Екінші дүниежүзілік соғыс
Дүние жүзі тарихы 10 сынып
Тақырыбы: Екінші дүниежүзілік соғыс
Мақсаты: 1. Оқушыларға екінші дүние жүзілік соғыстың себебі, барысы,
салдары жайында түсіндіру.
- Оқушыларға патриоттық, Отан сүйгіштік сезімді қалыптастыру
және оларды өз Отанын қорғауға дайын болуға тәрбиелеу.
- Өз бетінше (тақ бойынша) іздену, зерттеу шығармашылық
жұмыс істеуге дағдыландыру, ой- өрісін дамыту.
Сабақтың түрі: Қайталау
Сабақтың әдісі: Баяндау, датамен, кестемен жұмыс
Көрнекілігі: кестелер, суреттер
Сабақтың барысы: І. Қызығушылықты ояту.
Топтастыру арқылы соғыс деген сөзге анықтама беру
Соғыс
ІІ. Мағынаны ажырату
- 1. Ойын. Кім? Қайда? Қашан?
Кім?
- Англияда жүріп «Азат Франция» патриоттық қозғалысын басқарған кім? (Шарль де Голль)
- 1940ж. 18 желтоқсанда «Барбаросса» жоспарына қол қойған кім?
(Адольф Гитлер)
- Қазақстандық генерал И.Панфилов басқарған 316 – шы дивизия құрамында асқан батырлық ерлік істерімен жаһанға танымал
болған кім? (Б.Момышұлы)
- 1945ж. 8 мамырда Берлинде кімнің төрағалығымен фашистік Германияның сөзсіз тізе бүгуі актісіне қол қойылды?
(маршалл Жуков)
- 7 мамырда Реймсте Германияның тізе бүгілуінің алғашқы шартына қол қойған генерал кім? (Әйзенхауәр)
Қайда?
- 1939ж. 1 қыркүйекте фаншстік Германия әскері қайда шабуыл жасады?
(Польшаға)
- 1945ж. ақпанда Сталин, Рузвельт, Черчилль бас қосқан конференция
Қайда өтті? (Қырымда)
- 1944ж. екінші майдан қайда ашылды? (Францияда)
- Италия соғыс әрекеттерін қайда орналасқан ағылшын әскеріне
қарсы бұрды? (Египетте)
- 1945ж. 6 тамызда қайда АҚШ атом бомбасын тастады? (Хероммоға)
Қашан?
- КСРО Германия арасындағы шабуыл жасаспау туралы пактіге қашан қол қойылды? (1939ж. 29. 08)
- АҚШ конгіресі лендлиз туралы заңды қашан қабылдады? (1941ж. наурыз)
- Гитлер «Барборосса» жоспарына қашан қол қойды? (1940ж. 18 желтоқсан)
- Жапония қашан Тынық мұхиттағы АҚШ әскери базасы Перл-Харборды тұтқиылдан шабуылдады? (1941ж.7 желтоқсан)
- Соғыс барысын түбірлі өзгерткен Курск түбіндегі шайқас қашан болды? (1943ж. жазда)
- Оқушылар өздері алдын-ала жазып әкелген даталарды өзге топтарға таратып, дұрыс жауап айтылу керек.
- Соғысқа қатысушы ірі елдердің жағдайы, соғыс кезіндегі саясаты жайында 3 топқа тапсырма беріледі.
І топ КСРО-ң саясаты
ІІ топ АҚШ, Франция, Англия саясаты
ІІІ топ Жапония, Германия, Италия саясаты
- Кесте арқылы түсіндіру.
№1 кесе
ІІ д.ж.с.
1939 жыл 1қыркүйек
1941ж. жазына дейін
Польша
Чехословакия
Австрия
Венгрия
Румыния
Болгария
Югославия
Дания
Норвегия
Бельгия т.б.
№2 кесте
Солтүстік: Прибалтика елдері
Ленинград
1941.22.06 Орталық: Минск –Смоленск
Мәскеу
КСРО Оңтүстік: Киев
Сталинград
№3 кесте
Германия КСРО
І кезең 1941.22.06 — 1942.19.11 шабуыл қорғаныс
Германия КСРО
ІІ кезең 1942.19.11-1945.09.05 шегіну шабуыл
ІІІ. Ой-толғаныс. Сабақты қорытындылау үшін статистикалық мәліметтерді салыстыратын кесте пайдаланылады.
Бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстың
маңызды көрсеткіштері
№ | Негізгі көрсеткіштер | Бірінші дүниежүзілі соғыс 1914-1918 | Екінші дүниежүзілік соғыс 1939-1945 |
1 | Соғыстың ұзақтығы | 4 жыл 3 ай | 6 жыл |
2 | Соғысқа қатысқан елдер | 38 | 61 |
3 | Соғысқан елдер халқы | 1 млрд астам | 1,7 млрд астам |
4 | Соғыс болған жер көлемі | 4 млн км2 | 22 млн км2 |
5 | Мобилизацияланғандар | 70 млн астам | 110 млн астам |
6 | Соғыстан өлгендер саны | 13,6 млн астам | 50 млн астам |
7 | Жаралы болғандар | 20 млн астам | 90 млн астам |
8 | Матриалдық шығындар Тікелей соғыс шығыны | 360 млрд $ 208 млрд $ | 4000 млрд $ 1117 млрд $ |
Үйге тапсырма. І топқа А.Гитлер
ІІ топқа А.Македонский
ІІІ топқа Шыңғыс хан
Берілген тұлғаларға сипаттама беру (ортақ мақсаттары қандай, мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттері, нәтижесі) тапсырмасы беріледі.
Оқушыларға сауалнама: -Бүгінгі сабақтан не алдық, не ұнады?