intel компаниясы 1988 жылы шығарды. Жадыларының көлемі мен өлшемдері әр түрлі болып келетін қандай құрылғы?
Қазіргі таңда жүзден астам гигабайт ақпаратты сақтай алады. Қазіргі кезде оны қарапайым үйдің кілті секілді әр адамның қалтасынан таба аласыз. Бұған таң қалудың қажеті жоқ. Қазіргі таңда олар ұялы телефондарда, фото, бейнекамераларында, мобильді құрылғыларда, компьютерлерде қолданылып келеді. Жауабы: Флеш-жады
IV«Байқаңыздар вирус!» Бұл кезеңде вирустың әсерінен қазақтың мақал – мәтелдері компьютерлік тілдегі мақал – мәтелдерге айналып кеткен. Біз сол мақал – мәтелдерді қазақтың мақал – мәтеліне айналдыруымыз керек.
- Жігітті компьютеріне қарап, бағала.
(Жігітті досына қарап, бағала)
- Байт биттен құралады.
(Теңге тиыннан құралады)
- Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас.
(Шегірткеден қорыққан, егін екпес)
- Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім.
(Аттың сыры, иесіне мәлім)
- Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса.
(Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса)
- Білмесең, «анықтама»-дан сұра.
(Білмесең білгеннен сұра)
- Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы.
(Бір ақылдан, екі ақыл артық)
- Антивирусы күштіні-Вирус ала алмайды.
(Досы күштіні-жау алмайды)
- Күлсең ескірген компьютерлерге күл.
(Күлсең кәріге күл)
- Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады.
(Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)
- V. «Сиқырлы пернелер» аралы.
Бұл аралда оқушылар қораптан пернелер белгісі жазылған карточка алып, оның атқаратын қызметі туралы баяндап береді.
- «Ғажайып қалам» аралы.
Мұнда оқушылар осы өтіп жатқан тақырыпта 4 жол өлең шығарып, оны WordPad мәтіндік редакторында жазады. Әр топқа берілген тапсырма мынадай қаріппен терілуі керек.
1 . 14 қаріп, Arial
2 . 16 қаріп, KZ TIMES NEW ROMON
3 . 16 қаріп, Tahoma
- 14 қаріп, KZ TIMES NEW ROMАN
- 16 қаріп, Arial
Бұл тапсырмаға әр топтан 2 оқушыдан шығады. Бір оқушы шығар,ған өлеңдерін оқып, екінші оқушы WordPad мәтіндік редакторында тереді.
VIІ. «Қиял әлемі».
Мұнда ойыншыларға тақырып беріледі. Тақырыпқа сәйкес қызықты әңгіме құрастыру керек.
- Егер де хаккер болсам
- Егер де программист болсам …
- Болашақтың компьютері қандай болады деп ойлайсың?
- Робот керек деп ойлайсың ба?
- Болашақта компьютер маманы керек па?
Оқушыларға дайындалуға 5 минут уақыт беріледі. Бір оқушы өз өнерін ортаға салады.
VIІІ. Қорытындылау.
«Ақпараттық калейдоскоп» интеллектуалдық ойыны өз мәресіне жетті. Командаларды марапаттау. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!