Саяси партиялар.
Көнекбаева Райса
Тоғас батыр атындағы орта мектебі
ШҚО,Тарбағатай ауданы,Ойшілік ауылы
Қазақстан тарихы. 11«Б» сынып.
Сабақтың тақырыбы: Саяси партиялар.
Мақсаты: Саяси партияның мәнін жан-жақты ашып беру; саяси партияның пайда болуы, мәні, белгілері, негізгі қызметтері, түрлері туралы түсінік беру .
Міндеттері: 1.Өткен материалдарды естеріне түсіреді, ұғады, біледі.
- Оқушылардың жан-жақты іздене білуін қалыптастырады, бірлесіп
және өздігінен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіреді және еркін сөйлеп, ойын жеткізе білуге үйретеді.
- Оқушыларды өздерінің азаматтық қоғамның мүшесі ретінде азаматтық
саяси борыштарын анық түсініп өтеп жүруге баулиды
Қолданылған
технология: СТО технологиясы.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ортада қалам, бағыттап оқу, ассоцияция Б.Б.Ұ аквариум стратегиялары
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту.
1.Психологиялық дайындық.
Барлығымыз бүгін бір-бірімізге ақ тілектерімізді «Өз жұлдызымызға» жазып, орнымызға отырамыз. Сабақтың мақсаты, жоспарымен, шарттарымен таныстыру. Топ басшыларына бағалау парағын тапсыру
- Үйге берген тапсырманы сұрау.
1.Сұрақтар қою.
2.Цифрлар сырын ашу.
3.Саяси тұлғаларды анықтау.
4.Термин сөздерге анықтама беру.
Топқа сұрақ :
1.топқа-индустрияландыру
2.топқа-Ұлы Отан соғысы
3.топқа-1916 ұлт азаттық қозғалыс
ІІ. Мағынаны тану.
1.Мұғалімнің сұрағы.Аквариум стратегиясы
Партия сөзіне ассоцияция жасау
Партия деп — қоғамдағы әлеуметтік-саяси мүдделерді шешу үшін өздеріне ортақ көзқарастарды іске асыру жолында мемлекеттік билікке келуге ұмтылатын азаматтардың ерікті ұйымын айтады.
“Партия” деген сөз латын тілінен шыққан, “бөлу”, “бөлшек” деген мағынаны білдіреді. “Мен бүтіннің бөлшегімін”, “мен осы топтың пікірін қолдаймын”, “мен біреулермен пікірлеспін” деген түсініктері.
2.Мәтінмен жұмыс
Оқушыларға карточка таратылады. Оқушылар осыған өз түсініктерін жазады.
Білемін | Білгім келеді | Ұқтым |
Оқушылар тақтаға шығып өз жұмыстарын қорғайды.
ІІІ. Ой толғаныс.
Бекіту сұрақтары:
- Дамыған демократиялық мемлекеттер саяси партияларсыз өмір сүруі мүмкін бе?
- Қазақстанда бірпартиялық жүйеге көзқарасыныңыз қандай?
Егер де мен президент болсам……………………………..
Егер де мен партияның жетекшісі болсам………………………..
Үйге тапсырма.§12
Бағалау.