Ұлттық теңге – мақтанышымыз
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Сабақтың тақырыбы | Ұлттық теңге – мақтанышымыз 5 — СЫНЫП | ||
Мақсаты | Оқушыларға ақшаның шығу тарихымен, қызмет түрлерімен таныстыру. Ақпарат беру арқылы кәсіптік бағыт-бағдар беру. Оқушыларды іскерлікке, сыни ойлауға дағдыландыру. Ұсынылған проблема бойынша өз көзқарасын шығармашылық тұрғыдан жеткізе білуге үйрету. | ||
Оқыту нәтижесі | Ақшаның шығу тарихымен, қызметімен танысады, ақпаратты өз бетінше меңгереді, сыни ойлайды, топпен жұмыс жасайды, тақырыпқа рефлексия жасайды, өзін-өзін, бір-бірін бағалауға үйренеді.
| ||
Түйінді идеясы | «Ұлттық валюта ретіндегі теңге, біздің еліміздің тарихында өзінің рөлін тәуелсіздіктің экономикалық негізі ретінде ғана атқарған жоқ. Кейбір жағынан алғанда теңге – бұл тарихымыздың өзінің толымды бір бөлігі, өз заманының нысаны». Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев
| ||
Әдіс-тәсілдер | Топтық, жұптық, диалог арқылы оқыту, СТО технологиясы, АКТ, «Кластер», «Кубизм» әдістері, «Өз жартыңды тап» ойыны | ||
Уақыты | Ресурсы | Сабақтың мазмұны: | |
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | ||
3 мин
| Тиындар | Амандасу. Оқушыларға тиындар таратылады. Тиындағы жылдарға байланысты оқушылар сол жылдағы қуанышты сәттерін баяндап береді. | Оқушылар қуанышты сәттерімен достарымен бөліседі. |
1 мин | 20, 50 тиындар | Таратылған тиындарға байланысты топтасады. 1-топ: 20 тиын 2-топ: 50 тиын
| Екі топқа бөлінеді. 1-топ: 20 тиын 2-топ: 50 тиын |
5 мин
| АКТ, интерактивтік тақтада слайд, жұмбақ | Жұмбақ жасырылады. Бір, бес, он, Жиырма, елу, Жүз, екі жүз, мыңы бар. Әрқайсының құны бар. Жауап арқылы тақырып хабарланады. Түрткі, сынақ, қайта бағыттау сұрақтары: Әрқашанда адамдарда ақша болды ма? Ақшаны не айырбастады? т.б. сұрақтар арқылы тақырып ашылады. | Жұмбақ шешеді. Диалог арқылы сұрақтарға жауап береді. |
15 мин | АКТ, интерактивті тақта, ватман қағаз, қағаз ақшалар
| «Кластер» әдісі. Кластер құру арқылы оқушылар жаңа тақырыпты меңгереді, топ болып қорғайды.
1-топ: Нумизматика дегеніміз не? (Интерактивтік тақтада) 2-топ: Теңгенің шығу тарихы (Ватман қағазда)
Бағалау: әр тапсырма сайын ақша (10, 20, 30 теңге) жинау арқылы, ұпай жинайды. | Жеке оқып тақырыппен танысады, топ болып талдап, кластер құрады. АКТ-мен жұмыс жасайды. Сыни ойланады. Бір-бірін бағалайды. |
5 мин | Тиындар | Сергіту сәті: «Жасырынған тиындар», топ ішінде жасырынған тиындарды іздеу арқылы қозғалысқа түседі, байқағыштық, тарқырлық қабілеттері анықталады, өздеріне ұпай жинайды.
| Дарындар мен таланттылар анықталады. |
10 мин
| Көк, жасыл карточкалар | «Өз жартыңды тап» ойыны. Ақша туралы мақалдар жасырылған көк және жасыл карточкалар таратылады. Мақалды құрастыру арқылы карточка түсіне сәйкес топтастырылады. І топ: көктер ІІ топ: жасылдар | Мақалды құрастыру арқылы топтасады. І топ: көктер ІІ топ: жасылдар |
10 мин | Кубик | «Кубизм» әдісінің 2-ші нұсқасы бойынша тақырып жан-жақты талданады. Әр топқа 3 тапсырмадан таңдалады. · Суреттеңіз (түсі, пішін, өлшемі) · Салыстырыңыз (неге ұқсас, неге ұқсамайды?) · Байланыстырыңыз (бұл туралы не ойлағаныңызды көзге елестетіңіз) · Талдаңыз (неден жасалған? Неден тұрады? Не үшін?) · Қолданыңыз (бұнымен не жасауға болады?) · Дәлелдеңіз («ия», «жоқ» деп оған дәлел келтіру, бұл жақса ма, әлде жаман ба? Неге?) | Тақырып жан-жақты ашылалы. Ұсынылған проблема бойынша өз көзқарастарын шығармашылықпен жеткізеді. Деңгейлеріне сәйкес жауап береді. Тақырыпқа рефлексия жасайды. |
1 мин. | Қағаз ақшалар
| Сабақ барысында жинаған теңгелеріне байланысты бағаланады. Кері байланыс: Екі жұлдыз, бір ұсыныс.
| Топтық бағалау. |