Тіл және сөйлеу. Ананың тілі-аяулы үні
- Сабақтың тақырыбы: Тіл және сөйлеу.Ананың тілі-аяулы үні
Сабақтың мақсаты: а) Сөйлеу мәдениетіндегі тіл қызметі ана тілінің құдіреттілігі туралы түсінік беру. ә) Оқушылардың ана тілінде сөздік қорын қалыптастырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту б) Ана тілін құрметтеуге, оны шұбарламай таза сөйлеуге тәрбиелеу . Оқушылардың патриотттық сезімін қалыптастыру
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: плакаттағы сурет, ана тілі туралы нақыл сөздер, автордың портреті, автордың өмірбаяны
Сабақта пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгіме, магнитофон немесе баян
Пәнаралық байланыс: музыка
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу.Сыныптың сабаққа дайындығы.Оқушыларды түгендеу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.
II.Мақсат қою кезеңі -Балалар , біз сендермен 1 кезең «Әліппе кезеңін» аяқтап бүгін сендермен 2-кезең «Ана тілі кезеңімен» таныс боламыз.
III. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі -Бүгінгі өтетін жаңа тарау «Тіл және сөйлеу». -Балалар, сөйлеу не үшін қажет?Сөйлеуде тіл қандай қызмет атқарады?
Бүгінгі өтетін тарау бастамасы С.Торайғыровтың «Сүйемін туған тілді анам тілін » өлеңімен басталады.Өлеңді мен сендерге мәнерлеп оқып берейін, содан кейін талдаймыз.
Сүйемін туған тілді-анам тілін, Бесікте жатқанымда-ақ берген білім
Шыр етіп жерге түскен минутымнан, Құлағыма сіңірген таныс үнім
Оқушылардың өздеріне тізбектей оқытамын
Анамның тілі-аяулы үні Ш.Смаханұлы, өлеңді оқи отырып әнімен айтқызу.Өлең арқылы ақын не айтқысы келді? Сергіту сәті
IV.Жаңа материалдар бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңі -Балалар , өлеңде не туралы айтылған? Сөз неден құралады? Сөйлеу қалай жүзеге асырылады? -Дұрыс .Сөйлеу тіл арқылы жүзеге асырылады.Ал енді мына суретке мән берейік.суретте не көріп тұрмыз? -Кім маған сурет бойынша шағын әңгіме құрап береді?
V.Бекіту кезеңі -Балалар, біз сендермен қандай жаңа тарау бастадық? Өлең не туралы айтылады?-Сөйлеу не үшін керек? -Өзің айтқың келген пікіріңді, тілегіңді өзгелерге қалай білдіресің?
- Үйге тапсырма .Бағалау.өлеңді жаттап келу, бағалау жауаптарына қарай, сабаққа қатысқандарына қарай бағалаймын