Ата, бата.
- Сабақтың тақырыбы: Ата, бата.
Сабақтың мақсаты: 1. Бата туралы түсінік беру. 2. Оқуға ынтасын арттыру.3 Оқушылардың ой-өрісін дамыту,
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау, қайталауЖұмбақтар, жаңылтпаштар, мақал-мәтел айтқызу.
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ а) Бата туралы мағлұмат беру. ә) Бата әр түрлі тақырыпта берілетінін түсіндіру. б) Әр түрлі бата оқи отырып мазмұнына түсінік беру. в) « Ата, бата.» мәнерлеп оқу.
Мектептен қайтты Марияш, Әліппесі қолында.
Шақырды оны атасы, -Кел, құлыным, кел мұнда.
Марияш келді «Ата!»-деп, «Ата, берші бата»-деп.
-« Бата!»десең, қарт атаң, Айналсын сендей ботасын!
Оқы, құлыным, ғалым бол, Атаң берді батасын! ІҮ.Сабақ қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта не жайында білдік?