Қазақстан Ресей құрамында
Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан Ресей құрамында»
Сабақтың мақсаты:
1.Білімдік: Оқушыларға Қазақстанның Ресейге қосылуы не себептен, қазақстанның сыртқы саясаты туралы мағлұмат беру.
2.Дамытушылық: Қазақстанның Ресейге қосылуы бүгінгі Егемен еліміздің тарихындағы алатын орны.
3.Тәрбиелік: Отаншылдыққа елжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың әдісі: Дебат ойыны арқылы
Оқу материалын жабдықтау: Интерактивтік тақта, басылым материалдары.
Пән аралық байланыс: Экономика, қазақ әдебиеті.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезені;
а) Оқушылармен амандасу
ә) Оқушыларды түгендеу
б) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
- Мұғалімнің кіріспе сөзі: Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Қазақстан Ресей құрамында
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: Қазақстан не себептен Ресей патшалы үкіметіне қосылды. Бұдан Қазақстан қандай пайда тапты қандай зиян шекті соны кәзір ойыншыларымыздың келтіретін нақты фактосынан естіп білетін боламыз, сондықтан мұқият тыңдап сабақ соңында пікір тілек айтуға болады.
Құрметті оқушылар біз бүгін дәстүрлі емес сабақ өтеміз бұл сабақтың ерекшелігі
сабақты мен емес мына екі топтың оқушылары түсіндіреді.
«Атамекен» тобы оң бағытта. Парламент
«Жас қазақ» тобы теріс бағытта. Оппозиция
Бүгінгі сабағымызды бағалау үшін әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін:
Директордың оқу ісінің орынбасары: Г.Ж.Жакупова
Тарих пәнінің оқытушысы: А.Б.Жанкуатова
Әдістемелік бірлестік төрағасы: Н.Н. Оськина
Уақыт төрешісі Таим спикер: Бектұрған Абылайхан
Негізгі бөлім:
Сөз оң бағыттағы «Атамекен» тобына беріледі.
1-ші спикер сөзі: Төребаев Дамир
Бүгінгі біздің қарастырып отырған Қарарымыз «Қазақстанның Ресейге қосылуы»
Бұдан шығатын Резолюциямыз « Қазақстанның Ресейге қосылуының пайдасын бүгінгі таңда ашық айту бұл дегеніміз « өткенді саралау болашаққа бағдар жасау»»
Критерйіміз: Қазақстанның Ресейге қосылуы арқасында оның мемлекет ретінде өркендеп дамуына негіз қалады.
Аргументтер:
- Күншығыс пен оңтүстіктен қысып келе жатқан жауларына төтеп берудің жолы Ресей империясына сүйену.
2.Қазақстанның Россияға қосылуы оның тарих бетінде қалуына себепші болды
Сөз теріс бағытқа «Жас қазақ» тобының 1-ші спикеріне беріледі: Шериков Рустам
Бүгінгі біздің қарастырып отырған Қарарымыз «Қазақстанның Ресейге қосылуы»
Бұдан шығатын Резолюциямыз « Қазақстанның Ресейге қосылуының зиянын бүгінгі таңда ашық айту бұл дегеніміз « өткенді саралау болашаққа бағдар жасау»»
Критерйіміз: Қазақстанның Ресейге қосылуы арқасында оның Қазақ мемлекет ретінде жойылуына негіз қалады.
Мен өз аргументіме көшпес бұрын қарсылас топтың келтірілген аргументтерін жоққа шығара отырып өзімнің контур аргументтерімді ұсынамын.
Аргументтер:
- Қазақтарды Ресей құрамына үстем тап өкілдері күшпен бағындырды.
- Қазақстанның Россияға қосылуы оның ұлттық тарихының жоғалуына себепші болды.
«Атамекен » тобының екінші спикері сөзі: Кенжебаев Азамат
Қарсылас топтың бірінші спикерінің келтірген рагументіне қарсы өз аргументін ұсынады.
Мен үш жүздің басын қосқан Абылай ханның алдына қойған мақсаты туралы сөз қылмақпын.
Қазақстанның Ресейге қосылғаннан кейігі әлеуметтік – экономикалық жағдайы.
«Жас қазақ» тобының екінші спикері сөзі: Аман Азамат
Қарсылас топтың кемшіліктерін айта кету керек.
Өзімнің қарастыратын мәселеме тоқталатын болсам Кіші жүз Ресей империясының құрамына кіргенде Ресейдің отарлау саясатының тереңдеді.
«Атамекен» тобының үшінші спикері: мақсаты өз топтарын жақтап қрсылас топтың келтірген аргументтерін жоққа шығару керек.
Саламатсыздарма мен Атамекен тобының үшінші спикері Хален Нұрлыбек Бүгінгі біздің қарастырып отырған қарарымыз Қазақстанның Ресейге қосылуы менің тобымның резолюциясы « Қазақстанның Ресейге қосылуының пайдасын бүгінгі таңда ашық айту бұл дегеніміз « өткенді саралау болашаққа бағдар жасау»»
Мен бұл резолюцияға толық қосыламын. Себебі менің тобымның спикерлері өз аргументтерінде
- Күншығыс пен оңтүстіктен қысып келе жатқан жауларына төтеп берудің жолы Ресей империясына сүйену.
2.Қазақстанның Россияға қосылуы оның тарих бетінде қалуына себепші болды
- Абылай ханның алдына қойған мақсаты.
4.Қазақстанның Ресейге қосылғаннан кейігі әлеуметтік – экономикалық жағдайы.
Деген дәлелді нақты аргументтерді келтіре отырып резолюциямыздың дұрыс екендігіне осы отырған бәріміздің көзімізді жеткізді.
Ал қарсылас топ болатын болса өздерінің келтірген аргументтерімен Қазақстанның Ресейге қосылуы дұрыс емес деген пікір айтып өтті, Бірақ мен өз басым және осы залда отырған сіздер де бұл келтірген аргументтерге сене қойған жоқсыздар деп ойлаймын.
Қазақстанның Ресейге қосылғаны дұрыс болды. Неге деген сұрақ туады? Себебі Қазақ хандығының үстем тап өкілдері Қазақтың келешегін ойлағандықтан сондай қадамға баруға міндетті еді. Міндетті деген сөзді қайталап айтқым келіп тұр үйтекі хандар өз отырған тақтарын ғана емес ұрпақтың келешегін, елдің жердің келешегі үшін шешім қабылдады.
Егер сол шешімді дұрыс қабылдамағанда біз кәзіргі таңда бұндай Егеменді елге айналамызба әлде 150 жыл бойы қазақ жеріне тек қазақ жеріне ғана емес орта азия елдерінде қан қақсатқан жоңғар хандығының кебін киерме едік? Кім айтады кәзір жоңғар хандығы бар ма жоқ па? Бар болса қай жерде? Жоқ болса қайда тарих бетінен қалай жоғалды? Міне сондықтан мен өз сөзімді Біздің тобымыздың ұстанған Резолюциясы дұрыс. 270 жыл орыс үстемдігіне төзе білудің арқасында бүгінгідей күнге жеттік Кәзір еш елден кем емеспіз. Еңсесі биік астанамыз бар. Қарыштап дамып келе жатқан экономикамыз бар. Ең бастысы Қ А З А Қ деген халық бар.
Тыңдағандарыңызға рахмет. Әділқазылар әділ баға шығарады деп ойлаймын.
«Жас қазақ» тобының үшінші спикері мақсаты өз топтарын жақтап қрсылас топтың келтірген аргументтерін жоққа шығару керек.
Саламатсыздарма мен Жас қазақ тобының үшінші спикері Хасенов Бақытжан
Мен өз сөзімді қарсылас топтың үшінші спикерінің айтқан сөздернен бастасам менің қарсыласым қазақ хандары елдің қамын ойлағандықтан осындай әрекетке барды, біздің орыс еліне бас игеніміз дұрыс болды деп кетті. Егер үйтпегенде жоңғар хандығы сияқты жер бетінен жоғалып кетер дегенге тоқталды. Мен бұл фактіге келіспеймін себебі менің тобымның 1-ші және 2-ші спикерлерінің келтірген фактілерінен өздеріңіз естідіңіздер
- Қазақтарды Ресей құрамына үстем тап өкілдері күшпен бағындырды.
- Қазақстанның Россияға қосылуы оның ұлттық тарихының жоғалуына себепші болды.
3.Кіші жүз Ресей империясының құрамына кіргенде Ресейдің отарлау саясатының тереңдеді.
Бірақ барлықтарыңыз білесіздер Кіші жүздің ханы Әбілхайыр хан Ресейге елші жіберіп орыстың әйел патшасы Анна Ионовнадан қанатының астына алуды өтіну арқылы орта және ұлы жүздің хандарына сес көрсетпек болған. Себебі үш жүздің хандары өзара ала ауыз болды және ұлы жүздің хандығына таласты. Міне неліктен қазақ орыс билігін мойындады. Ал менің қарсыласым сыртқы жаудан қорғану үшін сондай әрекетке барды дегенді айтты.
Менің сөзім құрғақ болмас үшін мен нақты факт келтірейін: Қайнарым: Қазақстан тарихы 10 сыныпқа арналған автор С.Жолдасбаев 154 бет (Ол патша үкіметіне арқа сүйегісі келді, Тәуке ханның кезіндегі сияқты үш жүздің басын қайта қосу , өзінің қарсыластарын жеңу яғни орта және ұлы жүздердіңде Қазақ хандығының ханы болып билік жүргізу)
Сөзімнің соңында айтарым Қазақстанның Ресейге қосылуы бұл ащыда болса шындық бірақ сол кездегі үстем тап өкілдері өздерінің мүдделерін ғана ойламай (яғни отырған тақтарын) жалпы қазақ халқын қазақ елін жерін ойласа қанша қазақ елім жерім деп еңіреп өтпес еді.
Тізіп шықсам Ұлт-азаттық көтерліс басшылары: Исатай мен Махамбет, Кенесары, Сырым, Жанқожа
Бес арыс: Шәкәрім Құдайбердиев, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов.
Үш бәйтерек: Сәкен Сейфуллин, Іляс Жансүгіров, Бейімбет Майлин.
Ұлы отан соғысындағы қырылған қазақ. 20 мың
Семей полигонынан қырылғаны ауыруға шалдығып бүгінгі күнге дейін зардап шегіп жүргендері қаншама мыңдап саналады.
1986 жылғы қырғын. Айта берсем Патшалы үкіметтен де кеңес үкіметіненде қандай пайда көрдік қандай зиян шектік таразының екі басына салып саралаңыздар дегім келеді.
Қазақ төзімді ақылды бес рет ойлап бір кесетін айтқан бетінен қайтпайтын қайсар халық. Ал бұндай халықты ешқандай жау ала алмайды. 17 ғасырда жоңғарда ала алмас еді. Қазақтың орысқа қосылғаны қателік болды деп нық айта аламын.
Егер орысқа қосылып 1991 жылға дейін солардың билігіне қарап отырмағанда Бүгінде біз дамыушы емес дамыған мемлекеттердің қатарында болып, Кәзіргі кезде инвесторларға орыстан қалған байлығымызды тонатпай өз жерімізде өзіміз қожайын болар едік. Ал енді 50 жыл мүмкін оданда көп уақыт тосатын шығармыз қашан қазақ елінде өз ұлты қожайын болатынын.
Тақырыпты қорытындылау:
Әділ қазылар алқасынан жекелеме спикерлердің және топтың ұпай сандарын сұрау.
Жеңімпаз топты анықтау.
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Бүгінгі біздің сабағымызда қаралған мәселе Қазақстанның Ресейге қосылуы. Бұдан Қазақстанға қандай пайда қандай зиян келгенін ойын барысында ойыншылар келтірген аргументтер арқылы мағлұмат беріп өтті.
Оқушыларға сұрақ:Енді өздеріңнің түсініктерің бойынша Қазақстан қосылғаннан пайда таптыма әлде зиян шектіме?
Үй тапсырмасы:
Қазақстанның Ресейге қосылуының тарихи маңызы туралы тарихи шығарма жазу.
Бағалау:Спикерлерге:
Шериков Рустам Хален Нұрлыбек
Аман Азамат Төребаев Дамир
Хасенов Бақытжан Кенжебаев Азамат
Бектұрған Абылайхан
Қатысқан оқушылар: