Сақ қоғамы
Сабақтың тақырыбы: Сақ қоғамы
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сақтардың қоғамдық-әлеуметтік құрылысымен таныстыру. Әлеуметтік және мүліктік теңсіздіктің пайда болуы себебтері туралы білімді тереңдету және таптық қоғамның пайда болу себебтері туралы айту. Тарихи фактілер мен құбылыстарды салыстыру.
Оқушыларды білімділікке, еңбексүйгіштікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі:Карта,электронды оқулық, слайдтар, суреттер.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру.
ІІ. Жаңа сабақ.
І. Сақтар б.з.б. І мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан жерін мекендеген ежелгі тайпа. Кейбір тарихшы ғалымдар «қазақ» сөзі «қас» (нағыз), «сақ» деген екі сөзден шыққан дейді.
Ежелгі грек авторлары сақтарды «Азиялық скифтер» деп атады.Парсы жазбаларында « құдіретті еркектер» десе, Иран жазбаларында «жүйрік атты турлар» деп атады. Сақ тайпаларының өз алдына көсемі болған.Көсем қаза болса, оның сүйегін арбаға салып ел аралатқан.
ІІ. Сақ тайпаларының орналасуы мен құрамы.
№ | Сақ тайпаларының аттары | Мекендері |
1 | Теңіздің арғы жағындағы сақтар (парадарайа) | Қара теңіздің солтүстігі, Арал теңізінің маңында,Сырдария мен Амударияның төменгі ағысында |
2 | Шошақ бөрік киетін сақтар (тиграхауда) | Сырдарияның орта ағысы, Тянь – Шаньда, Жетісуда |
3 | Хаома сусынын дайындайтын сақтар (хаумаварга) | Мургаб аңғарында өмір сүрді. |
ІІІ. Сақ қоғамы.
Ерте темір дәуірінде мүлік теңсіздігі орнықты.Сақ патшалары құдіретті билеушілерге айналды.
1 Бейбітшілік мәселелерін шешті
2 Соғыс міселелерін шешті
Сақ патшалары: 3 Келісімдер жасады
4 Елшілер тағайындады
5 Әскерді басқарды
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту мақсатында оқушыларға тапсырмалар беру.
- Тайпа көсемдері атқарған қызметтерін жаз:
А) ………. Б) ………….
Ә) ………. В) ………….
2.Сақ патшалары қандай мәселелерді шешті?
↑
← →
↓
3.Сақтардың жауынгер тайпа екендігін қалай дәлелдейсіңдер? ( әр оқушы өз ойын жазып, ортақ нәтиже шығару )
- Сақ қоғамында өмір сүрген адамдар қандай топтарға бөлінді?
Олардың киімінің түсі қандай болған?
- Кесте
Ежелгі грек жазбаларында сақтардың қандай қасиеттері сипатталған? | Қазіргі қазақ халқында осы қасиеттер сақталған ба? |
- «Уақыт құдайының сақшысы» кроссвордын құр.
1.Сақ патшайымы
2.Парсы патшасы
3.Сақтарды «скифтер» деп атаған тарихшы
4.Каспий теңізінен шығысқа қарай мекендеген сақ тайпасы.
5.Қазіргі Орталық Қазақстан жерін мекендеген сақ тайпасы.
6.Сақтардың жауынгерлері туралы жазған ежелгі грек авторы.
7.Сақ қоғамы өкілдері мен олардың атқарған қызметтерінің сәйкестігіне қарай стрелкамен қос.
Абыздар | Халық жиналысы | Көсем |
билік |
көсемдерге ықпал ету |
рәсімдер мен ғұрыптар |
ІҮ. Қорытындылау.
Ү.Оқушылар білімін бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма беру
«Сақ әйелдерінің қоғамдағы рөлі» деген тақырыпта әңгіме жазу.