Ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің қазақша баламасы

Ағылшын   тіліндегі мақал-мәтелдердің  қазақша  баламасы

Кіріспе

Ақылдың кені

Көркем  сөз  өнерінің  тілдік және  поэтикалық санатына жатын мақал-мәтелдер мән – мазмұнының тереңдігімен,өткірлігімен,өміршеңдігімен, түп жағынан ықшамдылығымен ерекшенеді.Көлемінің ықшамдылығына қарамастан,бейнелі тілдік,бірліктер нақты  да күрделі  ойдың  себеп –салдарын,халықтың өмір  тәжірибесінің қорытындысы  мен дәлелін қатар  береді.

Онда  өмірдің  сан-саласы  құбылыстарына баға  беріліп,ой  түйінделіп,халықтың ғасырлар  бойғы тәжірибесі негізінде  пікір  айтылады.Халық  терең  ойды  аядай қалыпқа  сыйғызып,шебер беруге  тырысады.

Сөйтіп,тоқсан ауыз  сөздің тобықтай  түйінін жинақтап,қорытып береді. Тоқсан ауыз сөздің  тобықтай түйінінде  халықтың  өмір сүру  барысындағы  тәжірибесі,көңілге  түйген  ақылының  кені  жатыр. Қазақ  тілінің  түсіндірме  сөздігінде  мақал-мәтелге мынадай түсіндірме  берілген:Мақал-үлгі  өнеге  ретінде  айтылатын  жалпы халықтық нақыл сөз.Мақал  деп  қысқа  образды ,ұйқасты,тұжырымды нақыл  сөзді  айтамыз.

Мәтел-тұжырымды ,бейнелі  әрі ықшам нақыл сөз.

Дастан ,хиссаларға  қарағанда,мақал-мәтелдердің ерекше  қасиеті көлемінің  шағындығы,мазмұнының кеңдігі,тілінің өткірлігі,мағынасының тереңдігі әрі  ол  барлық барлық халыққа әсерлі,жалпы  адамзатқа  ортақ ,мағынасының тереңдігі әрі  ол барлық халыққа әсерлі,жалпы адамзатқа ортақ,көңілге бөлекше келеді.Мақал-мәтелдің шығу  тарихы  жайлы  дөп басып айту  қиын екен.Мақал-мәтелдер –халық творчествосының төл  жемісі.Әуелі әрбір адам жеке ойлап шығармен ,жүре бара  халық қазынасына  айналған.

Дегенмен,кейбір мақалдардың шығу  тарихы  жайлы  аңыздар бар екен,соны  сіздерге  айтып берейін.

«Баяғыда бір  даңқы елге  жайылған хан  ел-жұртын жинап алып,үкім шығарып,бұйрық беріпті.Барлығың тегіс бір – мақал не мәтел сөз тауып келесіңдер!-депті.Сонда  бір  қарапайым  кедей  мақал  таба алмапты.Хан  үкімінен қорыққан халық  бір-бір мақалдан тауып  айтып  беріпті.Бірде  бір  мақал  таба алмаған  кедейді  суға  батырып,тұншықтырып өлтіріңдер!-деп жендеттеріне бұйырыпты.Хан  уәзірлерінің бірі  кедейді суға  батырып өлтіру  үшін  дайындық жасап  жатқанда ,әлгі кедей қорқып,дірілдептұрып: «Көп  қорқытады,терең  батырады»-деген осы  екен  ғой  депті .Сонда  уәзір: «Мынау қорыққанынан жаңа  мақал айтып  жібереді,енді мұны  өлім  жазасынан құтқару  керек,- депті.Осылай  қорыққан кедей  тосыннан тауып айтып,тың мақал оны  өлімнен құтқарған».

Зерттеу жұмысымның  мақсаты:Ағылшын  тіліндегі  мақал-мәтелдердің  қазақша  баламасын табу.Қазақ-ағылшын мақалдарын салыстыра зерттей отырып,олардың мазмұнын межесіндегі  ұқсастықтары  мен ұлттық сипатын ашу.

Бейнелік нақыл өздер  мен мақал-мәтелдерді  қолдану арқылы халық  даналығының мағынасына терең  үңіліп түсіну ,аударма  жасау  арқылы тілі үйрену.Осы  мақсаттарды орындау  үшін  төмендегі міндеттері  шешу көзделді:

-мақал мәтелдерді  тақырыптық  топтар  бойынша  жүйелеу

-қазақ ағылшын  мақал-мәтелдердің  семантикасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды айқындау:

-тілдік  құрылым жағынан  әр тектес  топтарына  жататын  қазақ-ағылшын тілдеріндегі  мақал-мәтелдерді  салыстыру.

Мақал-мәтелдердің қысқа  әрі  нұсқа  даналығы ,өмір айнасы екендігіне  көз жеткізу.

Зерттеу жұмысының өзектілігі:

Қазақстан Республикасының  егеменді  ел  халықаралық қатынастар субьектісі болуына  және қазақ тілінің  мемлекеттік мәртебе алуына байланысты.Өзара  қарым-қатынастың  нығаюы,тіл  аралық байланыстардың,ағылшын –қазақ  қос  тілдігінің  жандануы,дамуы,осыған орай,классикалық,көркем-әдеби шығармалардың,ақпараттардың,халықаралық зор  мәнділікке  ие  құжаттардың  аралық  тіл  ықпалынсыз  тікелей қазақ тіліне аударылуы өрістеп келедіАл, шетел  тілін  үйренуде  және  аударма  жұмысында  аса  бір  қиындық туғызатын тілдік  бірліктер фразиологизмдер мен мақал-мәтелдер.Оның  себебін фразиологиялық паремиологиялық жүйесіндегі  тұрақты  тіркестердіңиұлттық  сипатының, ұлттық  нақтылығының ерекшелігімен түсіндіруге болады.Тілдік  бірліктердің  тұтас  мағынасына жете  түсінбей  тіркес  құрамындағы  сыңарлар мәнін негізге  ала отырып аудару  сәтсіздіктерге ұшырату  мүмкін. Сондықтан  мақал-мәтелдердің  тіл  аралық симантикасын салыстыра зерттей  отырып,ондағы  жалпы  халықтық мәнділіктер  мен заңдылықтарды және этностық  екшеліктерді сондай –ақ ұлт,тіл,мәдениет және өркениеттің өзара сабақтастығын айқындау да өзекті мәселң.  «Ұлт  пен біртұтас» деген  қағидаға сәйкес,қаза-ағылшын  мақал мәтелдердің  тек  тілдік емес этнолингвистикалық тұрғыда қарастырубірлік астарындағы ұлттық  болмысты  тану  жағынан да  көкейтесті  мәселелер қатарына жатады.хъ

Қазіргі  таңда еліміздің  басшысы Н.Ә.Назарбаев  халқымызға  үш тұғырлы  тіл:қазақ тілі-мемлекеттік  тіл,орыс тілі –қарым-қатынас тілі,ағылышын тілі –халықаралық тілді  меңгеру жөнінде  мақсат  қойып  отыр.Осыған  байланысты  қай  тілді  меңгерсек  те оны  әдемі ,таза, шебер  сөйлеуіміз керек.

Тыңдаушымызға  ойымызды  әсіресе  жеткізе  білуіміз қажет.

Басқа  тілдегі  мақал-мәтелдерді біліп түсіну-бұл тілді  жақсы  меңгеруге  көмектесіп қана қойма,сонымен  қатар  басқа  халықтың ой- бейнесін және  мінез-құлқын түсінуге  үлес қосады,дәнекер болады.Мақал-мәтел,нақыл сөздер тілімізді байыта  түсетін халықтың асыл қоры .

ІІ.Негізгі  бөлім

«Мақал-мәтел сөз мәйегі»

Мақал-мәтелдер –сөздік  құрамының  халық  өміріндегі әрқилы кезеңдерді,қарым-қатынаспен қоғамдық  құбылыстарды  бейнелей  сипаттайтын  көңілді ойды  шебер де  ұтымды  жеткізетін,қысқа  әрі нұсқа  тұжырымдама жасайтын,мән-мазмұнға  байланысты  бөлігі.

Ә.Қайдар: «Кез-келген эпостың,ұлттың тілінде  оның  басынан  өткен  бүкіл  өмірінің  өрнегі  жатыр.Халықтың  яғни эпостың ,ұлттың   ұлыстың тілінде  оның  басынан  өткен  бүкіл өмірінің өрнегі жатыр. Халықтың  яғни  эпостың  шын  мәніндегі  құбылыстың аты,жөні ,сыр – сипаты  қоғамдық  қатынастар әдет-ғұрып,салт-санамен  дәстүрлер жайлы  мағлұматтардың  бәріде  кейінгі буындарға  тек тіл фактілері арқылы  ғана  яғни  тілдегі сөздер мен  сөз тіркестері,фразиологизмдер ен мақал-мәтелдер  арқылы  жетіп  келуі  мүмкін-деп өз тұжырымын  айтқан  болатын.юю

Мақал-мәтелдер қай халықтың  жан дүниесінің,тыныс-тіршілігінің айнасы ;байлығын танытып қана   қоймайды.Оның  уақыт  озған  сайын  құны  артпаса,арзымас  қазына  екенін де  сездірер белгісі.

Кез келген  халықтың  даналығы мен рухы  сол  халықтың  мақал-мәтелдеріне анық көрініс береді.

Ал басқа  тілдегі  мақал-мәтелді  біліп түсіну-бұл тілді жақсы  меңгеруге көмектесіп қана қоймай,сонымен  қатар басқа  халықтың  ой- бейнесін  және  мінез-құлқын түсіндіруіне  көп  үлес қосады,дәнекер болады.

Мақал-мәтел,нақыл сөздер тілімізді  байыта  түсетін халықтың  асыл  қоры.Шетел тілін  үйрену  үшін  мақал-мәтелдерді  жаттап,аударма  жасаудың  көп  көмегі  бар.Қай елдің мақал-мәтелдерін алсақ та,барлығының басты  ерекшелігі тәрбиелік маңыздылығы.

Тақырыпқа  сәйкес ағылшын  тіліндегі     мақал-мәтелдердің қазақша  баламасын табу  арқылы  шетел тілін үйренуіме  елеулі көмегін көрсетті.

Иә, ХХІ ғасыр  бүкіл  әлемнің  тұтасымен даму  заманы .

ХХІ –ғасыр  адамды ол әлбетте   белсенді  және жан-жақты  болу  дегеніміз,ол  басқа  дамыған  елдердің  мәдениетін ,оның  ішінде  өзменталитетімізге  сай келетін  жақсы  жақтарын ,еліміз болса әлеуметтік  экономикалық,саяси  ақпарат және технологиясын алмаса білуі.Ал мұның  маңызы  шет  тілдерін үйренуде жатыр.

Қай тілді  меңгерсек  те  сол  тілді  болмасын,сол тілдің  көркемдігін ,нақышын  беретін шырайы.

Екі  тілде  де  мақал-мәтел халықтың  әлеметтік   шаруа

шылық,рухани  өмірінің бар  саласын  қамтиды.

Зерттеу барысында  мақал-мәтелдерді бірнеше топқа сараладым.

а) Адам  және  оның қасиетіне  байланысты мақал-мәтелдер

ә) Еңбек  және кәсіп  туралы

б)Ғылым-білім туралы

в)Денсаулық туралы

г)Тіл өнері

д) Достық ,жолдастық туралы

Адам  және  оның қасиеті

              Human being  and  human nature                                                                                    

1.A good  beginning  makes  a good  ending

2.All     is not  gold  that  glitters

3.Four  eyes see  for  than  two

4.One  man,no man

5.Half  a loaf is   better  than  no  bread

6.Don’t  cross  the bridge before you come to it

7.Forewarned is  protected

8.A man  can’t  live  without  other  man

9.There is  no life  without  unity

10.Handsome  is that handsome  does

11.Cut  your  coat  according to your cloth

12.Appearance is deceitful

13.Learn  from  clever, avoid  fool

              Work  and  labour. Profession

                    Еңбек  және кәсіп  туралы

1.Art  is long, life  is short

2.In doing  the  learn

3.As you  sow ,you shall mow

4.A stitch in time saves nine

5.Business-before  pleasure

6.No pains, no gains

7.A tree  is  know  by  its  fruit

8.Little  stroks fell great oaks

9.The end  crowns  the  work

Science  and  knowledge

1.Knowledge  is power

Білім -қуат

2.live and learn

Оқусыз   білім жоқ,білімсіз күнің жоқ

3.Where  is a  will  there  is  a way

Іздеген  мұратына жетер

4.Power  is knowledge, knowledge  is in  the  books

Күш білімде,білім кітапта

5.Clothes  don’t  beauty  a man  but  knowledge

Адам  киіммен  емес,біліммен көрікті

6.So many  men ,so many  minds

Көптің ойы кеменгер

7.Science is  sea, knowledge  is ship

Ғылым – теңіз,білім-  кеме

8.Book  and  science is  a teacher without tongue

Кітап пен  ғылым –тілсіз  мұғалім

9.Life  is short ,art  is  long

Өмір қысқа ,өнер мәңгі

10.Learn  wisdom  by  the  follies  of  others

Көргеніңді  көңілге  түй

                       Language  and  speech

                           Тіл . Тіл өнері

  1. Actions speak louder than words

Адамды  сөзінен емес,ісінен таны

2.A closed mouth catches  no flies

Үндемеген  үйдей  бәледен құтылады.

  1. First think ,then speak

Айтылған оқ атылған  оқпен  тең

  1. All roads lead to Rome

Қызыл тіл Римге жеткізер

5.The language is a key of  mood

Тіл-көңілдің  кілті

Friend  and Friendship

Дос және  достық туралы

A friend  to all is  friend  to none

Досы көппен сыйлас досы  азбен сыйлас

2.Friends  eye  is a good  mirror

Дос көзі – шынайы айна

3.A friend  in need is  friend  indeed

Дос адалы түзде  белгілі

4.You know  a man by  his  friends

Адамды  досына  қарап таны

5.Old  friends  and  old  wine  are   best

Ескі дос есіңде жүрсін

                  Денсаулық  туралы

                   About     health

1.Health is better than  wealth

Денсаулық –зор байлық

2.Take  a hair  of  the dog that  bit  you

Неден  ұшынсаң ,сонымен емдел

3.Custom  is  a second  nature

Ауру қалсада ,әдет  қалмайды

4.Every  heart knows its  own  bitterness

Әркімге  өз ауруы батады.

5.If each  would  sweep before his  own  door

He should  have  a clean city

Тазалық  бар жерде ,денсаулық бар

6.Agues come  on horseback but  go away on foot

Кесел  батпандап кіріп,

Мысқылдап шығады

Ағылшын  тіліндегі  мақал-мәтелдерді қазақ  тіліндегідей өн бойында  поэзияға  тән жинақтық,үнділік-саздылық ұйқас –ырғақтылық байқалды.

Онда  басы  артық  бір сөз  болмайды.Барлығы  өз орнында, екшеленген сұрыпталған,жылдам біріккен формасына  сай.

Қазақ –ағылшын  мақал-мәтелдердің  туа және ауыспалы  мағынасы болады. Төмендегі мақалдар  тура  мағынасында

Time  and  tide  wait no man

Уақыт ешкімді күтпейді

No news – good new

Жаңалықтың  жоғары-жақсы  жаңалық

Better  late  than  never

Ештен кеш жақсыan

Never  put  off till tomorrow

What you  can  do today

Еріншектің ертеңі  бітпес

Early bird  catches the  worm

Ерте тұрған  адамның бір ісі  артық

All are not  saints that  go to  church

Мазарға  барғанның  бәрі  молда  емес

Кейбір  мақалдарға  айтпақ ой  астарлы  мағынада  ишарамен  берілді.

Love me, love  my  dog

Мені жақсы көрсең,итімді де  жақсы  көр

English house   is his castle

Өз  үйім ,кең  сарайлы  боз үйім

One drop of  poison  spoils the whole fun of wine

Бір қарын майды  бір құмалақ шірітеді

Every thing  is good  in its  season

Әр нәрсенің өз уақыты бар

All is well that  ends  well

Басы қатты  болса,аяғы тәтті болады

There is  no smoke  without fire

Жел болмаса , шөптің  басы  қозғалмайды

A drowning  man  will  catch at a straw

 

Суға  кеткен тал  қармайды

After  dinner  comes  reconing

Қыс шанаңды ,жаз   арбаңды сайла

Honey is  not  for  the  ass’s  mouth

Талғамы  жаман  татымдыны  сасытады.

Every  cook  praises his  own  broth

Сиыр  баласын торпағым дер,

Қарға баласын  торпағым дер

Қазақ  тіліндегі  мақал-мәтелдерге  қатысты  материалдарға  шолу  жасар  болсақ,оларды жинау ,жариялау ісі  екі  кезеңнен тұратынын байқаймыз:бірінші кезең –ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысы.Кеңес  дәуірінің 1948  жылдарына дейін  мақал-мәтелдерді  тек  халық  аузынан жинақтап,қағаз  бетіне  түсіріп,жеке  басылым ретінде  шығару  жұмыстарды  жүргізілген  болса,екінші кезең мақал-мәтелдерді  тілдік  тұрғыдан зерттеулердің  пайда  болуымен  сипатталады.Қазақтың  мақал-мәтелдерін  алғаш  қағаз  бетіне  түсірген ғалым — Ш.Уәлиханов

Қазақ  мақал – мәтелдерін жинақтап,баспадан шығару  ісі хронологиялық жүйе тұрғысынан алғанда,1874 жылдардан  бастау

алды. Алғашқы  жинақ  Ш.Ибрагимовтың  құрастыруымен  1874 жылы жарық көрсе,Ы Алтынсарин  1879 жылғы  «Қырғыз хрестоматиясы» атты еңбегіне ел  аузынан  жинаған  қазақтың  алпыс  жеті  мақалын   кіргізіп,1906  жылы  Орынборда  жарық көрген  христоматияның екінші  басылымына  ел  аузынан жинаған  қазақ  мақал-мәтелдерінің  ең  таңдаулы  екі жүз  үш нұсқасын  он бір  тақырыптық топқа  бөліп жариялаған.

Халық  мұрасын  жүйеге  келтіру ,насихаттауда  зор  үлес  қосқан

Танымал ғалым Ә. Диваев .Ғалым  халық  арасынан жинаған  мақал-мәтелдерін 1900  жылы жеке  кітапша   етіп,В.И.Ильиннің  баспаханасынан типографиялық әдіспен жариялатқан.

Ал,1927 жылы  Ә.Диваевтың  құрастыруымен  қазақ мақал-мәтелдерінің толық  жинағы  жарық көрді .

Халық  шеберлігі мен  шешендігінің  куәсі  іспеттес  жалпы  халық қорды  ұрпақтан –ұрпаққа жеткізуде Ө.Тұрманжановтың қосқан  үлесі  мол.Ол баспасөз  беттерінде ,жинақ ,кітапшаларда бұрын-соңды  жарияланған және  әдеби –тарихи мұражайларда  қолжазба  күйінде  сақталған халық  мақалдары мен мәтелдерін  сұрыптап  жүйеге  келтірген.Ағылшын тіліндегі  жалпы  халықтық  мұраны  жинақтап,жариялау жұмыстары  сонау  көне  ғасырдан қалыптасқан,күні бүгінге дейін  дәстүрлі  түрде  жалғасып  келеді.Тарихи  деректерге  сүйенер  болсақ,өте  көне  мақал-мәтелдер тізбегін қамтитын алғашқы   “Book  of Proverbs in the  Old Treatment” атты топтама       бесінші ғасырда жарық көрген.бұл жинаққа  өте  көне  ағылшын мақал-мәтелдері енген.Кейінгі  жинақтар  халық игілігіне  айналған осы  іске етене  араласып,зор  еңбек  сіңірген  оқымысты  ғалым Дизидериус Эрасмустесімімен тығыз байланысты.Ротердамда дүниеге  келіп,өз  заманының  ең ұлы  да оқымысты  ғылымдарының  бірі  атанған Дезидериус Эрасмус бүкіл Еуропаны  түгелге  жуық  аралай  жүріп, ағылшын  мақал-мәтелдерінің  жинағы  құрастырылған.Оның 1500 жылы «Collectapea»(818 ММ) ,1508 жылы Венецияда  Chiliades (3260 ММ) деген  атпен  жарияланған  жинақтары  1515-1536 жылдары  аралығында  толықтырылып  қайта  басталып шықты.

Артына өшпес  тарихи із қалдырған ғалымдарының бірі Джон Хеуд өзінің  алғашқы  «A dialogue Containing the  number in  effect of  all the  Proverbs in the English Tongue»  атты  еңбегін 1546 жылы кейінгілерін 1550-1560 жылдары бастырылып шығарды.Сондай-ақ 1610-1680 жылдар аралығында  бірқатар  мақал-мәтелдер жинақтары ,атап  айтқанда  1612 жылы  ағылшын  шіркеу  қызметшісі  Thomas Draxe ‘ Bibliotheca Scholastica Insthctissima or ,a Treasurie of Ancient Abagies, and Scholastiosh Proverbes ‘,  1639 жылы пастор ДжюКларктың  Paroemiologia  Anglo –Latina ,1659 жылы Дж.Хаузльдің «Proverbs» атты еңбектері жарық  көрді

Келесі  ғасырларда  бұрынғы  ескі  жинақтар толықтырылып,қайта бастырылып отырды.Джеймс Кэлли  «Complete Collection of English Proverbs» 1721 Томас Фуллер    Gnomologia: Adagies and Proverbs 1732 Bohn H.G.Bohn’s A Hand –book of Proverbs,1855 Уиллифм Кареу Хазилит «English Proverbs and Proverbial  Phrases» 1929,1935 жылы ағылшын  мақалдарын қамтыған Оксфордтық сөздіктің «The Oxford Dictionary of  English Proverbs» деп аталған алғашқы  нұсқаны жарық көрді.Уақыт өте  келе  бұл сөздіктің толықтырылған нұсқалары бірнеше мәрте  басылып шыққан.

Америка Құрама Штаттарында  да осы  мақсатта бірқатар жұмыстар  атқарылды.Әсіресе,Бэнджами Франклиннің  Poor Richard’s  Almanack      (1733,1758),Буртэн  Стэвэнсонның «Book  of  Proverbs,Maxims and Familiar Phrases» (1949) еңбектерінің маңызы өте зор.

Қорытынды

Сөз өрнегі

Мақал-мәтелдер халық  тарихы,оның әлеуметтік тіршілігі,ақыл-өнегесі,даналығы мол көрініс тапқан,ой дәлділігімен,ықшамдылығымен ерекшеленетін  тілдік  бірліктер болып табылады.

Параллелизм құбылысының орын алуына  байланысты  мақалдардың  дені  егіз жолды,қос  тармақты  болып  табылады.

Сондай –ақ үш  тармақты ,төрт  тармақтыларыда кездеседі.Мақалда  айтылатын ой не туралы ,не  астарлы  түрде  беріледі және  көп  жағдайда  үлгі ,өнеге,өсиет айтуға  құрылады.Ал мәтел,сөз тіркесі  қалыптасқан нақышты  орамды сөйлемше  түріне  келіп,көңілдегі  ойды емеурін арқылы жеткізеді және  нақты  тұжырым қорытынды  пікір жасалмайды.

Мақал-мәтелдердің  тұрғысының тұрақтылығы мен тілде  бұрыннан  «дайын»  материал ретінде  қолданылатын    сипаттары  оларды  фразеологизмдер қатарына қосып,осы салада  зерттеуге толық  мүмкіндік  береді.

Мақалдар тілдегі  қолданысы мен мағынасы жағынан екі топқа  бөлінеді: тура мағынада және  ауыспалы  мағынада  қолданылатын тұрақты  тіркестер.Бірқатар қазақ  және  ағылшын  мақал-мәтелдерінің  құрамы мен құрылымы және  мағынасы тұрғысынан өзара  сәйкестіктері  байқалады,абсолютті эквивалент, яғни теңбе-тең  балама  түрлері де кездеседі.

Ағылшын мақалдары көбіне бір  сөйлемнен ғана құрылса,қазақ мақалдарының басым көпшілігі екі  не бірнеше тармақты болып  келеді.Қазақ  мақал-мәтелдеріндегі  айтылап ойдың  басқа  бір жағдай ,не  құбылыспен  салыстырыла  жеткізілуін  тілдік  ерекшеліктер  санатына жатқызуға  болады.

Қазақ мақалдарының белгілі бір ұйқасы дыбыс үндестігі,тұлға  сәйкестігі және  мағына  үйлесімділігі тәрізді шарттарға негізделіп құралуы қазақ  халқының ертеден шешендік өнерге ,ақындыққа  ерекше  көңіл бөлумен байланысты.

Ағылшын  мақал-мәтелдерінің  ауқымды  тобы қасиетті  кітап Інжілден В.Шекспир сынды  ағылшын  классикалық әдебиетінің  ұлы  тұлғаларының  шығармаларынан,халықтық  аңыз  әңгімелерден  бастау алды.

Қазақ  және  ағылшын паремиологизмдерінің қайнар көзіне  байланысты  негізгі  айырма  мынада:Қазақ  мақал-мәтелдерінің  көлемді  бөлігі  қасиетті кітаптан тараған ұлағатты сөздер болып табылады,ауызша  таралған мақал-мәтелдер жетекші  орында емес.Сондай-ақ  Шекспир сынды  классиктердің  қаламынан туындаған  бейнелі тілдік бірліктер  ерекше  орын алады.

Ағылшын  тіліндегі мақал-мәтелдердің құрамында елді-мекендердің атаулары мен кісі есімдері жиі  кездеседі.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» 7-том Алматы Ғылым 1983ж

2.Ақыл көзі  Алматы  жазушы 1990 ж

3.Дессертациялық               автореферфт     Қабден  Мақсат

  1. «Халық даналығы» әбдуәли Қайдар.Мақал-мәтел туралы пікірі

5.Қазақ мақал-мәтелдері құрастырған:Ж.Дәуренбеков.                   Алматы .2001 ж

  1. «Сөз мәйегі», «Даналардан шыққан сөз » мақал-мәтелдер жинағы М.Әлімбаев
  2. «Ағылшын тілі мектепте» Республикалық ғылыми әдістемелік журнал  №3 2009,№5 2010
  3. Ағылшынша-қазақша сөздік
  4. «Қазақ,орыс,ағылшын ,неміс тілдеріндегі мақал-мәтелдердің мағыналық ұқсастығы және тәрбиелік мәні»