Әже. Әлди-әлди. Жаттығу жұмыстары
№26 сабақСабақтың тақырыбы: Әже. Әлди-әлди. Жаттығу жұмыстары
Сабақтың мақсаты: а) Ананың әлдиі, әже өлеңдеріне түсінік беруә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын сөздік қорын дамыту, логикалық ойлауын дамыту б) Әжені құрметтегу, ананы аялауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: Әже, отбасы сурет.
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап,
Пәнаралық байланыс: музыка
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығы тексеру, олардың назарын сабаққа аудару
- Мақсат қою кезеңі:-Балалар, ұйықтар алдында аналарың сендерге бесік жырын айтады ма? — Қандай өлең жырларын білесіңдер?-Аналар туралы не айтамыз?Анамызға қалай көмектесеміз?- Ендеше бүгінгі өтетін жаңа тақырып «Аналарға» арналады.
III. Жаңа сабақ
Оқулығымызға қарайық,Әлди -әлди
Әлди,әлди,ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем.
Жылама ,бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін,
Жілігіңнің басына
Үкі тағып берейін
- Әр сөзде неше дауысты дыбыс бар?Олар жуан ба, жіңішке ме?ЕРЕЖЕ сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса, сөз жіңішке айтылады: дәптер,терезе, киік, өзен, күрек.
Суретке қарап әңгіме құрастыру
Шаңырақ шуағы Сергіту сәті
42-жаттығу.Өлеңді жаттап алу.
Құттықтаймын , мама, туған күніңмен
- Жіңішке айтылған сөздерді атаңдар.Олардың құрамындағы дауыстылар жуан ба, жіңішке ме? Өлеңді әнімен айту.
Мәтінді оқу
Сергіту сәті
Өлеңді түсініп оқу Әже
- Жаңа материалды пысықтауӘже туарлы әңгіме құру.
- Бекіту кезеңіӘже, ана туралы өз ойларын айтқызу VI. Үйге тапсырма, бағалау