АҒЫЛШЫН ТІЛІ оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін мектептің қоғамдық — гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
АҒЫЛШЫН ТІЛІ оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін мектептің қоғамдық — гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
- I. ТҮСІНІК ХАТ
Білім берудің «Тіл және әдебиет» саласына кіретін оқу пәні — шетел тілі (ағылшын тілі). Ұсынылып отырған «Шетел тілі» оқу пәні — тіл материалы (фонетика, лексика, грамматика), сөз әрекетінің түрлері (тыңдап түсіну, сөйлеу, оқу және жазу), оқытылып отырған тілдің мәдениетаралық-коммуникативтік қызметі болып табылады.
«Шетел тілі» пәнінің мектептегі басқа пәндерден ерекшелігі сол, ол тек тілдік білім жүйесін (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық) оқытумен шектелмейді, ең бастысы шетел тіліндегі сөз әрекетін мәдениетаралық қарым-қатынас құралы ретінде меңгертіп, нәтижесінде көптілдік және көптүрлі мәдениетті түсінетін тұлғаны қалыптастырудағы рөлімен дәйектеледі.
Оқытуда екінші тілдік тұлғаны қалыптастыруға септігін тигізетін тіл формасы мен мазмұнының ара қатысы, тіл мен мәдениеттің, тіл мен ойдың өзара тікелей байланысы аталған пәннің негізгі заңдылықтарының негізін қалайды.
Шетел тіліне оқу пәні ретінде басқа пәндермен өзара пәнаралық байланыс тән, себебі шетел тіліндегі сөйлеудің пәндік мазмұны басқа білім салаларынан алынатын мағлұматтарға сүйенеді. Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың білімдік әрекеттік нәтижесі оқушылардың универсалды сипаттағы білімдерін кеңейтуде, шеттілдік қарым-қатынастың пәндік мазмұндық аспектісін байытуда, оқу мотивациясын арттыруда, жеке тұлғаны және оның білім алу мен өзін-өзі жетілдіруін дамытуда көрінеді.
Ағылшын тілі курсының жалпы орта білім беру деңгейіне: В1- бастапқы қоғамдық-гуманитарлық бағыты жатады.
Оқу пәнінің жалпы мақсаттары.
Шетел тілін оқыту 5-9 сыныпта қол жеткен оқытудың бастапқы деңгейін негізге ала отырып, негізгі білім беру деңгейінде үздіксіздік ұстанымына сәйкес шеттілдік біліктіліктердің ары қарай тереңінен қалыптасуы мен дамуын көздейді. 10-11 сыныптарда оқушылардың шетел тілі бойынша дайындығының негізгі (жалпы білім беру) деңгейінің мазмұны В1 бастапқы (қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы) деңгейіне сәйкес келеді.
«Шетел тілі» (Ағылшын тілі) оқу пәнінің жалпы мақсаттары:
- Көптілді тұлға қалыптастыру: әлем мәдениетінің құндылықтарымен танысу, мәдени диалог негізінде туған мәдениетін терең түсіну, гуманистік дүниетанымға тәрбиелеу;
- Коммуникативті — мәдениаралық құзіреттілік пен оны құрайтын қосымша құзіреттіліктерді қалыптастыру: тілдік, сөйлесімдік, әлеуметтік – мәдени, лингво – мәдениеттік, компенсаторлық, оқу – танымдық.
Тілдік құзіреттілік — тақырыптар мен қарым-қатынас аясына сәйкес жаңа тілдік әдістерді игеру, мектепте алған тілдік білімді жүйелеу, кәсіптік-бағдар сипатындағы ақпараттар көмегімен білім көлемін арттыру;
Сөйлесімдік құзіреттілік- араб тілін тыңдап-түсіну, оқу, сөйлеу, жазу негізіндегі танымдық және қатынас құралы ретінде қолдану;
Әлеуметтік-мәдени құзіреттілік- оқитын елдің әлеуметтік – мәдени ерекшеліктерін білу арқылы білімін арттыру, сол ерекшеліктерге сай сөйлесім құрауға дағдылану;
Лингво – мәдениеттік құзіреттілік- лингво-мәдени жайттарды дұрыс әрі жаңаша көзқараспен түсіну дағдысын қалыптастыру;
Компенсаторлық құзіреттілік- шет тілін қолдану арқылы қарым-қатынаста тілдік құралдардың жетіспеу жағдайынан шыға білу қабілеті;
Оқу-танымдық құзіреттілік- арнайы оқу қабілетін дамыту, оқып жатқан тілді білімін, таңдаған мамандығын жалғастыру мақсатында қолдану.
10-11 сыныптарда «Шетел тілі» (ағылшын тілі) Орта деңгей В1 («Қалыптасқан игерім 1») және Орта деңгей В1+ («Қалыптасқан игерім 1.2») деңгейлі оқу пәндерінің міндеттері:
1) пәнаралық байланыстарды (сөз таптарын, синтаксис, морфология, фразеологизм; тарихи оқиғалар, географиялық құбылыстар, өз елінің мәдениеті т.б.) қолдану арқылы тілдік білімді кеңейту;
2) оқушыларды әлеуметтік, лингво-мәдени, тұлғалық қасиеттерін нығайту, өзге өмір қалыптарын, өзге таным мен сезім жүйесін бағдарлау қабілетін дамыту, тақырыптағы әлем мәдениетін оқушылардың түсінуі, әлеуметтік мәселелерге сыни көзбен қарау;
3) ағылшын тілін танымдық және қарым-қатынас құралы ретінде қолдану, тілдік тәжірибеде жетілдіру (сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, жаңа ақпараттық құралдардың көмегімен);
4) ағылшын тілін меңгеруде оқушылардың белсенділігін ары қарай дамыту, өзін -өзі бақылау мен бағалауға дайындау, сонымен қатар оқып жатқан тілін, білімін жалғастыру мақсатында қолдану.
Оқытудың мазмұнын іріктеу методологиялық, жалпы дидактикалық және жеке әдістемелік ұстанымдардың негізінде жүзеге асады.
Методологиялық ұстанымдар: когнитивті, коммуникативті, әлеуметтік-мәдени, лингво-мәдени, рефлексті-дамулық.
Жалпы дидактикалық ұстанымдар:
Сабақтастық ұстанымы оқытудың барлық сатыларының арасындағы жалғастықты әдіснама, мазмұн, әдістеме және технология деңгейінде оқытуды қамтамасыз етеді.
Белсенділік ұстанымы 3 ұстаным тобын қарастырады: тұлғалық-бағдарлау, мәдени-бағдарлау, қызметтік-бағдарлау. Тұлғалық-бағдарлау ұстанымына бірегейлік ұстанымы, даму және психологиялық жайлылық ұстанымдары жатады. Мәдени-бағдарлау ұстанымына әлем бейнесі ұстанымы, білім мазмұнынының бүтіндігі, жүйелілік және әлемге түсінікті көзқарас ұстанымдарын қамтиды. Қызметтік-бағдарлау ұстанымы оқушының оқу белсенділігін, оқу жағдайынан өмірлік жағдайдағы іс-әрекетке өту және оқу-танымдық жұмыстардан жеке әрекет ету ұстанымын қарастырады.
Пәнаралық интеграция ұстанымының өткенді шолатын (ретроспективті), қатарлас (параллельді) және перспективті қасиеті бар және бұл ұстаным екі түрлі тәсілмен іске асады:
- мазмұнының жекелеген бөлімдері «Шетел тілі» пәнінің сөйлесімге бағытталған (речевой) тақырыбында кездесетін, «Тіл және әдебиет», «Адам және қоғам», «Өнер» және т.б. осы секілді пәндер салаларының пәндік білімдерін қолдану жолы;
- шет тілдерді меңгеру саласына басқа пән салаларынан әрекет тәсілдерін тасымалдау жолы: мәтіннен ақпаратты тауып алу тәсілі, мәтінді мағыналық бөліктерге бөлу, негізгі және нақтылаушы ақпаратты бөліп алу және т.б. (әдебиетпен байланыс); өзектілік тәсілі, салыстыру, жүйелілік, қарсы қою, себеп-салдарлық байланысты анықтау және т.б. (ана тілімен байланыс).
Түсініктілік ұстанымы шет тілін оқыту барысында жоғары сынып оқушыларының психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып психологиялық үйлесімділік жағдай тудыруға мүмкіндік жасайды. Балалардың қарым-қатынас жасауына және олардың өз жетістігін сезінуіне мүмкіндік беретін тілектестік ниетті ұстану оқу процесінің тиімділігінің маңызды шарты болып табылады.
Жүйелілік пен сабақтастық ұстанымы сабақ барысындағы тілдік материалды жүйелеу, қорыту және қайталау арқылы жүзеге асады.
Көрнекілік ұстанымы көрнекі құралдардың барлық түрлерін қолдану, оның ішінде вербальды, суретті т.б. көрнекілік құралдары кіреді.
Пән бойынша оқу жүктемесі.
ҚР ЖМБС типтік жоспарына сәйкес 10-11 сыныптарда қоғамдық — гуманитарлық бағыт бойынша ағылшын тілін 10 сыныпта аптасына 4 сағаттан, барлығы — 136 сағат, 11 сыныпта аптасына 2 сағаттан, барлығы 68 -сағат оқытылады.
Оқу пәні мазмұнының вариативтік бөлігі.
Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты шеңберінде қосымша оқу бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған.
Білім беру мазмұнының вариативтік бөлігі оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып жеке мінез құлығын дамытуды қамтамасыз етеді; оқушылардың және олардың ата-аналарының білімдік сұраныстары ескеріле отырып оқытуды ұйымдастыру арқылы жүзеге асады.
«Ағылшын тілі» пәнін тереңірек оқыту үшін тақырыптар бойынша келесідей вариативтік бағдарламаларды дайындауды ұсынуға болады:
10 сынып: Қазақстан мен Ұлы Британиядағы отбасы дәстүрлері
11 сынып: Сервистік тілдік қызмет ету (сауда желісі).
ІІ. ОҚУ ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
Сағат санын көрсете отырып, сынып бойынша білімнің базалық мазмұнын бөлу
10 сынып
(аптасына — 4 сағат. жылына — 136 сағат)
- 1. Тіл бөлімі
Сөйлесімнің фонетикалық сипаты.
Тыңдап айту және ритм-ырғақтық дағдыларды дамыту; дұрыс ырғақты сақтау.
Сөйлесімнің лексикалық сипаты.
Өнімді лексикалық минимум – көлемі негізгі мектеп бойынша — 1000 лексикалық бірлік, қосымша — 100 лексикалық бірлік; бұл сөздер осы кезеңнің тақырыптары төңірегіндегі жағдаяттар мен салаларды қамтиды және оған тілін үйреніп жатқан елдегі халықтар мәдениетінің ерекшелегін, көрсететін бағалау лексикасы, фразеологиялық тіркестер, ым-ишаралық белгілер жатады. Оқылымға және тыңдалымға қажетті лексикалық минимумның жалпы саны — 2100-2300 лексикалық бірлік.
Сөйлесімнің грамматикалық сипаты
Грамматикалық конструкциялар, коммуникативтік жағдайларға байланысты грамматикалық айтылымдардың өзгеруі, ауызша және жазба мәтіндердің грамматикалық құрылысы, құрмалас сөйлем құрылысы, күрделі құрылымдарды грамматикалық түзу үшін табыс септігін қолдану, бағыныңқы сөйлем шегін анықтаудағы көмекші сөздердің күрделі сөйлемдерде атқаратын қызметі.
- Сөйлесімдік коммуникативтік бөлімі
Сөйлесім. Диалогтық сөйлеу.
Жаңа тақырыптың негізінде және дәлелдерді көңіл-күй бағалау құрылымдарын пайдалана отырып, сөйлесудің және бейресми жағдаяттарында қолданылатын көбейген лексиканың негізінде аралас (диалогтың әр түрінің қосындысы) диалогтар жүргізу. Мәлімет алмаса отырып, алған мәліметті анықтай отырып, оларды түсінуге ұмтыла отырып, айтылып және талқыланып жатқанға өз ойын білдіре отырып, күнделікті сөйлесу және әңгімелесу жағдаяттарына араласу. Диалог көлемі — әрбір айтушы жақтан 15 репликаға дейін болуы қажет.
Монологтық сөйлеу.
Көргеніне/оқығанына байланысты көпшілік алдында сөйлей алулары, ойын жүйелі түрде дамыту, прагматикалық құндылықты ескеріп сөйлеу. Өткен тақырыппен және оқыған/тыңдаған мәтіндердің проблемаларына байланысты мәлімдеме жасау, айту, пайымдау жасай алу, оқиғаларды суреттеу, деректер беру. Монологтық сөйлеудің көлемі — 20 фразаға дейін.
Тыңдалым.
Күнделікті сөйлесудің кең таралған жағдаяттарында кездесетін аутентивтік айтылымдардың негізгі мазмұны көрсетілген тақырыптың көлемінде берілген әртүрлі жанрдағы (функциональдық, жағдаятты-тақырыптық) аудио-видео мәтіндерден ақпарат таңдап алу. Аудиомәтіннің айтылу уақыты — 3 минутқа дейін.
Оқылым.
Алдыңғы кезеңдердегі әртүрлі жанрдағы (публицистикалық әдеби ғылыми/көпшілікке арналған және прагматикалық) оқылымның әр түрін (таныса оқу, көз жүгіртіп қарап шығу, іздеп оқу, зерттеп оқу) оқу.
Жазылым.
Мәтіннен керекті нәрселерді таңдап көшіру, ауызша жазбаша мәлімдеменің негізі ретінде тұжырым жасау.
- Әлеуметтік-мәдени бөлім
Өз елінің және тілін үйреніп жатқан елдің әлеуметтік-мәдени бейнесін айтып беру. Өз елінде және тілін үйреніп жатқан елде болып жатқан жағдайларды сипаттап, оларға баға мен айырмашылықтарын көрсету. Басқа елдің өкілдеріне өз елінің мәдени жетістіктері туралы айта отырып, оларға әлеуметтік-мәдени ақиқаттан реалийлар туралы түсінік беру
- Оқытудың сөйлеу тақырыптары
Орта деңгей В1 («Қалыптасқан игерім 1»)
- Әлеуметтік – тұрмыстық сала.
- Британия және Қазақстандағы отбасы өмірі. Корольдер отбасы
Life style of a modern family in the UK and Kazakhstan. The Royal Family.
- Денсаулық күтімі.
Health Care
- Әлеуметтік – мәдени сала
- Саяхат.
Traveling.
- Жағрафия, мәдениет және табиғат
Geography, culture and nature.
- . Уақыт және Жастар. Time and Youth
- Оқу-еңбек саласы.
- Мамандықтар әлемі. Болашақ мамандықтары.
The world of jobs. Jobs of the future.
11 СЫНЫП
(аптасына — 4 сағат. жылына — 136 сағат)
- 1. Тіл бөлімі
Сөйлесімнің фонетикалық сипаты.
Тыңдап айту және ритм-ырғақтық дағдыларды дамыту; дұрыс ырғақты сақтау.
Сөйлесімнің лексикалық сипаты.
Өнімді лексикалық минимум – көлемі негізгі мектеп бойынша — 1000 лексикалық бірлік, қосымша — 100 лексикалық бірлік; бұл сөздер осы кезеңнің тақырыптары төңірегіндегі жағдаяттар мен салаларды қамтиды және оған тілін үйреніп жатқан елдегі халықтардың мәдениетін ерекшелегін, көрсететін бағалау лексикасы, фразеологиялық тіркестер, ым — ишаралық белгілер жатады. Оқылымға және тыңдалымға керекті лексикалық минимумның жалпы саны — 2100-2300 лексикалық бірлік.
Сөйлесімнің грамматикалық сипаты
Грамматикалық конструкциялар, коммуникативтік жағдайларға байланысты грамматикалық айтылымдардың өзгеруі, ауызша және жазба мәтіндердің грамматикалық құрылысы, құрмалас сөйлем құрылысы, көмекші сөздердің, бағыныңқы және басыңқы сөйлемдер.
- Сөйлесімдік— коммуникативтік бөлім
Сөйлесім. Диалогтық сөйлеу.
Жаңа тақырыптың негізінде және дәлелдерді көңіл-күй бағлау құрылымдарын пайдалана отырып, сөйлесудің және бейресми жағдаяттарында қолданылатын көбейген лексиканың негізінде аралас (диалогтың әр түрінің қосындысы) диалогтар жүргізу. Мәлімет алмаса отырып, алған мәліметті анықтай отырып, оларды түсінуге ұмытыла отырып, айтылып және талқыланып жатқанға өз ойын білдіре отырып, күнделікті сөйлесу және әңгімелесу жағдаяттарына араласу.
Монологтық сөйлеу.
Көргеніне/оқығанына байланысты көпшілік алдында сөйлей алулары, ойын жүйелі түрде дамыту, прагматикалық құндылықты ескеріп сөйлеу. Өткен тақырыппен және оқыған/тыңдаған мәтіндердің проблемаларына байланысты мәлімдеме жасау, айту, пайымдау жасай алу, оқиғаларды суреттеу, деректер беру. Монологтық сөйлеудің көлемі — 20 фразаға дейін.
Тыңдалым.
Күнделікті сөйлесудің кең таралған жағдаяттарында кездесетін аутенттік айтылымдардың негізгі мазмұны көрсетілген тақырыптың көлемінде берілген әртүрлі жанрдағы (функциональдық, жағдаятты – тақырыптық) аудио–видео мәтіндерден ақпарат таңдап алу. Аудиомәтіннің айтылу уақыты – 3 минутқа дейін.
Оқылым.
11 сыныптың соңында оқылым жағынан оқушылар мәтін талдау негіздерін, авторлық ойларды жаңаша түсіндіруді, оқыған материалдарына өз пікірін айтуды, бағалауды, сұрақ қоюды, мазмұнын түсінуді, мәтінді толығымен аудару қабілеттерін көрсете білуі қажет.
Жазылым. Мәтіннен керекті нәрселерді таңдап көшіру, ауызша жазбаша мәлімдеменің негізі ретінде тұжырым жасау.
- Оқытудың сөйлеу тақырыптары
Орта деңгей В1+ («Қалыптасқан игерім1.2»)
- Әлеуметтік – тұрмыстық сала.
- Тілін үйреніп жатқан елге қош келдіңіз (каникулдар және шетелге сапар, халықаралық әуежайдағы, вокзалдағы кездесу).
Welcome to the English speaking countries ( holidays and foreign trips, at the International airport, railway station).
- Қала мен ауыл өмірі. (денсаулық және спорт).
Life in the country, cities and towns (health and sport).
2.. Әлеуметтік- мәдени сала.
- Үкімет жүйесі. (Қазақстан, АҚШ, Ұлыбритания)
The system of Government (Kazakhstan, the UK, the USA)
- Табиғат және Экология
Nature and ecology.
- Оқу-еңбек саласы.
- Қарым–қатынас әлемі (Интернет электронды пошта, ұялы байланыс, компьютер).
Means of communication (Internet, e-mail, mobile phones and computers)
ІІІ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
10 сынып оқушылары үшін:
Біледі:
- алдыңғы сатыларда қалыптасқан тыңдап айту және ритм-ырғақтық дағдыларды;
- ырғақтық үлгіні, сөйлеудің дыбысталуын дұрыс айтуды;
- жоғарғы кезеңнің таңдалып алынған тақырыптар шеңберінде ең жиі қолданылатын өнімді лексикалық минимумды (100 лексикалық бірлік);
- оқу бағдарламасында бұл деңгей үшін көрсетілген лексика мөлшерін және жиі қолданылатын фразеологиялық бірліктер мен сөйлесімдерді (сөйлеу формулалары, қарым-қатынас орнату үшін қажетті сөздерді, нақылдар мен мақал-мәтелдерді) және оларды сөйлеу барысында қолдануды;
- пассивті лексикалық минимумды (оқу мен тыңдауға арналған) (2100-2300 лексикалық бірлік).
Қабілетін көрсетеді:
- үйреніп отырған тілдің басты грамматикалық құбылыстарын білуде, оларды оқу және тыңдау барысында тануда және ауызекі сөйлеу барысында ұтымды қолдануды;
- күнделікті қарым-қатынас жағдаяттарында және профессионалдық қатынастың қарапайым жағдаяттарында аутенттік сөйлесімдерді тұтас түсінеді;
- тақырыпқа сәйкес тыңдалған қарапайым мәтіндерден өзіне маңызды ақпаратты түсінеді және бөліп алады;
- тыңдалған мәтіндерді, радио мен телехабарларда берілген жаңалықтардың мәліметтерін, дөңгелек үстел басындағы әңгімелерді, радио және телевикториналарды, компьютерлік мәтіндерді түсінгендігін көрсетеді;
- қарым – қатынастың әлеуметтік – тұрмыстық, әлеуметтік – мәдени және оқу мамандық сфераларының жағдаяттарына (соңғы жаңалықтар, оқу және т.б. таңдап алынған оқу бағдарламасына сәйкес) қатысты стандарттық құрылымдарды дұрыс қолданады;
- сөйлесімнің қарапайым қысқа элементтерін логикалық және жүйелі түрде қолдана біледі;
- әлеуметтік қатынастар мен іскерлік байланыстар орнатады және сақтайды, өзіне белгілі тақырып төңірегінде өрбіген әңгімеге ешқандай дайындықсыз араласа алады;
- коммуникацияға қатысушының назарын аудару үшін қолайлы сөйлемді тауып қолдана алады және оқытылып жатқан тақырыпқа байланысты пікірталасқа қатыса алады;
- көргенін / оқығанын, сондай-ақ орындалған жобаның нәтижелерін көпшілік алдында баяндайды;
- өзінің сөйлеген сөзі бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді;
- оқудың әр алуан түрлерін/ стратегияларын қолданып, әртүрлі жанрдағы аутенттік мәтіндерді оқиды (публицистикалық, көркем әдеби, ғылыми жалпыға түсінікті мәтіндерді) және өзінің оқу әрекетінде қолдану үшін (жобалық жұмыс, баяндама дайындау және т.б.) қажетті ақпараттар бар арнайы мамандыққа қатысты мәтіндерді оқиды;
- қарапайым техникалық ақпаратты оқиды және оны қарым – қатынас жағдаяттарына сай қолданады;
- мәтіннен көшірме жасайды, реферат, мазмұндама (аннотация) жазады;
- өзі оқыған көркем әдеби шығарманың оқиғаларына, кейіпкерлеріне, тарихи фактілеріне жазбаша сипаттама береді;
- қарым – қатынастың басты қызметтерін игерген (ақпарат алу; оны бағалау, адамдардың өзара іс-әрекетін басқару; тілін үйреніп отырған елдің әдептілік ережелеріне сай қарым-қатынас орнату және оны аяқтау), оларды бейнелейтін тәсілдерді нейтралды (бейтарап) регистрінде қолданады;
- өзінің өмірлік және тіл үйренудегі тәжірибесіне сүйене отырып қабылданған (көрген/естіген/оқыған ақпарат негізінде) өз ойын білдіретін әңгіме, баяндама, мәлімдеме жасай біледі;
- таңдап алынған бейінге бағытталған проект жұмысының нәтижесін баяндама, мәлімдеме ретінде көрсете біледі;
- алдыңғы деңгейлердегі сияқты бейіндік гуманитарлық деңгейде жоғарғы сынып оқушылары мәтінге оқудың әртүрлі стратегияларын/түрлерін (таныса оқу, көз жүгіртіп оқу және зерттеп оқу) қолдана біледі;
- оқу техникасын жетік меңгереді (мәтіннің бір түрінен келесісіне ауыса біледі, мәтіннен ақпарат алу жылдамдығын ауыстыра біледі);
- мәтінді талдау әдістерін, кейіпкерлерге баға беру қабілеттігін, әдеби мәтіннің шығарманың толық анализ жасау элементтерін жете меңгереді;
- жоба жұмысында, коммуникативті ойындарда қолдану мақсатымен мәтіннен ең маңызды ақпаратты таба біледі;
- ресми/бейресми жазу түрлерінде (таңдалған бейінге байланысты) жеке басына қатысты ақпаратты жеткізе біледі;
- таңдалған бейінді сипаттайтын, негізгі мектеппен салыстырғанда кеңірек, елтанымдық мағлұматты (тарихи, әдеби) меңгеруге басқа пәндерден алған мағлұматты қолдана отырып әртүрлі елдердің мәдени ерекшеліктерін салыстыра білуге, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айыра білуге, таба білуге қабілетін көрсетеді.
11 сынып оқушылары үшін:
Біледі:
- тыңдап айту және ритм-ырғақты дағдыларды;
- ырғақтық үлгіні, сөйлеудің дыбысталуын дұрыс айтуды;
- оқу бағдарламасында бұл деңгей үшін көрсетілген лексика мөлшерін;
- араб тіліндегі тыныс белгілердің қызметін.
Қабілетін көрсетеді:
- жиі қолданылатын фразеологиялық бірліктер мен сөйлесімдерді (сөйлеу формулалары, қарым-қатынас орнату үшін қажетті сөздерді, нақылдар мен мақал-мәтелдерді) біледі және оларды сөйлеу барысында қолданады;
- түсінбеушілік тудырған жаңылыс айтылған сөздер мен қателерді түзетеді;
- үйреніп отырған тілдің басты грамматикалық құбылыстарын біледі, оларды оқу және тыңдау барысында таниды және оларды ауызекі сөйлеу барысында ұтымды қолданады;
- күнделікті қарым-қатынас жағдаяттарында және профессионалдық қатынастың қарапайым жағдаяттарында аутенттік сөйлесімдерді тұтас түсінеді;
- таңдап алынған профилге сәйкес тыңдалған қарапайым мәтіндерден өзіне маңызды ақпаратты түсінеді және бөліп алады;
- тыңдалған мәтіндерді, радио мен телехабарларда берілген жаңалықтардың мәліметтерін, дөңгелек үстел басындағы әңгімелерді, радио және телевикториналарды, компьютерлік мәтіндерді түсінгендігін көрсетеді;
- қарым – қатынастың әлеуметтік – тұрмыстық, әлеуметтік – мәдени және оқу мамандық сфераларының жағдаяттарына (соңғы жаңалықтар, оқу және т.б.; таңдап алынған оқу бағдарламасына сәйкес) қатысты стандарттық құрылымдарды дұрыс қолданады;
- әлеуметтік қатынастар мен іскерлік байланыстар орнатады және сақтайды, өзіне белгілі тақырып төңірегінде өрбіген әңгімеге ешқандай дайындықсыз араласа алады;
- егер коммуникация сәтсіз болса, ойды басынан баяндайды және тактиканы өзгертеді,жауап (жауап реакциясын) алу үшін жаңа сөз тіркестерді немесе сөйлемшелерді қайталайды және қолданады;
- сөйлесімнің қарапайым қысқа элементтерін логикалық және жүйелі түрде қолдана біледі;
- әлеуметтік қатынастар мен іскерлік байланыстар орнатады және сақтайды, өзіне белгілі тақырып төңірегінде өрбіген әңгімеге ешқандай дайындықсыз араласа алады;
- әртүрлі жанрдағы мәтіндердің мән-мағынасын толық әрі дәл түсінеді және оқыған мәтінге өзінің көзқарасын білдіреді. Белгілі бір көзқарастың, пікірдің дәлелін анықтай алады;
- күнделікті жазбаша материалдардан (хаттар, брошюралар, қысқа ресми құжаттар) өзіне қажетті ақпаратты іріктеп ала біледі;
- қарапайым техникалық ақпаратты оқиды және оны қарым – қатынас жағдаяттарына сай қолданады (күнделікті тұрмыстық құрал-жабдықтарды қолдану ережелері, нұсқаулар);
- оқытылған тақырып бойынша алдына ала дайындап, қарапайым баяндама жасайды;
- мәтіндегі эксплицитті және «жасырын» ақпаратты анықтап, оны қарым–қатынаста және мәтінге интерпретация жасауда қолданады;
- жоспар құрады және мәтіннің қысқаша мазмұнын, өзінің бағасын бере отырып, баяндайды (өзектілік, жеке мәнділік, мәтінде көтерілген мәселелерге көзқарасс);
- автордың ой-пікірін, тұжырымдарын және бағасын түсіндіреді;
- бастапқы мәтіннің құрылысы мен тұжырымдарын қолданып, қысқаша жазбаша үзінділерді өзгертіп қайта айтады (өз сөзімен айтады);
- оқыған мәтінге өзінің көзқарасын білдіреді. Белгілі бір көзқарастың, пікірдің дәлелін анықтай алады;
- оқудың әр алуан түрлерін/ стратегияларын қолданып, әртүрлі жанрдағы аутенттік мәтіндерді оқиды (публицистикалық, көркем әдеби, ғылыми жалпыға түсінікті мәтіндерді) және өзінің оқу әрекетінде қолдану үшін (жобалық жұмыс, баяндама дайындау және т.б.) қажетті ақпараттар бар арнайы мамандыққа қатысты мәтіндерді оқиды;
- қарапайым техникалық ақпаратты оқиды және оны қарым – қатынас жағдаяттарына сай қолданады (күнделікті тұрмыстық құрал-жабдықтарды қолдану ережелері, нұсқаулар);
- пікірталастың (әңгіменің, сөйлесудің) негізгі тұстарын (сөйлеушілер дыбыстарды анық айтқан және әдеби тілдің нормаларын қолданған жағдайда) түсінеді және жазып алады;
- оқытылған және өзі қызығатын мәселелер туралы эссе және баяндама түрінде қисынды мәтіндер жазады (соның ішінде өзі оқыған көркем әдеби мәтіндер бойынша өз бағасын бере отырып, эссе не баяндама жазады)
- күнделікті сөйлесудің кең таралған жағдаяттарында кездесетін аутенттік айтылымдардың негізгі мазмұнын түсінеді;
- көрсетілген тақырыптың көлемінде берілген әртүрлі жанрдағы (функциональдық, жағдаятты – тақырыптық) аудио – видео мәтіндерден ақпарат таңдап алулары тиіс;
- талқылап жатқан мәселенің төңірегінде немесе оқыған/тыңдаған мәтіннің негізінде сөйлеу этикетінің ережесін дұрыс пайдалана отырып, пікірталас жүргізе алады;
- шет тілінде сөйлейтін адамдарға өзінің елін, оның мәдениетін таныстыра алулары, тілін үйреніп жатқан ел туралы оның мәдениеті туралы өзінің әсерін айтып бере алады;
- көрсетілген тақырыптың көлемінде берілген әртүрлі жанрдағы (функционалдық, жағдаяттық-тақырыптық)аудио/видео мәтіндерден ақпарат таңдап ала алады;
- қойылған сұраққа / мәселеге байланысты деректерді / мысалдарды / дәлелдерді көрсете алулары және аудио / теле мәтіндердегі деректі және бағалау ақпараттарын қорытындылай алады;
- мәтіннің мазмұнын фондық білімге/мазмұнға, мәтіннің экстралингвистикалық аппаратына және сөздердің ерекше шрифтпен басылғанына қарап түсіне алады.
- ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Шетел тіліне оқытудың әдістемелік жүйесінің негізін тіл мен мәдениетті кіріктіре оқытуды қарастыратын және оқытудың соңғы нәтижесі ретінде субъектіде (тұлғада) мәдениаралық коммуникацияны қалыптастыратын тұжырымды негізі когнитивті-лингвомәдени әдіснама болып табылатын шеттілдік білім берудің заманауи мәдениаралық-коммуникативтік теориясы құрайды. Бұл кезеңдегі әдістемелік жүйе мазмұнды таңдаудан, материалдың ұйымдастырылуынан, әдістер мен технологияны қолданумен және бақылау түрлерімен ерекшеленеді. Іріктеліп алынған мазмұндар қазіргі заманғы жоғарғы сынып оқушыларының талап тілектеріне сай, оқитын тіл елі мен өз елінің мәдени мұрасын қамтиды. Әдістемелер мен амалдар, технологиялар құнды бағдарлардың дамуына сыни көзқарастың дамуына ықпал етуді көздейді.
Ұсынылған ақпараттың мәселелігі оқушыларды ойлануға, жеке қорытынды жасауға, қажетті ақпараттар іздеуге (сонымен бірге Интернет ресурстарын қолдану) құлшыныс береді, үздіксіз білім алу, өзін-өзі бағалау қажеттіліктерін арттырады.
Шетел тілін оқытудағы таңдалып алынған деңгейлерге байланысты оқытудың мазмұны мен сипаты да өзгереді. Базалық курс бастапқы деңгейге (В1) жетуге жетелейді. Бұл курстың әдістемелік жүйелері негізгі мектептік деңгеймен салыстырғанда жоғары (мәдени-коммуникативтік құзіреттілікті қамтығанда). Базалық курс жалпы орта білімдік мектептерде «Шетел тілі» пәні бойынша дайындықты аяқтайды.
Монологтық сөйлесімге үйрету баяндамалар, хабарландырулар жасау қабілетін дамытады. Әдістемелік амалдар логикалық сабақтастықтың құрылуына, оқиғаны түсіндіріп баяндауға көмектеседі. Ал тыңдап түсінуді оқытудың әдістемелік ерекшелігіне сөйлесушінің айтқанын әртүрлі жағдайларда тыңдап түсіну қабілетін қалыптастырады.
Оқылымға үйретуде қолданылатын төрт басты стратегияға қоса кәсіптік-бағдар материалдары қолданылады. Жоғарғы сынып оқушыларын жазылымға үйрету әдістемелері мәтіндерді дұрыс жазуға, баяндамаларды құрастыруға бағытталған.
Осылайша бұл кезеңдегі оқытудың әдістемелік жүйе құрылымдары бірқатар оқыту ерекшеліктерімен сипатталады.
Қосымша 1
Шетел тілін меңгерудің жалпы еуропалық деңгейі
(А1) бойынша кесте
Түсіну | Сөйлеу | Жазу
| ||
Тыңдап түсіну | Оқу | Диалог | Монолог | Жазу
|
Мен туралы, жанұям және жақын адамдарым туралы күнделікті қарым-қатынас жағдаяттарындағы баяу және анық айтылып жатқан сөзде жеке сөздерді және өте жеңіл фразаларды түсінемін. | Мен таныс есімдерді, сөздерді, сонымен қатар хабарландырудағы, плакаттардағы немесе каталогтардағы өте жеңіл сөйлемдерді түсінемін. | Мен диалогқа қатыса аламын, егер менің серіктесім менің өтінішім бойынша өзінің сөзін баяу темппен қайталаса немесе өзгертіп жеткізсе, сонымен қатар менің айтқым келгенімді жеткізуге көмектессе. Мен таныс тақырып немесе мені қызықтыратын тақырып төңірегінде сұрақ қойып оған жауап бере аламын. | Мен жеңіл фразаларды және сөйлемдерді қолдана отырып тұратын жерім және танитын адамдарым туралы әңгімелеп бере аламын. | Мен қарапайым әсемхат жаза аламын (мысалы, мейрамман құттықтау), қағаздар (формуляр) толтыра аламын, қонақ үйдегі регистрациялық тіркеу қағазына аты-жөнімді, ұлтымды, мекен жайымды жаза аламын. |
Қосымша 2
Шетел тілін меңгерудің (А2- 1) жалпы европалық деңгейінің кестесі
Түсіну | Сөйлеу | Жазу
| ||
Тыңдап түсіну | Оқу | Диалог | Монолог | Жазу
|
Анық және баяу темпте айтылып жатқан маңызды мәселелерге қатысты фразаларды және сөйлемдерді түсінемін (адам және оның отбасы, сатып алу туралы, ненің қайда орналасқаны, оқу, жұмыс туралы). | Көп қолданылатын лексикасы бар, сонымен қатар интернационалды сөздер кезедесетін қысқа жеңіл мәтіндерді түсінемін. | Оңай және күнделікті қолданыстағы лексиканы қолдана отырып таныс тұрмыстық тақырыптарға қатысты әңгімеге қатыса аламын. | Менің күнделікті өміріме қатыстының барлығын сипаттай аламын: жанұя, адамдар, оқу және т.б. | «және», «бірақ», «өйткені» секілді шылаулар арқылы байланысатын оңай фразалар мен сөйлемдер жаза аламын. |
Қосымша 3
Шетел тілін меңгерудің (А2-В1) жалпы европалық деңгейінің кестесі
Түсіну | Сөйлеу | Жазу
| ||
Тыңдап түсіну | Оқу | Диалог | Монолог | Жазу |
Мен үшін маңызды тақырыптардағы (мысалы, өзім және жанұям, сатып алу, мекен жайым, жұмыс туралы) айтылымдардың жеке фразаларын және көп қолданылатын сөздерді түсінемін. Мен жеңіл, анық дыбысталған шағын көлемді ақпараттар мен хабарландыруларда не туралы айтылып жатқанын түсінемін. | Мен шағын жеңіл мәтіндерді түсінемін. Мен күнделікті қарым- қатынастың жеңіл мәтіндерінен нақты ақпаратты таба аламын: жарнамалар, проспектілер, ас мәзірі, жол жүру кестелері. Мен жеңіл жеке хаттарды түсінемін. | Мен маған таныс тақырыптар мен әрекет түрлері шеңберінде тікелей ақпарат алмасуды талап ететін жеңіл типтік жағдаяттарда әңгімелесе аламын. Мен тұрмыстық тақырыптарға қатысты қысқа әңгімені өрбіте аламын, бірақ сонда да өз бетінше әңгіме жүргізу үшін жеткілікті түрде түсінбеймін. | Мен жеңіл фразалар мен сөйлемдерді қолдана отырып өзімнің жанұям және басқа адамдар, жағдайлары, оқу, қазіргі және бұрынғы жұмыс туралы әңгімелеп бере аламын. | Мен оңай қысқа хат-хабарлар мен ақпараттар жаза аламын. Мен оңай жеке хат жаза аламын (мысалы, біреуге бір нәрсе үшін алғыс білдіру). |