Ақ бұзау. Жуан дауыстылар
№18сабақ Сабақтың тақырыбы: Ақ бұзау. Жуан дауыстылар
Сабақтың мақсаты: а) жуан дауысты дыбыстар жайлы түсінік бере отырып,төрт түлік туралы мәлімет беру және оны меңгерту. .. ә) Оқушылардың сөздік қорын, танымдық қабілетін, сөйлеу мәнерін жетілдіру , дамыту. б) Ұйымшылдыққа, білімділікке үйрете отырып тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: суреттер,
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, әңгімелеу.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен амандасу.Сыныпты түгендеу. Сабаққа дайындау, оқу құралдарын алу.Тәлім сәті Әрбір ісім Оқу, ұғу,үйрену, Әрбір сөзімАдалдық, бірлік, ынтымақ.Ондай болса сабағымызды ынтымақпен бастайық.
II.Үй тапсырмасын тексеруӨтілген тақырыптарды пысықтау.
IІІ. Мақсат қою кезеңі:-Балалар, бәрәмәз тақтаға қарайықшы, қандай дыбыстарды көріп тұрмыз?А,О,Ы,Ұ әріптері — Балалар атаған дыбыстарың дауысты ма, дауыссыз ба?Қазақ тілінде қанша дауысты дыбыс бар?Келесі тапсырмамыз буыннан сөз құрастыру, сөздерден сөйлем құрату, жуан дауысты дыбыстарды табу.Сергіту сәті
ІV.Жаңа сабақ28-жаттығу 1. Өлеңді мәнерлеп оқып, көшіріп жазыңдар2. Сөздерден жуан дауысты дыбстарды тапМыс: ұзын, алма, ыдыс, ытқып.29-жаттығу 1.Сөздерді оқыңдар.
Сүт, айран, қаймақ, кілегей,май,құрт, ірімшікМыс: айран, құрт, ірімшікОқулықпен жұмыс
Ж.Смақовтың «Ақ бұзау» өлеңі
Ақ бұзауым ұнайды
«Мө-мө» деп сүт сұрайды
Ақ бұзау жақсы фермада
Апарамын көрмеге
Келеді өсіп күн санап,
Қоямын ба тұмшалап.
Тұмсығын созып қарайды,
Тілімен мұрнын жалайды.
- Жаңа материалды пысықтауБұзау сүтті қалай сұрайды?Тілімен нені жалайды.Бұзаудың енесі?
Оқушыларға өлеңді тізбектей оқыту
VII. Бекіту Біз бүгін қандай дыбыстарды өттік№жуан дауысты дыбыстар Ж.Смақовтың өлеңі не жайлы айтылған?
VIII.Үйге тапсырма, бағалау «Ақ бұзау» өлеңін мәнерлеп оқып келу, жауаптарына қарай оқушыларды бағалау.