Сәулет өнерінің ескерткіштері» (Қазақстан тарихынан әңгімелер.
Мұғалім: Иманғожина Назгүл Тұрсынғазықызы Өтетін күні: ________________
Ашық сабақ жоспары
Тақырыбы: «Сәулет өнерінің ескерткіштері» (Қазақстан тарихынан әңгімелер. 5 класс)
Өтетін класс: | 5 А классы | Басты мақсат: | |||
Сабақ типі: | Білім, білік, дағдыны қалыптастыру | Оқушыларға Қазақстандағы ортағасырлық сәулет өнерінің дамуы, тарихы жайлы мағлұмат беру | |||
Сабақ түрі: | Жаңа тақырыпты меңгерту | ||||
р/с | Әдіс-тәсілдер:
| Білімдік мақсат: | Тәрбиелік мақсат: | Дамытушылық мақсат: | |
1. | Ұйымдастыру + оқушыларды түгендеу (2 минут) | Оқушыларға жалпы дүниежүзілік сәулет өнері туралы мәлімет бере отырып, Қазақстандағы ортағасырлық сәулет өнерінің дамуы, тарихы жайлы мағлұмат беру | Өзге елдер тарихы мысалында әлемдік өркениетте ерекше орын алатын сәулет өнері туындылары негізінде оқушылардың қызығушылығын оята отырып, өз елінің тарихи ескерткіштерін құрметтеуге, оларды мақтан тұту мен аялаудың маңыздылығына баулу жүреді | Интерактивтік тақтамен жұмыс істеу, оқулықпен жұмыс жасау, топпен жұмыс істеу, салыстыра алу қабілеттерін дамытуға жағдай жасалады | |
2. | Қызығушылық ояту. Интерактивтік тақтада бірнеше фотосуреттерді көрсете отырып, келесідегідей сауал қою. Тапсырма №1. «Бұл суреттерде бейнеленген дүниелерді қандай өнер түрі біріктіреді?». Жауабын тақтаға жазғызу (2-3 минут) | ||||
3. | А) Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау (2-3 минут). Жоспар: (дәптерге жазғызу) 1. Ежелгі заманғы құрылыстар. 2. Ортағасырлық сәулет өнері. 3. Қазіргі заманғы сәулет өнері. | ||||
4. | Топқа бөлу (1, 2, 3, 4 санау арқылы ) және топ капитанын сайлау. Топ атауларын тақтаға жазып қою. (2-3 мин) | ||||
5. | Топаралық жарыс. 1 «Миға шабуыл». Интерактивтік тақтадан көрсетілген ғимараттар атауларын және олардың орналасқан қаласын табу ( 5-6 минут) | Дидактикалық материалдар:
| |||
· Интерактивтік тақта · Слайд материалдары · Электрондық сағат | |||||
6. | Топпен жұмыс. 2. Тапсырма №2 «Әрбір топқа арнайы сұрақ» Жауап оқулық көмегімен дайын болған соң интерактивтік тақтаға жазылады. 1-топ. Сәулет өнері дегеніміз не? 2- топ: «Мықтың үйі» дегеніміз не? 3- топ: Үйтас дегеніміз не? 4- топ: Киіз үй қашан пайда болған? (3-4 минут) | ||||
7. | Мұғалім әңгімесі. Сәулет өнерінің қалыптасу тарихына шолу жасау. (7-8 минут)
| ||||
8. | Бекіту сұрақтары. Топаралық жарыс. 3. Тақтада көрсетілген ғимараттардың атауларын дұрыс көрсетіп, осы ғимарат туралы әңгімелеп беруі керек. (5-6 минут) | ||||
9. | Қорытындылау. Әрбір топтың 1 мүшесі сабаққа өз қорытындысын айтады (2-3 минут) | ||||
10. | Үйге тапсырма беру. § 38, хрестоматиядан №49 (І қатар),50 (2 қатар),53 (3 қатар) оқу, мазмұндау (1-2 минут) | ||||
11. | Бағалау (1-2 минут) |