ҚАЗАҚСТАН XIII-XV ҒАСЫРЛАРДЫҢ I ЖАРТЫСЫНДА
ҚАЗАҚСТАН XIII-XV ҒАСЫРЛАРДЫҢ I ЖАРТЫСЫНДА
(қайталау сабағы, 7 сынып)
Аукцион сабағы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың алған білімдерін толықтыру, өткен сабақтарды қайталау.
Тәрбиелік: Оқушыны жан – жақты терең, еркін ойлауға, ұстамдылыққа, өз ойын бөлісуге, өзгенің де ойын тыңдай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, ойлау, қабілетін жетілдіру, қызығушылығын арттыру.
Сабақтың типі: Білімді жинақтау, қорыту.
Сабақтың формасы: аукцион-сабақ
Сабақтың көрнекілігі:
- Аукционға қатысушылардың нөмірлері
- Аукционға қатысушылардың қозғалысын тіркейтін есеп журналы
- Банктің өзіндік парағындағы ақшалай қозғалыс есебін жүргізу журналы
- Аукционға қатысушының жеке парағы
- Қазақстан Республикасының картасы
- Аукцион сабағын өткізуге арналған қажетті сұрақтар
- Оқушының ұсынысы және өзін бақылайтын картасы
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
- Негізгі бөлім.
- Қорытындылау.
- Бағалау.
- Үйге тапсырма.
«Адам байлығының ішіндегі
ең тамашасы – білім»
Әбу—р—Райхан әл Бируни
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру
Рефлексия.
Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сіздерге мынадай көңіл-күймен келдім. (күнді көрсету)
Слайд 1 Ал сіздердің көңіл-күйлеріңіз қандай?
Оқушыларға карточкалар (күн, бұлт, бұлт арасындағы күн) таратылған. Әр оқушы өзінің көңіл-күйін білдіретін карточканы көтереді.
- Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Ізгі арманын, үмітін
Бабалардың жалғаймыз!
Білім көкжиегінде
Жалындаймыз, самғаймыз!- дегендей қазір бізде қай сабақ?
-Қазақстан тарихы сабағы
-Қазақстан тарихы пәніне дайын болу үшін біз не айтамыз?
А) Психологиялық дайындық
Слайд 4 «Өз елінің тарихын білмеген адам, басқа елдің тарихын біліп жарытпас» (хормен айту)
Міне балалар бүгін бізге қонақтар келіп отыр.
«Келгенше қонақ ұялады,
Келген соң үй иесі ұялады»,- демекші,біз ұятқа қалмауға тырысайық. Бар білімімізді ортаға салайық.
Слайд 5-6 Біз, Қазақстан XIII-XV ғасырдың I жартысында бөлімін оқып шықтық. Бүгінгі сабағымызда өткенімізді қайталап, материалды қорытындылаумыз керек. Сабағымыз аукцион түрінде өтеді. Слайд 7 Зейіндеріңді тақтадағы эпиграфқа аударыңдар. «Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы – білім» деп шығыс ғұламасы Әбу-р-Райхан әл Бируни айтқандай, білім байлығы саудаға түсер аукцион шартымен танысайық. Аукционда сауда доллар шартты бірлігімен жүргізіледі.
Аукционға қатысушылар, аукцион басталар алдында банктен бастапқы капитал ретінде 5000 шартты бірлік несие алады, қарызды пайдаланғаны үшін сыйақы жылдық 30 пайызды құрайды. Аукционның соңында несие алған әр қатысушы, банкке 6500 шартты бірлік қайтару керек.
Слайд 8 Ойынның ережесі
- Аудиторияға сұрақ қойылады.
- Сұраққа жауапты ашық саудаласу кезінде жоғары сомманы төлеген қатысушы сатып алады.
- Лоттың бастапқы бағасы 100 ш.б. Саудаласу құны 100 ш.б.
- Қатысушы өз бағасын айтарда нөмірін көтеру керек.
- Лотты сатып алған қатысушы банкке сол соманы төлеуі қажет.
- Дұрыс жауап берген қатысушы банктен ақшалай сыйақы алады.
- Берілген сұраққа аукционға қатысушы дұрыс жауап бере алмаса, банкке 100 ш.б. айыппұл
төлейді.
- Қатысушының ақшасы біткен жағдайда, ол жүргізушінің келісімі бойынша банктен
жылдық 50 пайызға 1000 ш.б. қосымша несие ала алады.
- Бағалау критерилері:
«үздік» — 4000 жоғары
«жақсы» — 3000-4000
«қанағаттанарлық» — 2000-3000
Негізгі бөлім
Слайд 9 Сабақ екі турдан тұрады.
Слайд 10-44 I-ші тур. Аукцион сабағын өткізуге арналған сұрақтар
Р/с № | Аукцион сұрағы (лот) | Дұрыс жауапқа сыйақы (ш.б.) |
1 | Әскери-феодалдық монғол империясы қашан құрылды? | 1500 |
2 | Шыңғысханның әдет-ғұрып заңдар жинағының атауы. | 1500 |
3 | Темүжіннің өмір сүрген жылдары | 1500 |
4 | Отырар қаласы неше ай қорғалды? | 1500 |
5 | Алтын Орда мемлекетінің негізін салушы | 1500 |
6 | Алтын Орда құрылды: | 1500 |
7 | Алтын Орданың астанасы | 1500 |
8 | Әмір Темір қай кесенені салғызды? | 2000 |
9 | «Батпақ шайқасы» қай жылы болды? | 2500 |
10 | Әбілхайыр билікті қай жылы қолына алды? | 1500 |
11 | Ноғай Ордасының екінші атауы | 1500 |
12 | Атабек деген кім? | 2000 |
13 | Шыңғыс ханның Отырарға жіберген сауда керуеніндегі адам саны: | 1500 |
Сергіту сәті:
Слайд 45- 56 II-ші тур. Аукцион сабағын өткізуге арналған жартылай ашық сұрақтар
Р/с № | Аукцион сұрағы (лот) | Дұрыс жауапқа сыйақы (ш.б.) |
1 | Шыңғысхан мемлекетін неше әкімшілікке бөлді? | 1500 |
2 | Шыңғысхан қайтыс болғаннан кейін, оның орнына кім отырды? | 2000 |
3 | Әмір-Темір қай мемлекеттің билеушісі? | 2000 |
4 | Әмір-Темір ауырып қай қалада қайтыс болды? | 1500 |
5 | Шығыс Дешті Қыпшақ жерінде XIII-XV ғасырдың басында өмір сүрген мемлекет: | 2000 |
6 | Әмір Темірдің өз өкіметінің тірегі ретінде қолдаған діні: | 1500 |
7 | Моғолстан мемлекетіндегі ең қуатты тайпа: | 1500 |
8 | Ақ Орданың негізін қалаушы? | 1500 |
9 | «Көшпелі өзбектер мемлекетінің» алғашқы астаналары? | 2000 |
10 | Әбілхайырдың билік еткен жылдары: | 1500 |
11 | Қазақстан жеріндегі монғол ұлыстары: | 1500 |
12 | Алтын Орда ханы Батыйдың билік еткен жылдары: | 1500 |
Қорытындылау: оқушылардың жетістіктеріне қысқаша шолу, еңбектерін бағалау, үйге берілетін тапсырмамен таныстыру.
Рефлексия Адам үлкен кемедей теңіз атты өмірден жүзіп барады. Кеме қандай іспен толады екен? Алдарыңда «Эмоционалды аралдар». Сабақтан қандай көңіл-күйлеріңмен қайтып барасыңдар? (Кемелер таратылады)
Слайд 57-58 Үй тапсырмасы: Алдын-ала тапсырма «Қазақ хандығының құрылуы».
Сынып екі топқа бөлінеді, әрқайсысы бөлек тапсырма алады.
Бірінші топ Керейдің қалай хан сайланғанын көрсетеді (қосымша деректер арқылы)
— Керейдің сөзін дайындау (өмір сүрген уақыты, жеке қасиеттері, алдына қойған мақсаты).
Екінші топ – тілшілер;
— қосымша деректерді оқып, тақырып бойынша сұрақ дайындау