Сақтар

Сақтар

Сабақтың мақсаты:  

Білімдік: Ежелгі Қазакстан аумағын мекендеген сақ тайпаларының мекендеген аймағы, өмір тіршілігі мен шаруашылығы туралы деректермен және ержүрек сақ тайпалары, олардың жорықтары, сақ патшасы Тұмардың елін, жерін қорғаудағы ерлік істерімен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, өз ойын еркін жеткізуге, кестелер мен сызбалар жасауға үйрету, өздігінен білім алуға дағдыландыру

 

Тәрбиелік: Оқушыларды Отансүйгіштікке, патриотизммен өз тарихын құрметтеп, қадірлеуге үйрету, тарихи деректер жалпы адамзаттық мұра екеніне оқушылардың түсінігін жеткізіп, дерек көздерін болашақта қорғай білуге дағдылау.

Сабақтың әдісі: Ауызша баяндау, сұрақ жауап түрінде өткізу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызба, интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс: археология, этнология, антропология, дүние жүзі тарихы

Қолданылған әдебиеттер: Қазақстан тарихының очеркі. Алматы; 1993 ж.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі (3 минут)

А) Оқушылармен амандасу.

В) Оқушыларды түгелдеу

С) Оқушыларды сабаққа бейімдеу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Үйге берілген тапсырманы мұғалім сыныпты 4 нұсқаға бөліп, әр нұсқаға үй тапсырмасы бойынша бір-бір тапсырманы жазбаша түрде береді.

1-нұска. Қола дәуірінің кезеңдері, қола қалай алынды? Мыстан артықшылығы қандай?

2-нұсқа. Қола дәуірінің негізгі үш ерекшелігін атап жазып шығыңдар.

3-нұсқа. «Андрон мәдениеті» деп неге аталады? Ол кезеңде Қазақстан аумағын қандай тайпалар мекендеген?

4-нұсқа. Қола дәуірінің ең ірі ескерткіштерін тізіп шығыңдар.

Оқушылардың жауап парағын жинап алып, олардың есте сактау қабілетін, тарихи дәуірлердің айырмашылығы мен ортақ белгілерін таба білу дағдыларын дамыту үшін төмендегі диаграмманы сынып болып бірлесе толтырып шығады. Тақтада ілінген диаграмманы толтыруға койылатын талап: оқушылар «Тас дәуірі» және «Қола дәуірі» деген екі шеңбердің ішіне өзіндік ерекшеліктерін барынша көбірек тауып толтырып шығуы тиіс, ал ортадағы төрт бұрыштың ішіне екі дәуірге тән ортақ белгілерін жазып шығады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осылайша өткен сабақтарды бір-бірімен байланыстыра отырып үй тапсырмасын тексеріп шығып,  жаңа тақырыпқа көшемін

 

 

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру.

Жаңа сабақ жоспары:

  1. Сақтар — ежелгі Қазақстан тұрғындары.
  2. Сақ одағына кірген тайпалар.
  3. Сақтар туралы көне деректер.
  4. Сақтардың материалдык және рухани медениеті.
  5. Сақтардың шаруашылығы.

 

Сақ тайпалық одағының кұрылуы, географиялық, хронологиялық кеңістігі, саяси жағдайы, шаруашылығы, жер иелену ерекшеліктері туралы жүйелі баяндау қажет. Мысалы: б.з.б. I мыңжылдыкта Жетісудан жөне Түркістаннан Қара теңіз бойына, Алтай тауларынан Хорезмге дейінгі аймақты «сақ» атауына ие болған көптеген тайпалар мекендеген. Оқушыларға сақ тайпаларының жайлаған аумағын картадан көрсетемін. Бұл дәуір тарихи әдебиеттерде «ерте темір дәуірі», «ерте көшпелілер дәуірі», «сақ дәуірі» деп аталады. Сақтардың кұрамына көптеген тайпалар кірді. Олардың нақты санын айту мүмкін емес. Сақтар тарихта көптеген атаулармен белгілі болғандығын айтып, төмендегі кестенің көмегімен түсіндіріп шығамын.

 

 

ДеректердеАтаулары
ИрандықтардаСақтар
ЕуропадаСкифтер
Грек деректеріндедаилар, массагеттер, исседондар т.б.
Парсы деректеріндеХаомоварга, тиграхауда, парадарайа

 

Сақтар туралы бізге көптеген деректер жеткен. Оны нақты мысал ретінде қосымша әдебиеттерден кызықты мәліметтер келтіре отырып,   оқушылар жаксы есте сактау үшін төмендегі сызбаны пайдаланады.

Сактар туралы

  • Грек тарихшысы Геродоттың
  • Грек саяхатшысы Аристейдің
  • Парсының Бехистун жартасында
  • Накши Рустемдегі тасқа кашалған жазуларда
  • Персепольдегі таска қашалған жазуларда
  • Грек авторы Фукидидтің зерттеулерінд

 

 

Сақтар

 

Тарихи шеңберіБ.з.д. VII-IV ғасырлар
ТерриториясыЖетісуАрал маңыМұрғаб өзеніОрталықСолтүстікШығысОңтүстікБатысОңтүстік — Батыс
ТайпаларыТиграхауда

(шошақ

бөрікті)

Парадарайя

(теңіздің

ар жағынан келген)

 

Хаомаварга

 

Исседон

 

Аргиппей

 

Аримаспа

 

Массагет, дай

 

Савромат

 

Каспы

Әлеуметтік жіктелуі
  • Абыздар (ақ түс)
  • Жауынгерлер (қызыл түс)
  • Қауым мүшелері: егіншілер мен малшылар (көк немесе сары түс)
Шаруашылығы
  • Көшпелі мал (Батыс және Орталық Қазақстан)
  • Жартылай көшпелі мал (Шығыс Қазақстан, Жетісу)
  • Отырықшы мал
  • Суармалы егіншілік (Оңтүстік Қазақстан, Талас, Шу, Сырдария)
Өнері
  • «Аңдық стиль» (б.з.д. V-IV ғасырлардағы «Алтын адам»)
Тарихи дерек көздері
  • Геродот
  • Страбон     жазбаларыПолиен
  • «Авеста»  кітабы
Аталуы
  • Геродот:  «Азиялық скифтер»
  • Парсылар:  «Құдіретті еркектер»
  • Иран жазбалары: «Жүйрік атты турлар»
Сыртқы саяси жағдайы
  • Б.з.д. 529 жылы парсы патшасы Кирдің жорығы
  • Б.з.д. 519-518 жылдары парсы патшасы I Дарийдің жорығы
  • Б.з.д. IV ғасырда (330-327 жылдары) Александр Македонскийдің жорығы
  • Б.з.д. 490 жылы Марафон шайқасында парсылармен одақтасып, гректермен соғысты

 

 

ІV. Бекіту сұрақтары: Кесте толтыру.

 

Тайпалар ШаруашылығыҚоғамдық құрылысыІшкі, сыртқы саясатыКәсібіДіни нанымдары
Сақтар

ІV.  Бағалау.

VІ. Үй тапсырмасы: Сақтар оқу, мазмұндау. Терминдерді жазу, кесте жаттау.