Батудың (Батый) орыс жеріне жорығы

Батудың (Батый) орыс жеріне жорығы.

Сабақтың мақсаты

Білімділік: Оқушыларға  Алтын Орда туралы білімдерін толықтыра отырып, Батыйдың орыс жеріне жорығына толығырақ тоқталу, Орыс жерінің не себептермен монғол-татар әскерлерінен жеңілгендіктерін ашып түсіндіру.

Дамытушылық: Картамен жұмыс жасауға, өз бетінше қорытынды жасауға,

ізденіске  дағдыландыру, ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Адамгершілікке, өз Отанын, елін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды түсіндіру.

Түрі: Ойын

Әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау , картамен жүмыс, тапсырмалар

Көрнекілігі:  Карта, тірек-сызбалар, симантикалық карта,

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі 2 минут.Амандасу,Түгендеу,
  2. Сабаққа дайындық.

3 топқа бөлу:

І топ «Алтын Орда»

ІІ топ «Ақ Орда»

ІІІ топ «Көк Орда»

  1. Өткен материалды еске түсіру. 15 минут.

І «Алтын Орда» тобына

 

Жұмбақ шеш «Кім туралы айтылған?»

  1. Оның атын татар батырының атымен атаған. Ол білімсіз, бірақ ұлы империя құрды. Орақ тілді, батырлығымен және ұстамдығымен көзге түскен. (Тимучин)
  2. Ол еліне беделді батыр болған. Ол қият руынан шыққаны белгілі.  Ол татарлар қолынан қаза болды. (Есугей)
  3. Ол Жалайыр тайпасынан шыққан ұлы қолбасшы. Шыңғысханның Қытайға жорығында ерен ерлігімен көзге түсті.   (Мұқылай)
  4. Ол Ақ Орданың негізін қалады. Жошы ханның үлкен ұлы. (Орда Ежен)
  5. Ол ақ құл болған. Кейін Египеттің мәмлүктеріне сұлтан болды. (Сұлтан Бейбарыс)

ІІ «Ақ Орда» тобына

Терминдерді шеш:

  1. Жоғарғы орган, ірі әскери мәселелер, саяси жағдайларды шешіліп отырды. Осында салтанатты түрде ханды таққа отырғызу рәсімдері жасалады? (Құрылтай)
  2. Мемлекет басшысы, әскери заң шығарады және әкімшілік билік жүргізді (Хан)
  3. Шыңғыс ханның заңы: (Жаса)
  4. Шыңғыс ханның ең кіші ұлы (Төле)
  5. Салық жинаушыны: (Басқақтар)

 

 

 

 

ІІІ топ «Көк Орда»

«Хронологиялық сөзжұмбақ»

1211ж- (Жетісу өңіріне моңғолдар келіп кірді.)

1216ж- (Жошы бастаған қол керейлерді бағындыру үшін Торғай даласына дейін барды.)

1218ж- (Отырарға керуендерін жіберді)

1219ж- (Жетісу арқылы Отырар қаласына жақындады.)

1220ж-(Орта Азия қалаларын жаулап ала бастайды.)

1221ж- (Мерв, Хорасан қалаларын алып, Орта Азияның өзіне қаратты)

1225ж- (Шыңғысхан астанасы Қарақорымға келеді.)

1226ж- (Таңғұт патшалығына жорық жасады.)

1227ж- (Шыңғыс хан қайтыс болады)

 

III. Жаңа сабақ: 17 минут.

Жоспар.

  1. Алтын Орда мемлекетінің құрылуы
  2. Батудың орыс жеріне жорығы
  3. Бату Киевті алуы

І . Батый туралы не білеміз? (қызығушылықтарын ояту)

 

 

 

 

 

 

 

Батый  туралы мәлімет

Батый, Бату хан, Саин хан (1207-1255 ж) моңғол ханы, Шыңғыс ханның немересі, Жошы ханның екінші баласы.  Ол  Батыс  және Солтүстік елдерді жаулап алушы. Рашид-ад-Диннің айтуы бойынша Батый хан 48 жас өмір сүргеніне қарамастан, оның бір ғасырға жуық моңғол империясында аса беделді болғанын айтады. Батый өлгеннен кейін мұрагері  ұлы Сартақ таққа отырған болатын. Бірақ ол аз уақыт билікте болып қайтыс болды. Орнына Батыйдың інісі Берке келеді.

ІІ. Алтын Орда мемлекеті туралы тірек-сызба арқылы түсіндіру.

 

 

 

 

 

 

 

 

Батый                                                                                         Шайбани

                                                  Орда Ежен

Алтай тауынан                                                                      Арал теңізінің

Дунай өзеніне                       Сырдария алабынан               солтүстік аймағы

дейінгі аумақ                         Балқаш көліне дейінгі

                                               байтақ жерді алды

 

 

Алтын Орда туралы сатылай талдау

                    Алтын Орда

Негізін қалаған—— Батый хан

Орталығы—-Сарай-Бату (Астрахан қаласының маңында)1243ж

Қандай мемлекет болып құрылды?—— Феодалдық мемлекет

Түркі тілдес тайпалар құрамында—қыпшақ, қаңлы,арғын,

                                                                                  найман,қоңырат, керей, уақ.

Алтын Орда мемлекетіне

бағынышты аймақтарды басқарған—- дарғы бектер, тамғаш,                                                                                                басқақтар

Салық түрлері——Қалан, қапшуыр

Қалан— егіншілерден алынатын салық

Қапшуыр-малшылардан алынатын салық

 

ІІІ . Батудың орыс жеріне жорығы

Жорық жасаған жылдар—————1236-1242 жылдар

Мақсаты————————————Жаңа жерлерді бағындыру

Сипаты————————————-Басқыншылық

 

Картамен жұмыс (практикалық жұмыс)

 

Барысы:

Жылдары Жаулап алған жерлер
1236жБұлғар елін жаулап алды
1237жЕділ мен Дон өзендерінің аралығындағы қыпшақтарды жаулап алды.
1237ж қысыРязань қаласын бес күнде жаулап алды.
1238ж 4ақпанВладимир қаласын үш күнде жаулап алып, орыстың 14 қаласын бағындырды.(Ростав, Суздаль, Ярославль, Кострома, Углич, Тверь)
1240жКиев қаласын жаулап алады.
1240-1480жОрыс жеріне моңғол-татар үстемдігі орнайды.

 

Сергіту сәті

 

ІV. Тапсырмалар

І топқа:

Батый әскерлерінің  жеңу себебі:

  1. Қорған бұзғыш кондырғы-қарулары дамылсыз іргені соққылайды.
  2. Дайындалған күшті әскер, қатаң тәртіп.
  3. Соғыс жоспарын алдын ала құруы.
  4. Әскер саны 30-40 тан 120-140 мың әскерлері

 

І І топқа:

Орыс әскерлерінің жеңілу себебі:

  1. Әскер саны 30 мың ғана болды.
  2. Басқарушысы күші әлсіз болды;
  3. Феодалдық бытыраңқылық

 

 

 

ІІІ топқа:

Басқыншылық жорықтың зардаптары:

 

  1. Ежелгі ескерткіштердің көбін жойып жіберді;
  2. Қалаларды қиратты.
  3. жазықсыз халықтар жапа шекті.

 

 

  1. Сабақты қорытындылау.

Симантикалық карта

 

 1236ж1237ж1237ж қысы1238ж 4ақпан1240ж1240-1480ж
Бұлғар елін жаулап алды+    
Еділ мен Дон өзендерінің аралығындағы қыпшақтарды жаулап алды. +   
Рязань қаласын бес күнде жаулап алды.  +   
Владимир қаласын үш күнде жаулап алып, орыстың 14 қаласын бағындырды.(Ростав, Суздаль, Ярославль, Кострома, Углич, Тверь)   +  
Киев қаласын жаулап алады.    + 
Орыс жеріне моңғол-татар үстемдігі орнайды.     +

 

Жеке жұмыс тест

 

VІ. Үй тапсырмасын беру.

 

  • 37 оқу.

VIІ. Бағалау: Оқушыларды мадақтап бағалау