Ақмола бекінісінің салынуы мен дамуы.
Cабақтың тақырыбы: §21-22 Ақмола бекінісінің салынуы мен дамуы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сабақ барысында оқушыларға қаланың салыну тарихы, оның саяси стратегиялық, экономикалық маңызы туралы әңгімелеп, қаланың қазіргі тәуелсіз Қазақстан тарихындағы мәртебесіне тоқталып кету;
Дамытушылық: Оқушылардың Әр түрлі тарихи кезеңдердегі тарихи оқиғаларды салыстыра білу, логикалық ойлау машығын дамыту, тарихи карталармен жұмыс істеуге үйрену;
Тәрбиелік: Туған жерге деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезіміне, эстетикалық талғамды қалыптастыруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: интерактивті
Сабақтың көрнекілігі: Бейнекөрсетілім, интерактивті тақта, презинтация.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру; Топқа бөлу
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Тест сұрақтарын алу. ІІІ. Жаңа сабақ.
- Топтық жұмыс. Постер қорғау
- Бекіту. БББ кестесін толтыру.
- Қорытындылау.
Үй тапсырмасы. Тест сұрақтары.
- С.Датұлы старшын болған ру;
А) Адай Ә) Жағалбайлы Б) Байбақты В) Беріш
- С.Датұлы көтерілісінің негізгі қозғаушы куші;
А) билер; Ә) жұмысшылар; Б) батырлар; В) шаруалар;
- С.Датұлы бастаған көтеріліс кезінде өлтірілген Кіші жүз ханы кім?
А) Нұралы Ә) Ералы Б) Есім В) Айшуақ
- «Сібір қазақтарының Ережесі»бойынша ауыл неше шаңырақтан тұрды?
А) 30-40 шаңырақтан; Ә) 15-25 шаңырақтан; Б) 10-20 шаңырақтан; В) 50-70 шаңырақтан
- «Сібір қазақтарының Ережесі»бойынша болысқа кіретін ауыл саны;
А) 18-20 ауыл; Ә) 14-16 ауыл; Б) 10-12 ауыл; В) 15-18 ауыл.
- «Сібір қазақтарының Ережесі»бойынша аға сұлтандарды сайлаушылар
А) билер; Ә) халық; Б) батырлар; В) тек сұлтандар.
- 1822 жылғы «Жарғы» бойынша қылмыстық істер қаралатын орган
А) округтық басқарма; Ә) облыстық басқарма; Б) шекаралық комиссия; В) аға сұлтан жиналысы.
- «Сібір қазақтарының Жарғысын» жасауға қатысқан болашақ желтоқсаншы
А) Оболенский; Ә) Басарин; Б) Батеньков; В) Лунин.
- «Сібір қазақтарының Жарғысы» бойынша Қазақстанда құрылған әкімшілік жүйесі
А) екі буынды; Ә) үш буынды; Б) төрт буынды; В) бес буынды.
- 1822 жылғы Ереже бойынша Орта жүз территориясы құрамына кірген генерал- губернаторлық.
А) Батыс-Сібір; Ә) Орынбор; Б) Түркістан; В) Дала.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сабақтың жоспары:
- Жаңа округ ашуға әзірлік;
- Ақмола округтік приказының ашылуы;
- Ақмола- аймақтық ірі сауда орталығы;
БББ кестесінің «білемін», «білгім келеді» бөлімдерін толтыру.
Бейнекөрсетілім .
Бейнекөрсетілім көрсетіліп болған соң, 3 топқа тақырыптың 3 бөлімін бөліп беремін.
- Топтық жұмыс. Постер қорғау.
Оқушылар 5 минут оқып түсініктерін қағаз бетіне түсіріп, баяндайды (тақырыпты қорғайды).
- Бекіту. БББ кестесін толтыру.
БББ кестесі «Ақмола бекінісінің салынуы»
Білемін | Білгім келеді? | Білдім |
- Қорытындылау.
Бағалау.
Оқушының аты-жөні | Білу (Үй тапсырмасы) | Түсіну (Жаңа сабақ) | Қолдану (Постер қорғау) | Анализ (Бекіту) | Синтез (Қорытынды) |
Үйге тапсырма беру: «Астана — жас мемлекетіміздің үлкен жетістігі» тақырыбына қысқаша әңгіме жазу.