Қимақтар қағанаты (ІХ ғасырдың соңы – ХІ ғасырдың басы)
Н. Тілендиев атындағы Кіші Өнер академиясы тарих пәні мұғалімі Турекешова Майра Рысқалиқызы.
Қимақтар қағанаты (ІХ ғасырдың соңы – ХІ ғасырдың басы)
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: ІХ ғасырдың соңы — ХІ ғасырдың басында Қазақстанның солтүстік шығыс, орталық аймағын мекендеген қимақ қағанатының тарихымен таныстыру;
- Дамытушылық: Оқушыларды қимақ қағанаты мен өзге түрік халықтарының қоғамдық-саяси тарихы, шаруашылығы, қолөнеріндегі ұқсастықтар ерекшеліктерін анықтап, өздігінен жұмыс жасап, қорытындылауға дағдыландыру;
- Тәрбиелік: Қимақтардың темір өнімдері мен зергерлік бұйымдар жасаудың шеберлері болғандығын түсіндіре отырып, шеберлікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың негізгі ұғымдары: қимақ қағанатының тайпалық құрамы, құрылуы, қағанаттық қоғамдық құрылысы, саяси жағдайы, шаруашылығы, қолөнері.
Көрнекі құралдар: карта, кесте, суреттер, тест, мультимедия.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау стратегиясын пайдалану.
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
|
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Миға шабуыл.
ІІІ. Жаңа сабақты оқыту жоспары:
- Қимақ қағанатының тайпалық құрамы, құрылуы
- Қоғамдық құрылысы
- Саяси жағдайы
- Шаруашылығы
- Қолөнері
- Мәдениеті
Қимақтар қай жерді мекендеген? Карта арқылы көрсету.
Қимақтар
Өмір сүрген уақыты | Аумағы |
VII ғас. басы | Монғолияның солтүстік- батысы |
VII ғ. ортасы | Алтайдың солтүстік аудандары, Ертіс өңірі |
766-840 жылдары | Батыс Алтай, Тарбағатай, Алакөл ойпаты |
ІХ ғ. соңы | Солтүстік-Шығыс, Орталық Қазақстан |
Қимақтардың құрамына қандай тайпалар кірген?
Қимақтардың астанасы: Имақия , екінші астанасы – Карантия туралы айту.
Сыныпты 2 топқа бөлу.
І топқа арналған тапсырма.
Тарихи құжаттармен жұмыс жасау.
Қимақ қағанатының құрылуы мен тайпалық құрамы туралы мәліметтер қандай жазба деректерде кездеседі?
Қытай жылнамалары | Қытай тарих Сыма Цянь | Парсы тарихшысы Гардизи | Араб жазба лары |
ІІ топқа арналған тапсырма.
Қимақ қағанатының қоғамдық құрылысы қандай? Термин сөздерді түсіндір.
- Қаған ______________________
- Ябғу ______________________
- Шад- түрік __________________
- Ұлы қаған, кіші қаған, ябғу шад_______________________________
- Әскерлер ____________________
- Жатақтар ____________________
Мультимедия арқылы М.Қашғаридың суреті көрсетіледі,таныстыру.
Әл-Идрисидің жасаған картасы көрсетіледі,картамен жұмыс.
І топқа берілетін сұрақ.
Қимақ қағанатының күшеюіне әсер еткен жағдайлар.
ІІ топқа берілетін сұрақ.
Қимақ қағанатының құлауына әсер еткен жағдайлар.
2 топ Венн диаграмасы бойынша жұмыс жасайды.
І топ тапсырмасы
Шаруашылығы, қолөнері
ІІ топ тапсырмасы
Тайпалық құрамы, қоғамдық құрылысы
Беркіту.
Тест сұрақтары
- Қимақтардың VII ғасырдың басында мекендеген жері:
А) Монғолия В) Алтай
Б) Қытай Д) Сыр бойы
- Қимақ қағанатының астанасы:
А) Отырар В) Жанкент
С) Имақия Д) Суяб
- Қимақтар туралы жазған парсы тарихшысы
А) Әль-Якуби В) Әль-Фараби
С) Бируни Д) Гардизи
- Қимақ шонжарларының ислам дінін қабылдай бастаған кезі:
А) IX ғасыр В) Х ғасыр
С) ХІ ғасыр Д) ХІІ ғасыр
- Қимақтардың жеке дара тайпа көсемінің атағы:
А) Ябғу В) Қаған
С) Шад- түтік Г) Ұлы бек
Қорытынды. ІХ ғасырдың соңы – ХІ ғасырдың бас кезіндегі қимақтар мемлекеті өзіндік өсіп өркендеу жолы бар, қалыптасқан алғашқы патриархалдық-феодалдық мемелкет болған.
Үйге тапсырма: §6