ХІ – ХҮ ғасырлардағы Англия
Сабақтың тақырыбы: ХІ – ХҮ ғасырлардағы Англия
Сабақтың мақсаты :
Білімділік: Оқушыларға ХІ – ХҮ ғасырлардағы Англияны нормандардың жаулап алуы, Парламенттің
құрылуы, Уот Тайлер басқарған шаруалар көтерілісі туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушыларға сұрақтар, тапсырмалар беру арқылы ойлау қабілетін дамытып, өз
бетінше іздене білуге үйрету, сабаққа даген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды елін, жерін сүйе білуге тәрбиелеу , еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : Дәстүрлі емес
Сабақтың типі : Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі : Топпен жұмыс, жеке жұмыс , ауызша баяндау, сұрақ –жауап.
Көрнекілік : Сызбалар , кесте.
Құрал – жабдық : Карта.
Сабақ барысы : І. Ұйымдастыру .
а) Сынып оқушыларын түгелдеу.
ә) Оқушылар назарын сабаққа аудару.
ІІ . Үй тапсырмасын сұрау , бағалау.
- 13. ХІ – ХҮ ғ. Франция
- Француз жерлерінің бірігуі
- Жүз жылдық соғыс. Жакерия
- Жанна д, Дарк
ІІІ. Өткен сабақты бекіту
«Жолаушы» , «Аялдама» ойыны арқылы сабақты бекітеміз.
Шарты: Бір топтан 1 оқушы шығып , келесі топтарға аялдама жасап , топтың берген
сұрақтарына жауап беру қажет
ІҮ. Жаңа сабақ
Әр тақырыпқа 5 минуттан уақыт беріледі, уақыт біткен кезде берілген тапсырмаларға жауап беруі қажет.
- Англияны нормандардың жаулап алуы.
Басталған сөйлемді тез арада жалғастырып , аяқтау керек.
- Британия жеріне қоныстанған герман тайпалары — ағылшын — сакстер
- Алғашқы кезде құрылған корольдік саны — 7
- Өзара қырқысқан 7 корольдік бірігіп, үлкен бірлестік құрды — 9ғасырда бірікті, Х ғ-да Англия
- Англияны алғаш жаулап алғандар – Даниялықтар
- Англия даниялықтардың үстемдігінен құтылды — ХІ ғасырда
- 1066 жылы Англияға Нормандия герцогі Вильгельмнің басып кіру себебі — әлсіз болды.
- «Жаулап алушы» деген атаққа ие болған король — В
- Вильгельмнің билілігінің күшеюін көреміз —
- В – нің жүргізген санағы – жер , халық және мүлік
- Санақтан кейінгі жазылған кітап — «Қаһарлы сот кітабы»
- англия халқының саны — 1,5 млн. болды
- Ауылды жерлерде тұрған халық үлесі — 95 пайыз
13.Шаруалардың феодалдарға қарсы шығуының себебі –
- Езілген халықтың адал досы – Робин Гуд.
- Англияда бір орталыққа бағындырылған мемлекеттің күшеюі
Англияның қуатты державаға айналған тұсы – Вильгельм және оның шөбересі ІІ Генрих
Англиямен қатар Францияның 3\2 бөлігін иемденді |
Плантагенет сот реформасын енгізді |
Мемлекетті бір орталыққа бағындырды |
Әскери реформа жүргізді |
«Тәңір сотының» орнына король сотын орнатты |
Ағылшын шіркеуін тікелей өзіне бағындырды |
ГЕНРИХ |
- Парламенттің құрылуы.
Қашан ? | Не болды? | Нәтижесі қандай |
1189 жылы | ІІ Генрих өлді | Оның мұрагерлері Франциядағы иеліктерінен айырылып , елде феодалдар бүлігі күшейді. |
1215жылы | Корольге қарсы көтеріліс болды. | 1215 ж. 15 маусымда корольді «Еріктіліктің ұлы хартиясы» деген құжатқа қол қоюға мәжбүр еткізді. |
1216 – 1272 жылдар | Англияда ІІ Генрих билік етті | |
1258 жылы | Италияға соғыс ашты | Барондардың барлық табыстарының 1\3 – ін өзіне беруді талап етті. Бұған барон-дар наразылық білдірді. |
1259жылы | ІІІ Генрих барондардың құрған Кеңесімен санасудан бас тартты. | |
1263 жылы | Король мен барондар арасында соғыс болды | Барондар жеңіске жетті |
1265жылы | Барондар халық өкілдерінің жиналысын шақырды. | Парламент құрылды. |
Ағылшын парламенті
Лордтар палатасы Қауымдар палатасы
Ірі жер иелерінің өкілдері қатысты Рыцарлар мен халық бұқарасының өкіл-
Герцогтар, маркиздер, графтар, дері сайланды
виконттар мен барондар, епископтар
сайланды
Ү. Жаңа сабақты бекіту
- Нормандықтардың Англияға басып кіруіне не себеп болды?
- «Қаһарлы сот кітабы» қашан жазылды?
- Ағылшын парламенті қашан құрылды.
ҮІ. Қорытындылау
ҮІІ. Үйге тапсырма
ХІ – ХҮ ғасырлардағы Германия