Сәулет өнері және құрылыс
Сабақ жоспары
Күні
Сынып: 7 Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Сәулет өнері және құрылыс
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Х-ХІІғасырлардағы сәулет өнерінің ерекшелігі, сәулет өнері құрылысындағы
жаңаша стильдер, архитектуралық ескерткіштермен танысу, олардың
тарихынан мәлімет беру.
Дамытушылық: Оқушылардың өздігінен жұмыс жасау және салыстырмалы талдау жасау
дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың өз елін сүюге , құрметтеуге еліміздің құнды архитектуралық
ескерткіштерін қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, тапсырмалар орындау, сұраққа жауап беру, сұрақ қою ,талдау
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, видеоролик
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру (түгелдеу )
3 топқа бөлу
1-топ архитекторлар
2-топ тарихшылар
3-топ туризм агенттігі қызметкерлері
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
Жазбаша жұмысты тексеру
Айналмалы бекет ойыны
1-топ
2- топ
3-топ
Қызығушылықты ояту: видеоролик ,
1.Сәулет өнерінің құндылығы неде?
2.Сәулет өнері ескерткіштері тарихтан қандай сыр шертеді деп ойлайсыз?
Архитектура, сәулет өнері – құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері. Архитектура туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік ортасын қалыптастырады. Олар: әр түрлі қажеттіліктерді атқаруға арналған және адамның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай болып салынған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер. Сәулет өнері – техниканың, ғылымның және өнердің тоғысқан жері. Қазақстан жерінде Тараз, Құлан, Сайрам , Отырар, Созақ, Түркістан Алмалық сияқты ірі қалаларда архитетуралық ескерткіштер көптеп салынған.
А.Байтұрсынов адамзат тарихындағы бес өнерді атап көрсеткен.Оның біріншісі-сөз өнері, екіншісі –сәулет өнері, үшіншісі мүсін өнері, төртіншісі сурет, бесіншісі –би, саз өнері деп бөлген екен.
Жаңа сабақ тақырыпты талдауға топтарға тапсырма (15 минут )
І топқа тапсырма:
Айша бибі, Қожа Ахмет Яссауи, Бабаджа Қатын ескерткіштерінің архитектуралық ерекшеліктерін сипаттау
ІІ топқа тапсырма:
Архитектура және архитектуралық ескерткіштердің шығу тарихы, аңызын талдау ( жоба құрастыру)
ІІІ топқа тапсырма:
Архитектуралық ескерткіштерді насихаттау үшін жарнама жасау
Талдауға 3 минуттан
Бекіту: Деңгейлік сұрақтар ұяшықтардан сұрақтар таңдайды
І деңгей
1.Қазақ жеріндегі архитектуралық ескерткіштерді атаңыз?
- Архитектура деген ұғымды қалай түсінесіз?
- Сәулет өнерінің Қазақстан жеріндегі түрлерін атаңыз?
ІІ деңгей
1.Сәулет өнерінің құрамдас бөліктерін атаңыз?
2.Орта ғасырлық сәулет өнерінің ерекшелігі неде?
- Сәулет өнерінің кезеңдерін атаңыз?
ІІІ деңгей
1.Қазақстанда іргелі ғимаратық құрылыстар қай жерлерде бой көтере бастады және оған қандай жағдай әсер етті?
- Архитектуралық ескерткіштердің тарихи маңызы қандай ?
- Әмір Темір Ахмет Йасуаи кесенесін салдырғанда қандай мақсатты көздеген?
Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, қосымша мәлімет әкелу
Қорытынды: Қазақстан жерінде 10-14ғасырларға жататын ескерткіштер көпшілігі Оңтүстік Қазақстанда орналасқан олар-Асан ата кесенесі, 10 ғасырға жататын Қызылорда қаласындағы үш қабатты Сараманқос мұнарасы , Тараз қаласынан 13ғ Шамансұр күмбезі , 13-14 ғасырларға жататын Оңт. Қазақстан облысы Сайрам ауданындағы Қожа Ахмет Йасауидің анасы Қарашаш ана кесенесі тағы басқа кесенелер тарихтың өлшеусіз құнды мұрасы болып қала береді.
5 муниттық эссе
«Архитектуралық ескерткіштер тарих қойнауынан сыр шертеді »
Бағалау: Бағалау парағына топтарды бағалау