«Білім көкпары» атты тренинг сабағы
«Білім көкпары» атты тренинг сабағы
Мақсаты:
- Білімділік: Қазақстан тарихы бойынша қалыптасқан білімдерін жинақтап-қорытындылау;
- Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, шапшаңдыққа, тапқырлыққа баулу;
- Тәрбиелік: Оқушыларды елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу
Көрнекі-құрал: Интерактивті тақта, қосымша материалдар
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес. Тренинг сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, пікіралысу, ой қозғау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Жүргізуші: Қымбатты оқушылар! Білімнің көкпарына қош келдіңіздер!
Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын білуге
Көкірегіңде болсын көз!
(Абай)
- Оқушылар топқа бөлініп, өз топтарын таныстырады, қорғайды.
- Әділ-қазылар алқасын сайлау.
ІІ. Сайыс шарттарымен таныстыру.
- Хронологиялық жорық
- «Әріптер сөйлейді». Глоссарий
- «Портреттер сөйлейді»
- Тарихи домино
ІІІ. «Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады»
Ал, кәне, сайысымызды бастайық.
- Хронологиялық жорық. Қазақстанның көне заманнан бүгінге дейінгі тарихын баяндайтын әр топқа 10 сұрақтан беріледі.
І-топ сұрақтары:
- 552 жыл (Түрік қағанаты құрылды)
- 751 жыл (Атлах шайқасы)
- 1465-1466 жылдар (Қазақ хандығы құрылды)
- 1511-1518 жылдар (Қасым хан ел биледі)
- 1643 жыл (Орбұлақ шайқасы)
- 1731 жыл (Кіші Жүз Ресей құрамына кірді)
- 1822 жыл (Орта жүзде хандық билік жойылды)
- 1837-1847 жылдар (Кенесары Қасымұлы көтерілісі)
- 1854 жыл (Верный бекінісі салынды)
- 1920 жылы (Қазақ АКСР-і құрылды)
ІІ-топ сұрақтары:
- Б.з.б. 530 жыл (Кир мен Томиристің шайқасы)
- Б.з.б. 55 жыл (Чжи-Чжи бастаған ғұндардың қазақ жеріне қоныс аударуы)
- 542 жыл («Түрік» этнонимінің алғаш аталуы)
- 704-756 жылдар (Түргеш қағанаты өмір сүрді)
- 1206-1227 жылдар (Шыңғысханның ел билеуі)
- 1348 жыл (Моғолстан мемлекетінде Тоғылық Темір хан болып сайланды)
- 1680-1715 жылдар (Тәуке ханның ел билеуі)
- 1726 (1728) жыл (Бұланты шайқасы «Қалмаққырылған»)
- 1729 (1730) жыл (Аңырақай шайқасы)
- 1836-1838 жылдар (Ішкі (Бөкей) Ордасындағы шаруалар көтерілісі)
- «Әріптер сөйлейді».
А | Ә | Б | В | Г | Ғ |
Д | Е | Ё | Ж | З | И |
Й | К | Қ | Л | М | Н |
Ң | О | Ө | П | Р | С |
Т | У | Ұ | Ү | Ф | Х |
Һ | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ |
Ы | І | Ь | Э | Ю | Я |
І-топ сұрақтары:
А – Қазақтың жазба әдебиетінің негізін салған (Абай)
Ә – Жоңғар тағының мұрагері (Әмірсана)
Б – Еділ мен Жайық аралығында құрылған хандық (Бөкей)
В – Рим Папасының мемлекеті (Ватикан)
Г – Тарихтың атасы (Геродот)
Ғ – 100 жыл – ол? (ғасыр)
Д – алаш қайраткерлері Халел, Жаһаншаның фамилиясы (Досмұхамедов)
Е – Қазақ ханы (Есім хан)
Ё – Қазақтың бұлбұл әншісі (Күләш Байсейітова)
Ж – Қазақтың тұңғыш ханы (Жәнібек)
З – Қазақстанның Шығысында орналасқан көл (Зайсан)
И – Үнділердің діні (Индуизм)
Й – АҚШ мемлекетіндегі қала (Нью-Йорк)
К – Абылай ханның немересі (Кенесары)
Қ – Ерасыл қай батырдың шын есімі (Қабанбай)
Л – Мөде шаньюйдің мұрагері (Лаушан)
М – Ислам діни мектебі (медресе)
Н – Қазақстан Республикасы Туының авторы (Ш.Ниязбеков)
Ң –
О — Қазақ АКСР-дің астанасы (Орынбор)
Ө – Қазақстанға көрші мемлекет (Өзбекстан)
П – Тасқа шекіліп салынған суреттер (Петроглифтер)
ІІ-топ сұрақтары
Р – Сталиндік қуғын-сүргін (Репрессия)
С – Алаш автономиясының орталығы болып белгіленген қала (Семей)
Т – Н.Назарбаев Еңбек жолын бастаған қала (Теміртау)
У – Округтан кейінгі басқару буыны (уезд)
Ұ
Ү – Атқарушы билік органы (Үкімет)
Ф – Ірі кәсіпорын (фабрика)
Х – Сақтар дайындаған сусын (хаома)
Һ — Қасым хан шығарған Заңдар жинағы («Қасым ханның қасқа жолы»)
Ц – 1644 жылы Қытайды жаулап алған әулет (Цинь)
Ч – Солтүстік Ғұн билеушісі (Чжи-Чжи)
Ш – Моңғол ханы (Шыңғысхан)
Щ – Қазақстандық жазушы Иван (Щеголихин)
Ъ – Астанамыздың символы (Бәйтерек)
Ы – Ағартушы педагог Алтынсариннің есімі (Ыбырай)
І – Қазақ тіліндегі септік түрі (Ілік)
Ь – Ежелгі тас дәуірі (Палеолит)
Э – Санкт- Петербургтегі көркемсурет мұражайы (Эрмитаж)
Ю – Германия буржуазиясы (юнкер)
Я – Грек мифологиясының кейіпкері (Ясон)
- Портреттер сөйлейді. Әр топқа белгілі тұлғалар суреті көрсетіледі, оқушылар дәл тауып, кім екенін, тарихтағы алатын орнын қысқаша баяндап беруі тиіс.
І топқа көрсетілетін суреттер:
- Сырым Датұлы
- Дина Нұрпейісова
- Мұхтар Шаханов
ІІ топқа көрсетілетін суреттер:
- Махамбет Өтемісұлы
- Қаныш Сәтбаев
- Д.А.Қонаев
- Тарихи домино. Сөйлем құрау керек
І топқа
айналысқа |
15 қарашада |
1993 жылы |
теңгеміз |
шықты |
Ұлттық |
ІІ топқа
көшірілді |
Ақмолаға |
1997 жылы |
Алматыдан |
астанасы |
Қазақстан Республикасы |
Президент Жарлығымен |
ІV. Сабақты бекіту. Қорытындылау. Оқушы білімін бағалау
Әділ-қазылар сөз алады.