Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында.
Сынып: 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында.
Мақсаты:
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазқстанның экономикасы, майдандағы қазақстандықтардың ерлігі және олардың соғысқа қосқан үлесі жайлы түсінік беру.
Оқушылардың саяси көзқарасын, тарихи танымдылығын, сапалық қасиетін дамыту.
Елжандылыққа, елін, жерін сүюге, батырлардың ерлігін мәңгі есте сақтауға, үлгі етуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Карта, флипчарт, бүктемелер, тест сұрақтар.
Түрі: Жаңа сабақ
Әдісі: Топпен жұмыс
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
2) Оқушылар назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
І- тапсырма. Ағарту ісіне үлес қосқан ғалымдардың есімдерін атаңдар.
ІІ-тапсырма. Мына жылдары Қазақстанда қандай оқу орындары ашылды?
1928 ж. 1932 ж.
1929 ж. 1934 ж.
1930 ж. 1934 ж.
1931 ж.
ІІІ-тапсырма.
Кесте толтыру
1920-30 жылдардағы мәдениет
Жағымды жақтары Жағымсыз жақтары
ІІІ. Жаңа сабақ.
- Сыныпты екі топқа бөліп, әртопқа тапсырма беріледі. Оқушыларға дайындалу үшін 10 минут уақыт бөлінеді.
А-тобының тапсырмасы: Қазақстан экономикасы неліктен соғысқа бейімдеп қайта құрды, оның маңызы неде? ( Тірек сызбалары бойынша орындайды.)
Л.Лещенко «День победы» әні орындалады
Қазақстанға қай жылдары өнеркәсіп орындары көшірілді?
|
Б-тобының тапсырмасы: Ұлы Отан соғысында қазақстандықтардың шешуші шайқастарда көрсеткен ерліктерін сипаттаңдар.
Интернет беттерінен осы шайқастар туралы мәлімет қарау.
- Әр топ өз тапсырмалары алдымен топта талқылап, содан кейін тақтаға шығып жауап береді.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
А-тобының тест сұрақтары:
- Қазақстанда Батыс регионнан қанша өнеркәсіп әкелінді?
А) 142 В) 100 С) 140 Д) 50 Е) 460
2) Матросовтың ерлігін қайталаған қазақ жауынгері?
А) Қ. Сыпатаев В) С. Баймағанбетов С) Ж. Байзақов Д) Л. Беда Е) Қ. Қайсенов
3) Қазақстанда жалпы Одақтық қанша пайыз мыс қорытылды?
А) 40 В) 50 С) 60 Д) 70 Е) 80
4) Генерал-майор Панфилов қай дивизияны басқарды?
А) 316 атқыштар дивизиясы В) 73 гвардиялық дивизия С) 310 атқыштар дивизиясы Д) 75 гвардиялық дивизия Е) 314 атқыштар дивизиясы
5) М.Мәметова қай қала үшін шайқаста ұмытылмас ерлік жасады?
А) Мәскеу В) Ленинград С) Сталинград Д) Курск е) Берлин
6) Қанша қазақ жауынгері Кеңес Одағы батыры атағын алды?
А) 300 В) 450 С) 497 Д) 150 Е) 550
7) Ә. Абуталипов Тисса өзеніне неше рет рейс жасады?
А) 45 В) 47 С) 49 Д) 50 Е) 60
8) Қызыл алаңда Жеңіс парадына қатысқан майдангер?
А) Ж. Қалдықараев В) Т. Көмекпаев С) Е. Дәуітов Д) Б. Момышұлы Е) Р. Қошқарбаев
9) Депортация жасалған халықтар кімдер?
А)орыс, украин, белорус В) неміс, болгар, қарашай С) грузин, армян, азербайжан Д) қытай, ұйғыр, монғол
10) ІІ Дүниежүзілік соғысы қашан аяқталды?
А) 1945 ж. 1 тамыз В) 1945 ж. 8 мамыр С) 1945 ж. 2 қыркүйек Д) 1945 ж. 22 маусым Е) 1945 ж. 9 мамыр
Б-тобының тест сұрақтары:
- 1941-42 жылдары Қазақстанға қанша зауыт-фабрикалар көшірілді?
А) 220 В) 200 С) 300 Д) 420 Е) 460
2) Ленинград үшін шайқаста кеудесін оққа төсеген қазақ батыры кім?
А) Т. Тоқтаров В) С. Баймағанбетов С) Т. Бигелдинов Д) М. Ғабдуллин Е) Қ. Сыпатаев
3) Қазақстандық комсомолдар атынан қанша танк жіберілді?
А) 40 В) 45 С) 35 Д) 30 Е) 50
4) Көшіріліп әкелінген зауыттар мен фабрикалар қай аймақта орнатылды?
А) Батыс В) Шығыс С) Солтүстік Д) Оңтүстік Е) Орталық
5) Ұлы Отан соғысы қай жылдары болды?
А) 1939-45 ж.ж. В) 1941-45 ж.ж. С) 1938-45 ж.ж. Д) 1939-44 ж.ж. Е) 1944-45 ж.ж.
6) «Ресей кең байтақ, шегінерге жер жоқ артымызда Мәскеу»-сөзінің авторы?
А) В. Ключков В) В. Владимирский С) Т. Тоқтаров Д) И. Панфилов Е) Е. Рыков
7) Генерал-майор Панфилов басқарған дивизия жасақталған қала?
А) Алматы В) Қостанай С) Ақмола Д) Петропавл Е) Қызылорда
8) Мәскеу үшін шайқаста Б. Момышұлы қандай әскери отрядты басқарды?
А) взвод В) рота С) Батальон Д) Полк Е) дивизия
9) Фашистік германия жоспары бойынша Қазақстан қандай отардың құрамынаенуі керек еді?
А) Остланд В) Мәскеу С) Еділ-Орал Д) Кавказ Е) Үлкен Түркістан
10) Берлинге ту тіккен қазақ жігіті?
А) Т. Тоқтаров В) Р. Қошқарбаев С) М. Ғабдуллин Д) А. Шарипов Е) Қ. Қайсенов
Ү. Үйге тапсырма:
А-тобына «Ешкім де ешқашанда ұмытылмайды» тақырыбында презинтация жасау
Б-тобына «Жерлестеріміздің өшпес ерлігі» туралы буклеттер жасау
ҮІ. Бағалау.