XVIII ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды XVIII ғасырдағы Қазақстан мәдениеті, орыс және шетел ғалымдарының зерттеулерімен, олардың еңбектері туралы, қазақ әдебиетінің дамуы және осы кезеңдегі жырау, ақындардың өмірі мен олардың шығармаларымен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, танымдық қызығушылығын, белсенділігін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз елінің барлық тарихи құндылықтарын құрметтеуге, мәдениетке деген сүйіспеншілігін арттырып, мәдениетті жалғастырушы жас ұрпақты тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың өту әдісі: Интерактивтік оқыту әдістері.
Сабақтың формасы: Жеке, топтық, ұжымдық.
Сабақтың пәнаралық байланысы:
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, слайд, мультипроектор, электронды оқулық мәтіні.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі: 3 минут
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Оқушыларды түгелдеу.
- Бар ынтасын сабаққа аудару.
- Оқушыларды топқа бөлу.
- Жаңа сабақты меңгеру: 20 минут
- Ой, толғау.
— Ия, балалар сендер мәдениет жайлы не білесіңдер?
- Мәтінмен жұмыс. ( Электрондық оқулық мәтінімен жұмыс жасау).
- “ Кім? Қайда? Қашан? ” ойыны.
Шартты: Топтарға сұрақтар қойылады. Топ бірлесе отырып, тез арада жауап беру керек.
- Қазақстанның Рессей ықпалына біртіндеп өтуі нендей өзгерістер әкеледі?
- “Азияға жол іздеу” талабын кім құрды?
- Рычковтың “ Қырғыз-қайсақ даласы туралы күнделік жазбалары” қашан шықты?
- И. Муравин, Д. Главдышев, Я. Гуляевтер қай хандардың ордаларында болды?
- Үмбетей жырау қай жылдары өмір сүрді?
- Жанақ шығармашылығының ең басты жетістігі не?
- Н.П. Рычков қайда және қандай қызмет атқарды?
- Орыс ғалымдарынан Қазақстанды зерттеген кім?
- Ақтамберді жырау қашан, қайда жерленген?
- Тәттіқара өз шығармаларында кімдердің ерлігін арқау еткен?
- “ Жоңғария картасын” жасаған кім?
- Ақтамберді қай өңірде тұрды?
- Неміс саяхатшысы, натуралист П.С. Палластың “Ресей мемлекетінің әртүрлі аймақтарына саяхат” атты еңбегінде не айтылған?
- Ресей ғылым академиясының бірінші корреспондент мүшесі П.С. Рычковты кім қолдады?
- Қашан, қайда қазақ хандары мен сұлтандарының съезі болды?
- “Тұлғаны таны” ойыны.
Шарты: Оқушыларға тұлға бейнесі жасырылады. Бұл кімнің бейнесі екенін табу үшін, 6 бөлікті ұяшықта ұпаймен берілген сұрақтар жасырылған. Ұпайдың-10 ұпайы оқушылар қоржынына түседі, қалған ұпай топқа есептеледі.
10 ұпай:
- Қазақстанды қай елдің ғалымдары зерттей бастады?
20 ұпай:
- Қазақ өлкесінің этнографиясы туралы ғылыми мұра қалдырған “Орынбор өлкесінің топографиясы”, “ Орынбор тарихы” (1730-1750 ) атты еңбектердің авторы, Әбілхайыр ханның бейітін суреттеп жазған ғалым?
30 ұпай:
- XIX ғасырдың 80 жылдарында өлке тарихының белгілі зерттеушісі В.В. Вегеловский Жоңғария картасын алғаш рет қай қоғам жазбаларында жариялады?
40 ұпай:
- Қазақстан туралы бағалы картографиялық мағлұматтар кімдердің жазбаларында кездеседі?
50 ұпай:
- Қазақ жерін зерттеген шетел саяхатшыларын ата ?
60 ұпай:
- Абылай сұлтанды босатуға қатысқаны туралы, Жоңғарияға сапары қазақ даласы арқылы өтетіндігі туралы мәлімет қалдырған және Сібір-Түмен, Тобыл, Барнаул туралы мағлұматтарды зерттеп, 1750 ж. “Сібір тарихы” еңбегін жазған, Сібір тарихының атасы атанған кім?
Жасырылған тұлға— Бұқар жырау.
Бұқар жырау туралы не білеміз?
( 6 бөлікті ұяшықтың алдында Бұқар жыраудың суреті жасырылған.)
Жауаптары:
- Қазақстанды орыс және шетел ғалымдары зерттей бастады. ( 10 ұпай )
- Рычков. (20 ұпай )
10 | 20 |
30 | 40 |
50 | 60 |
- Орыс география қоғамында (30 ұпай )
- Капитан В. Урусов, И.М. Лихарев. (40 ұпай)
- П.С. Паллас, И. Фалок, И. Георги. (50 ұпай)
- Г.П. Миллер. (60 ұпай)
- “ Бұл кім білесің бе?”ойыны.
Шарты: 3 түрлі мәтін жасырылған, әр топ басшылары келіп, жасырылған мәтінді алады.Дайындыққа уақыт беріледі. Оқушылар өз ойларын, пікірлерін айтады.
III. Жаңа сабақты бекітуі. 15 минут.
- “ Футбол ” ойыны.
Шарты: Оқушылардың алдына парақшалар таратылып беріледі, парақшаларға оқушылар сұрақтар жазып, қарсы топтарға кезекпен лақтырады. Әрбір дұрыс жауап ұпай болып есептеледі.
- “Кім тестке жылдам ” ойыны.
- И.Г. Андреев, Я. Гавердовский қазақ жүздері туралы мағлұматтар жинақтады. Қай жүз туралы мағлұмат жинақтады?
а) Ұлы жүз
ә) Орта жүз
б) Кіші жүз
- Ақтамберді жырау қай жылдары өмір сүрді?
а) 1706-1778 ж.ж
ә) 1675-1768 ж.ж
б) 1684-1781 ж.ж
- XVIII ғасырдағы қазақ әдебиетінің өкілі, Абылай ханның кеңесшісі болған жырауды ата?
а) Ақтамберді
ә) Бұқар
б) Үмбетей
- Айтыстарға қатысқан, философиялық ойлармен белгілі болған кім?
а) Ақтамберді
ә) Бұқар
б) Үмбетей
- Жанақ ақын қай жерде дүниеге келген?
а) Шығыс Қазақстан.
ә) Солтүстік Қазақстан.
б) Батыс Қазақстан.
- Үйге тапсырма:§ 7. оқулықтың 64- бетіндегі құжатты оқу. 2 минут.
- Бағалау. 5 минут.