АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ ЗАТ ЕСІМ
Тақырыбы: АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ ЗАТ ЕСІМ
РЕЦЕНЗЕНТТЕР: Татаурова Н.Л. – п.ғ.к., МАНПО корреспондент-мүшесі
Жаркенова Ү.М. – Семей мемелекеттік педагогикалық институтының Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу орталығының оқытушысы
Ұсынылып отырған әдістемелік құрал мектеп оқушыларына шетел тілін оқытудың проблемаларына бағытталған. Жұмыс ағылшын тілін беретін мұғалімдерге, соның ішінде ауыл мектептеріндегі, практика аясында әдістемелік және психологиялық-педагогикалық тұрғыда кездесіп жататын қиыншылықтарға арналған.
Жазылған әдістемелік жұмыста жас ерекшеліктеріне қарай ағылшын тілін оқытудың әдістемелік ұсыныстар мен ережелер, дидактикалық материал және оқушының білім деңгейін бақылап отыратын тест тапсырмалары берілген.
Raindrops on roses and whiskers on kittens
Bright copper kettles and warm woolen mittens
Brown paper packages tied up with strings
These are a few of my favorite nouns
Cream colored ponies and crisp apple strudels
Doorbells and sleigh bells and schnitzel with noodles
Wild geese that fly with the moon on their wings
These are a few of my favorite nouns
Girls in white dresses with blue satin sashes
Snowflakes that stay on my nose and eyelashes
Silver white winters that melt into springs
These are a few of my favorite nouns
When the dog bites
When the bee stings
When I’m feeling sad
I simply remember my favorite nouns
And then I don’t feel so bad
Түсінік хат
Президент «Жаңа Әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында былай деп атап көрсетті: «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруды қолға алуды ұсынамын»*. Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі — мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі — жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі». Осыған орай мұны мемлекеттік тіл саясатының негізгі басымдықтары ретінде қарауымыз қажет.
Бұл ретте, Сиэтл университетінің (АҚШ) Кіндік Азияны және Қазақстанды зерттеу орталығының директоры Уильям Фиерманның пікірі өте қызық. Қазақ тілі Конституция бойынша мемлекеттік тіл болғанына қарамастан, қазіргі уақытта сіздің елдеріңізде бір тілдің – орыс тілінің басымдығы білініп тұр. Менің ойымша, Қазақстанда, әсіресе қалаларда қазақ тілі неғұрлым елеулі рөл атқаруы тиіс, ал ауылдарда оның басымдығы әрқашан болған және солай бола береді. Мәселен, қазақ тілі елдің оңтүстігі мен батысына қарағанда шығысы мен солтүстігінде жиі қолданылмайды. Ал, ағылшын тілі Қазақстанда елеулі орын ала бастады және бұл өте жақсы үрдіс».
Алайда, ағылшын тілі мен қазақ тілінің арасында салыстыру жүргізе отырып, олардың арасында кейбір грамматикалық ұқсастықтарды байқауға болады.
Әуелі фонетикаға назар аударайық. Дауысты дыбыстар бойынша ағылшын және қазақ тілдерінде бәлендей айырмашылық жоқ: қазақ тілінде олар 11, ал ағылшын тілінде (дифтонгтарды қоспағанда) 12 және олардың көпшілігі айтылуы бойынша да бірдей, бірақ артикуляцияда аздаған айырмашылықты көруге болады. Мысалы, қазақ тілінде жаңа сөздер мен сөздердің әртүрлі нысандары түбірге қосылу, яғни жұрнақтар мен жалғаулар арқылы жасалады.
Ағылшын тілінде де сөз жасаудың осындай тәсілі бар. Инфинитивтен оған –ing жалғауын қосу арқылы «ингтік» деп аталатын нысандағы ағылшын тілінің ең жиі қолданылатын нысаны пайда болады.
Инфинитивге жалғанған -er (кейде -оr) жұрнағы көп жағдайда іс-әрекетті жасауды білдіреді: to read – reader (оқу – оқырман), to write – writer (жазу – жазушы), to work – worker (жұмыс – жұмысшы), to sail – sailor (жүзу – теңізші) және т.б. Сөзге жаңа лексикалық мән беретін жұрнақ қазақ тілінде ең жиі таралған сөз жасайтын аффикс болып табылады. Ол сөзжасамда оңай байқалады. Мысалы, -шы, -ші: жұмыс – жұмысшы, оқу – оқушы, жазу – жазушы және т.б.
Дегенмен, кейбір айырмашылықтар да бар. Қазақ тілінде түбір өзгеріссіз қалады, ал аффикстер түбірмен үйлесімдік табады, яғни, үйлесімдік заңы бойынша өзгеріске ұшырайды. Осы заңға сәйкес барлық қазақ сөздері жіңішке және жуан буынға бөлінеді. Мысалы, көл, ән – жіңішке немесе қол, жан – жуан. Ағылшын тілінде жұрнақтар мен жалғаулар негізінен тәуелсіз болып табылады.
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі дауыссыз дыбыстардың да саны бірдей деп айтуға болады: қазақ тілінде олар 25, ал ағылшын тілінде – 24. Дауысты дыбыстар бұл екі тілде де бірдей. Қазақ тіліндегі сияқты ағылшын тілінде дыбысты дұрыс айтпау сөздерің мағынасының өзгеруіне алып келеді.
Бұл тілдер арасында сондай-ақ кейбір ерекшеліктер де бар. Орыс тіліндегі «род санаты» ағылшын тілінде әдетте тек жақты, өзіндік есімдікті және ерекшелік түрінде кейбір жануарлар мен заттарды білдіреді. Адамға қатысты зат есім («Who is this?» – «Бұл кім?» сұрағына жауап береді) орыс тіліндегідей «мужской род» (сәйкесінше «he, his – ол, оның» есімдігі) және «женский род» (сәйкесінше «she, her – ол, оның» есімдігі) түрінде болады. Ал қазақ тілінде «род санаты» деген ұғым жоқ, сондықтан сөйлемнің мағынасына байланысты сын есім, есімдік немесе сан есім ағылшын тіліне әртүрлі аударылуы мүмкін.
«To be» етістігі ағылшын тілінде міндетті түрде қолданылады, ал қазақ тілінде ол жоқ.
Қазақ тіліндегі сөйлемдегі сөздердің өзіндік реті бар, ол тұрақты. Жай хабарлы сөйлемдегі бастауыш әдетте басында, ал баяндауыш әрқашан соңында, анықтауыш анықталатын сөздің алдында, мезгіл пысықтауыш сөйлемнің басында тұрады. Дәл осылай ағылшын тілінде де бастауыштың, баяндауыштың және т.б. сөйлем мүшелерінің өз орны бекітілген белгілі бір тәртібі бар. Мысалы, «Wе live in Astana» – «Біз Астанада тұрамыз», «Put the book on the table» – «Кітапты столдың үстіне қой».
Бірақ ағылшын тілінен қазақ тіліне аударуға қатысты тілдің ерекшеліктерімен байланысты белгілі бір қиыншылықтар туындайтыны жасырын емес. Белгілі қазақ лингвист ғалымы Қ.Жұбанов былай деп айтқан: «Бір тілде басқа тілдің қандай да бір сөзімен мәні бойынша дәл қатар келетін сөздер сирек кездеседі. Мәселен, орыс тілінде «пастух» деген ұғым болатын болса, қазақ тілінде «қойшы», «жылқышы», «сиыршы» деп бөлініп көрсетіледі, сол сияқты орыс тіліндегі «тетя» сөзі қазақ тілінде «апа» да «тәте» де және «жеңеше» де болуы мүмкін. Күрделі болғанына қарамастан кез келген орыс тіліндегі сөйлем қазақ тіліне бір сөйлеммен аударылуы мүмкін. Алайда, мұндай сөзбе сөз аударма стилдің дәлдігін ғана емес, сонымен қатар оның мәнін де беруі мүмкін емес».
Тағы бір күрделілік – фразеологиялық сөздерді аударудың мүмкін еместігі немесе дәлсіздігі. Ағылшын тілінен фразеологизмдерді басқа тілдерге аудару әрқашан мұндай конструкциялардың семантикалық тұтастығы мен күрделілігіне байланысты белгілі бір қиыншылықтар туғызады. Мысалы, «to get out of bed on the wrong side» – «сол аяғынан тұру»; «fish begins to stink (or stinks) at the head» – «балық басынан шіриді»; «nothing is stolen without hands» – «жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды». Алайда, осындай қиыншылықтар кез келген тіл жұптарында туындайтынын түсіну өте маңызды.
Қазақстандағы шетел тілдеріне және аударманың өзінің қиыншылықтарына қатысты проблемаларға қарамастан елімізде тілдік қарым-қатынастар процесінің дұрыс жолға түсіп келе жатқанын нық сеніммен айта аламыз.
Зат есім (The Noun)
Ағылшын тілінде , қазақ тіліндегідей, зат есім деректі (a boy – ұл бала, a dog – ит ,a window – терезе, a house – үй) және дерексіз болып бөлінеді (rain – жаңбыр, peace – бейбітшілік, beauty – сұлулық, work -жұмыс) .
Ағылшын тіліндегі зат есімдердің ерекшеліктері :
- Зат есімнің алдына әдетте көмекші сөздер – артикльдер қойылады
a , an , the :
I am a teacher. Мен мұғаліммін.
Open the door, please. Өтінемін, есікті ашыңызшы.
- Зат есім екі септікке бөлінеді : жалпы ( a girl , girls ) және тәуелдеу ( girl’s , girls’ ) :
What is the girl’s name ? Қыздың есімі кім ?
Where are the girls’ books ? Қыздардың кітаптары қайда ?
- Зат есім басқа зат есімдерге анықтауыш бола алады :
You must wear your school uniform. Сендер мектеп формасын киюге
тиістісіндер.
I like winter sports. Мен қысқы спорт түрлерін ұнатамын.
Зат есімнің көпше түрі (Plural form of nouns)
1.Зат есімнің көпше түрлері жекеше түрдегі зат есімге — s жалғауы жалғану арқылы жасалады :
a pen — pens қалам — қаламдар
a ball — balls доп — доптар
2.Егер жекеше түрдегі зат есім -s , -ch , -sh, -x, -o әріптеріне аяқталса,
көпше түрдегі зат есімге -es жалғауы жалғанады :
a dress көйлек — dresses көйлектер
a box қорап — boxes қораптар
a birch қайын — birches қайындар
a hero батыр — heroes батырлар
a dish ыдыс — dishes ыдыстар
- Егер жекеше түрдегі зат есім -f , -fe әріптеріне аяқталса, —f әрпі -v әрпіне өзгеріп, зат есімге -es жалғауы жалғанады :
a knife пышақ knives пышақтар
a wolf қасқыр wolves қасқырлар
a leaf жапырақ leaves жапырақтар
a shelf сөре shelves сөрелер
a scarf мойын орағыш scarves мойын орағыштар
- Егер жекеше түрдегі зат есім -у әрпіне аяқталып , алдыңғы әрпі дауыссыз болып келсе, -y әрпі — i әрпіне өзгеріп, зат есімге -es жалғауы жалғанады :
a city қала cities қалалар
a family жанұя families жанұялар
a baby нәресте babies нәрестелер
a country ел countries елдер
a lady ханым ladies ханымдар
- Көпше түрі өзгермейтін зат есімдер:
sheep қой sheep қойлар
fish балық fish балықтар
deer бұғы deer бұғылар
- Кейбір зат есімдер көпше түрде еш жалғау жалғанбай , түбірдегі дауысты дыбыстың өзгеруі арқылы жасалады :
A man ер адам men ер адамдар
A woman әйел women әйелдер
A tooth тіс teeth тістер
A foot аяқ feet аяқтар
A mouse тышқан mice тышқандар
- Кейбір зат есімдердің көпше түрі — (r)en арқылы жасалады :
a child бала children балалар
an ox өгіз oxen өгіздер
- Тек жекеше түрде қолданылатын зат есімдер :
Advice кеңес
Information ақпарат
Iron темір
Money ақша
Permission рұқсат
Progress жетістік
Water су
Weather ауа-райы
Work жұмыс
News жаңалық
Athletics атлетика
Billiards биллиард
Economics экономика
Physics физика
- Тек көпше түрде қолданылатын зат есімдер :
People халық
Police полиция
Scissors қайшы
Glasses көзілдірік
Pyjamas пижама
Shorts шолақ шалбар
Trousers шалбар
Clothes киім
Goods тауар
Stairs қабат (этаж )
Thanks алғыс
Contents мазмұн
Саналатын және саналмайтын зат есімдер
(Countable and Uncountable nouns)
Ағылшын тілінде зат есімдер саналатын (countable) және саналмайтын (uncountable) зат есімге бөлінеді
countable uncountable
A cap sugar
A man snow
UNCOUNTABLE Саналмайтын зат есім
- Тек жекеше түрде қолданылады.
- а/аn белгісіздік артиклі қолданылмайды.
Тағам bread ,cheese, butter, chicken, fruit
| I need some butter. |
Зат water, soap, snow, tea, coffee, milk, air
| Snow is white |
Материал cotton , iron ,wood, woo l
| The box is made of wood. |
Абстракты ұғымдар Hope, love, luck, time, advice, information, news, progress | Your advice is not very good. |
Жалпылауыш сөздер Furniture, rubbish, hair, noise, traffic, music | Her hair is long. |
Зат есімнің тәуелдеу формасы (The Possessive Case)
Ағылшын тілінде зат есімнің тәуелдеу формасы апостроф’ және s әрпі арқылы жасалады:
- Жекеше түрдегі зат есімнің тәуелдеу формасы ’s арқылы жасалады
Tom’s book Томның кітабы
the teacher’s bag Мұғалімнің сөмкесі
- Көпше түрдегі зат есімнің тәуелдеу формасы ( зат есімнің –s көптік жалғауы болғандықтан, тек апостроф қоямыз)
the students’ book студенттердің кітабы
the boys’ dog ұлдардың иті
- Зат есімнің көпше түрі -s жалғауынсыз жасалса , онда зат есімнің тәуелдеу формасы ’s арқылы жасалады
women’s rights әйелдердің құқығы
the men’s duty адамдардың міндеті
Артикльдер (The Article)
Ағылшын тілінде зат есімнің алдына әдетте көмекші сөздер – артикльдер қойылады . Артикльдер белгісіздік a (an) және белгілілік the болып бөлінеді.
a , an , the :
I am a teacher. Мен мұғаліммін.
Open the door, please. Өтінемін, есікті ашыңызшы.
Белгісіздік артиклі а (аn)
Белгісіздік артиклі а (an) (an формасы дауысты дыбыстан басталатын зат есімнің алдына қойылады : an apple ) ежелгі ағылшын тілінде «бір» деген мағынаны білдірген.Сондықтан белгісіздік артиклі саналатын зат есімнің ғана алдына қойылады
a cat
a room
an orbit
Қолданылады :
- баяндауыштың қызметін атқарып тұрған зат есімнің алдына қойылады:
Omar is a student. Омар студент.
- “there is (there was, there will be)” орамынан кейін зат есім –бастауыш
болғанда:
There is a good library in our school. Біздің мектепте жақсы кітапхана бар.
- have етістігінен кейін толықтауыштың алдында :
I have a sister. Менің әпкем бар.
Белгілілік артилі the
Белгілілік артиклі the ежелгі ағылшын тілінде «анау» деген сілтеу есімдігінің мағынасын берген.Сондықтан ол бір немесе бірнеше белгілі зат есімнің алдына қойылады , салыстыр :
Give me a pen. Маған (әлдебір) қалам бер.
Give me the pen. Маған (мына) қаламды бер.
Қолданылады :
- Зат есімнің алдында реттік сан есім болғанда:
Gagarin was the first man to fly into space.
Гагарин ғарышқа ұшқан бірінші адам.
- Сын есімінің күшейтпелі шырайы алдында:
This is the shortest way to the town. Бұл қалаға баратын ең қысқа жол.
- Зат есімнің алдында – following, last, next, same сын есімдері тұрса:
Copy the following sentences. Төменде берілген сөйлемдерді көшір.
You’ve made the same mistake. Сіз тура сондай қате жібердіңіз.
The next stop is ours. Келесі аялдама біздікі.
- Зат есімнен кейін анықтауыш болғанда :
Here is the book I bought yesterday.
Can you show me the way to the station?
This is the house where I was born.
- Алдынғы контексттен белгілі зат (жақ,құбылыс) алдында:
We’ve received a letter from an English girl. The girl writes in the letter that she wants to correspond with Kazakh schoolchildren.
- Дүниедегі жалғыз заттардың атауының алдына қойылады :
The sun, the moon, the earth, the ground, the world, the sky, the air :
Our sportsmen are among the best in the world .
- Жалпылама атаулары алдында :
The rose is a beautiful flower. Раушан — әдемі гүл.
The dog is the friend of man. Ит адамның досы.
Есіңізде сақтаңыз !!!
to the cinema at the cinema to the theatre at the theatre to the shop at the shop to the market at the market to go for a walk |
On x horseback On x board a ship In x fact |
What a good boy ! What a long story ! What a day ! |
At x sunrise At x sunset In the country in x town To the country to x town By x bus, by x tram, by x train, by x car |
To play x chess to play the piano To play x football to play the guitar Out of x doors |
At x school to go x home At x home to come x home At x work for x work To go to x bed ( school, work)
|
In the morning in the evening In the afternoon at x night |
Артикль кей саналатын зат есімдер алдында қолданылмайды
- Егер зат есім қаратпа сөз болса :
Children, be quiet ! Балалар, тыныш !
- Father, mother сөздерінің алдында :
Ann, hasn’t Father come yet? Аня, папам әлі келмеді ме ?
- Апта күндері, ай аттары және жыл мезгілдері алдында:
Spring has come at last ! Көктем де келіп жетті !
July is a summer month . Шілде — жаз айы.
We do not go to school on Sunday. Жексенбі күні біз мектепке бармаймыз.
Есіңізде сақтаңыз !!!
to have a good time from x morning till x night all x day long a lot of |
- breakfast, dinner, lunch, supper зат есімдерінің алдында :
I have breakfast at seven. Мен таңғы асымды сағат жетіде ішемін.
Will you stay to dinner ? Сіз түстенуге қаласыз ба ?
Артикльдің саналмайтын зат есіммен қолданылуы
Саналмайтын зат есімдер (деректі және дерексіз) алдына артикль қойылмайды :
I like music. Мен музыканы сүйемін.
Give me a glass of water. Бір стакан су берші.
We struggle for peace. Біз бейбітшілік үшін күресеміз.
!!! Pass me the bread, please. Нан әперіп жіберші.
Белгілілік артикльдің жалқы есіммен қолданылуы
Жалқы есім әдетте артикльсіз қолданылады : Ann , London , Kazakhstan , Africa , Gogol Street :
London is the capital of Great Britain Лондон Ұлыбритания астанасы.
I live in Abay street. Мен Абай көшесінде тұрамын.
Белгілілік артикльмен қолданылатын жалқы есімдер:
- Теңіз, мұхит, өзен, канал, бұғаз, тау сілемі, шөл дала, арал атаулары алдында :
The Black Sea, the Atlantic Ocean, The Volga, The Thames, the English channel, the Urals, the Sahara :
London stands on the Thames.
2) Көкжиек тұстары : the North, the South, the East, the West :
He lives in the Far East. Ол Қиыр Шығыста тұрады.
3)Жалпы жанұя тегі алдында (жанұя мүшелерін түгел білдіргенде) :
Last month the Omarovs moved to a new flat. Өткен айда Омаровтар жаңа пәтерге көшті.
Белгілілік артикльді қолданылмайды
Көл, тау, континент, қала, мемлекет, университет атауларының алдына қойылмайды.
Есіңізде сақтаңыз !!!
The United States of America The United Kingdom of Great Britain and Northern Ireland The Netherlands The Ukrine The Crimea The Congo
|
Tests
Plural form of noun
1 ) Put in the correct form of the plural.
Example: school — ______
Answer: school — schools
desk — half —
pencil — kilo —
bike — woman —
cat — mouth —
invitation — foot —
watch — sheep —
game — penny —
cage — bus —
cake — day —
box – fish —
ox — deer —
roof – chief —
potato — series —
photo — wife —
party — brother-in-law —
2) Choose the correct verb (to be). Mind the noun (singular or plural).
1) Ladies and gentlemen. Here _________the news.
2) Where _______ my jeans.
3) Further information ________ available in the office.
4) The stairs ______over there, Sir.
5) The furniture in our classroom ______uncomfortable.
6) The USA ________a very nice country.
7) Your sunglasses _______on the table.
8) Homework ________boring.
9) The scissors on the table ________mine.
10) Physics _________not easy.
3) Fill in the following words
advice, chocolate, jam, lemonade, meat, milk, oil, rice, tea, tennis
and form meaningful phrases.
Example: a cube of _____
Answer: a cube of sugar
1) a piece of ______________
2) a packet of_____________
3) a bar of________________
4) a glass of_______________
5) a cup of________________
6) a bottle of______________
7) a slice of_______________
8) a barrel of______________
9) a game of______________
10) a jar of_______________
- Multiple – choice questions
- The … are very fragile, please, wash them carefully.
- glass
b . glases
c glasses
d glassis - She cannot live without discos and …
a partes
b parties
c parteis
d partys
- I don’t like fried … This dish is too fatty for me.
a potatoes
b potates
c potateos
d potatos
- Children are not allowed to play with …
a match
b matchs
c matchis
d matches
- How many … of bread do you want me to buy?
a loafs
b loaves
c loafes
d loavs
- I can’t get home because I’ve lost my …
a keys
b keis
c keies
d keyes
- People called the rescuers their … after they saved two little boys from a burning building.
A heros
b hereos
c heroos
d heroes
- Have you learned these spelling …?
A ruls
b rules
c rulies
d rulys
- … look like dogs, but they are wild animals and cannot be tamed.
A wolfes
b wolves
c wolvs
d wolfs
- Their … are very kind and polite.
A childs
b childrens
c childes
d children
- A typical English scenery includes green slopes with … and a castle in the background.
A sheep
b sheepes
c sheeps
d sheepps
- His … ached so much that he had to go to the dentist immediately.
A tooths
b teeth
c teeths
d toothes
- These … look familiar, I might have learned some of them at school.
A formula
b formulas
c formulae
d formulaes
- Please, don’t give me any …, I have already decided what to do.
A advicys
b advices
c advice
d advics
- Our granny doesn’t see well, she always wears …
A spectacle
b spectaclae
c spectacli
d spectacles
- I’ve earned much … this month.
A moneys
b moneis
c monies
d money
- We bought a lot of … for our new flat.
A furniture
b furniturae
c furnitures
d furniturs
- She bought a kilo of … to make some cocktails for the party.
A banans
b bananas
c bananae
d banana
- What is the …?
A new
b newer
c newes
d news
- We want to buy two … and ride to the beach every morning.
A bicycle
b bicycls
c bicycles
d bicyclae
Possessive Case
1) Write apostrophe ‘s into the gaps.
Example: I met _______ sister yesterday. (Mandy)
Answer: I met Mandy’s sister yesterday.
1) This is ____________book. (Peter)
2) Let’s go to the__________. (Smiths)
3) The ___________room is upstairs. (children)
4) _________sister is twelve years old. (John)
5) ___________and ___________bags have blue stickers. (Susan – Steve)
6) ___________shoes are on the second floor. (men)
7) My ____________car was not expensive. (parents)
8) ____________CD player is new. (Charles)
9) This is the ____________bike. (boy)
10) These are the _______________pencils. (boys)
2) Write apostrophe ‘s or the of-phrase into the gaps.
Example: (Mandy) sister — ____________ (Mandy)
Answer: (Mandy) sister — Mandy’s sister
1) ( a glass) milk —
2) ( my friend) bike –
3) ( the window) room –
4) (Mr Smith) car —
5) ( ten minutes) walk –
6) ( the headteacher) office –
7) (the number) house
8) (two days) work –
9) (the waiter) shoes –
10) (Britain) economy —
Articles
1) Fill in each blank space with the proper article: a, an, or the.
Начало формы
I went to _____airport at 6:00 AM yesterday. I had to catch _____flight to Paris. The lines at _____airport were very long, so I had to wait _____long time. Once _____plane took off I tried to get some sleep but I couldn’t. Then I ate _____pretty good meal, ______rare occurrence on airplanes! Later, I spoke to one of ______flight attendants for______ while. She was pretty. She told me that ______pilot of ______airplane was French. I managed to fall asleep for about ______hour. After I woke up, I felt refreshed. I ordered ______drink, then another. Generally, it was ______pretty smooth flight.
Конец формы
Начало формы
Jim, _____old friend of mine, used to work in downtown Los Angeles. He had _____good job in one of ______biggest law firms in ______city. He was ______honest, hard-working lawyer, but he hated his job. So he decided to quit, and to become ______surfer instead. Now Jim spends his days surfing ______waves of Malibu. It isn’t ______easy life, but it makes him happy. Soon after he quit his job, Jim met ______beautiful surfer named Jenny. After they went out for _______couple of months, they decided to get married.
Test
Choose the correct answer
- I love living in this __________ city.
а) no article
b) a
c) the2. Generally speaking, __________ boys are physically stronger than girls.
a) a
b) no article
c) the - Bill enjoys reading __________ mystery novels.
a) a
b) the
c) no article4. __________ girl that I told you about is standing over there.
a) A
b) The
c) no article5. Where did you go last night? We went to __________ restaurant that you recommended.
a) the
b) a
c) no article6. He is __________ really good person.
a) the
b) a
c) no article - My brother is __________ expert at fixing cars.
a) the
b) no article
c) an8. __________ Paris is a beautiful city.
a) A
b) no article
c) The - My __________ teacher’s name is William.
a) no article
b) a
c) the
10.We got our son ___________ dog for Christmas.
- a) the
- b) a
- c) no articl
П а й д а л а н ы л ғ а н ә д е б и е т т е р:
- Алмасбек Белботаев, Жаңыл Түкебаева. Казахский язык для начинающих. 2-ші кітап. Алматы, «Қазақстан», 1993 жыл.
2. Аркен Сеитов. «Триединство языков». «Бәйтерек» журналы.
3. Ж. Қалиев, В.С. Мальцев, З.Н. Очаковская. English – Ағылшын тілі. «Мектеп» баспасы, 1981 жыл.
4. «Идея триединства языков в Казахстане правильна и будет способствовать развитию страны». Американ ғалымының пікірі, Қазинформ, 2008 жылғы 15 мамыр.
5. М.А. Колпакчи. Дружеские встречи с английским языком. Ленинград, 1978 жыл.
6. Н.М. Байғанина. Идеи профессора К. Жубанова в области теории перевода и его роль в становлении казахской терминологии.
7. Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа Әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 2007 жылғы 28 сәуір.
8. С.С. Кузьмин, Н.Л. Шадрин. Русско-английский словарь пословиц и поговорок. Мәскеу, «Русский язык», 1989 жыл.
9. Татьяна Тен. «Трудности перевода». «Караван» газетінде жарияланған мақала.
10. Толқын Забирова. «О певческой фонетике казахского языка».
11. «Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығы.
12. «Чем успешнее станет страна, тем больше людей заговорит по-казахски». Мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаевтың интервьюі. «Бәйтерек» журналы. - «Грамматика . Сборник упражнений» — Ю.Голицынский изд. КАРО
- Грамматика английского языка» — А.Н.Качалова изд. Дрофа , 1997