1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі».
Шегірбаева Сара
№ 64. Ж.Аймауытов атындағы
көп салалы мектеп-гимназиясы
тарих пәнінің мұғалімі
Сабақ тақырыбы: «1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі».
Сабақ мақсаты:
Білімдік: Бөкей Ордасының құрылуы, Ішкі Ордадағы 1836-1839 жылдардағы шаруалар көтерілісінің бастал себептері, басты мақсаты, көтерілістің негізгі қозғаушы күші және көтерілістің болашақ басшылары Исатай мен Махамбеттер қызметінің тарихи ықпалы.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, басқыншылық соғыс атаулыны жек көруге тәбиелеу.
Дамытушылық:Оқушыларды өз бетінше ой қорытып, оны жеткізе білуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: баяндау, әңгімелесу, сұрақ-жауап.
Тірек ұғым: Қазақстан тарихындағы Исатай мен Махамбеттің тарихи орны.
Сабақ көрнекілігі: ҚР картасы, саяси карта;
а) И. Тайманұлы бастаған көтеріліс ( 1836-1838 ж.ж )- карта,
б) Ішкі Орданың аумағы – карта.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі, ағылшын тілі.
Тарихи оқиғалар: Желтоқсан оқиғасымен сабақты байланыстыру.
Сабақтың тақырыбы: § 11 «1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі».
Жоспар:
- Бөкей Ордасының құрылуы. Шаруалар көтерілісінің басталу себептері және оның барысы.
- 2. Патшаның көтеріліске қарсы шаралары. Көтерілістің жеңілуі.
- Көтерілістің салдары және тарихи маңызы.
Жаңа сабақтың тақырыбы: «Көтерілістің салдары және тарихи маңызы»
- Көтеріліс жеңілген соң , ішкі Ордадағы халықтың жағдайы, салдары.
- Көтерілістің тарихи маңызы.
- Қорытынды.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Сәлемдесу;
ә) ҚР гимні;
б) Оқушыларды түгендеу;
- Үй тапсырмасын сұрау.
III. Жаңа сабақ.
- Жаңа сабақты бекіту.
Үй тапсырмасын тексеру сұрақтары:
- Бөкей Ордасының құрылуы ( картамен жұмыс ).
- Кесте толтыру.
- Ішкі Ордадағы көтеріліс ( 3 кезеңге бөлінеді, плакат )
- Патшаның көтеріліске қарсы шаралары.
- Исатай Тайманұлы басшылығымен болған шаруа көтерілісі.
- «Ойлан тап» ойыны
- Хронологиялық кесте.
- Тест сұрақтары таратылады.
- Карточкалық сұрақтар.
- 2 топқа бөлінеді.
I топ: Исатай Тайманұлы
II топ: Махамбет Өтемісұлы
- Пәнаралық байланыс.
- Желтоқсан оқиғасы.
Кесте № 2
Ішкі Ордадағы көтеріліс үш кезеңге бөлінеді
I кезең | 1836 жылдар- көтерілістің басты алғышарттарының қалыптасуы |
II кезең | 1837 жылдың басынан осы жылдың аяғына дейін-көтерілістің етек алған кезеңі, патша жазалаушы әскерімен, хан итаршыларымен қақтығыстар |
III кезең | 1837 жылдың желтоқсан айынан 1838 жылдың шілде айына дейін- көтерілісшілер күшінің әлсіреп, жеңілу кезеңі |