Тың және тыңайған жерлерді игеру
Сабақтың тақырыбы: Тың және тыңайған жерлерді игеру
Сабақтың мақсаттары
Білімділік: Тың игеру саясатының ерекшеліктері, оның табыстары мен зардаптары және аамыш саясаттың Қазақстан халқының демографиялық жағдайына әсері туралы білім қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, топпен жұмыс істеу, өз бетінше қорытынды жасай білу қабілеттерін дамыта отырып, оқушы бойындағы шығармашылық, ізденімпаздық қасиеттеріне назар аудару және сабақта георгафия пәнінің атлас карталарын пайдалану қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу, мәдени құндылықтар мен табиғатты қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру.
Сабақтың типі: География пәнімен кіріктірілген сабақ
Оқыту әдістері: Интерактивті әдістер, СТО технологиясының стратегиялары.
Оқыту тәсілдері: Ауызша баяндау, көрнекілік, практикалық тәсілдер, картамен жұмыс, тест, жобалау тәсілдері.
Көрнекіліктер: Слайдтар, қосымша деректер, бейнежазбалар, 8, 9 сыныптарға арналған атлас карталары, ҚР саяси-әкімшілік картасы.
Дидактикалық материалдар: Тесттер, кестелер.
Сабақтың барысы
І кезең Қызығушылықты ояту.
Сабақтың тақырыбын анықтау үшін бейнежазба көрсету.
ІІ кезең Мағынаны тану.
Сабақтың жоспары:
- Тың игеруге жаппай кірісу.
- Тыңның алғашқы табыстары.
- Тың игерудің нәтижелері.
- Демографиялық ахуалдың күрт өзгеруінің келеңсіз әсерлері.
Осы жоспарға қарап сабақтың мақсаттарын айқындау.
Соғыстан кейінгіжылдарда Қазақ КСР-нің ауылшаруашылық деңгейі өте төмен жағдайда болды. Ол халықтың азыққа және өнеркәсіптік шикізатқа деген қажеттіліктерін қанағаттандыра алмады. Астық өнімдерінің тапшылығы айқын көріне бастады. Мәселені шешудің жалғыз жолы – тың және тыңайған жерлерді игеру болды.
50-жылдардың ортасында Қазақстанның КП ОК-нің бірінші хатшысы П.К.Пономаренко болған. (Қосымша дерек оқылады.)
Алғашында П.К.Пономаренконың орынбасары, кейін Қазақстан КП ОК-нің бірінші хатшылысы қызметін атқарған Л.И.Брежневтің де аталған жылдар аясында алар орны ерекше.
Тақырыптың мазмұнын ары қарай ашу сендерге тапсырылады.
І топ | ІІ топ | ІІІ топ |
«Тың игеруге жаппай кірісу» | «Тыңның алғашқы табыстары» | «Тың игерудің нәтижелері» |
Кластер құру | 8 сыныптың атлас картасын қолданып жоба құру: — Топырағы; — Жауын – шашын; — Температурасы; | Ти кестесі арқылы коллаж жасау. |
Жерімізді ЦЕЛИНА сөзімен түбірлес елді мекеннің болғанын естіп пе едіңдер? – Картадан көрсету («Целиноград» бейнежазбасын көру). Бұрынғы Целиноград пен қазіргі Астана қаласының құрылысында өте көп өзгешеліктер барын көріп тұрған шығарсыңдар. Дегенмен, 50-жылдардың өзінде Целиноград қаласы Қазақ КСР-ндегі алдыңғы қатарлы қалалардың бірі болған.
Ыбырай Жақаев туралы қосымша дерек айтылады.
Топырақ эрозиясы туралы қосымша дерекке кезек беріледі.
Тың игеру саясаты демографиялық жағдайға да әсер етпей қоймады.
І топ – «Сандық көрсеткіштерге сипаттама бер»
№ | Сандық көрсеткіштер | Сипаттамасы |
1 | 2 млн | 1960 жылға дейінгі Қазақстанға келген жалпы халық саны |
2 | 132 мың | 1958 жылдың соңына дейін Қарағанды облысы Теміртау қаласына келген адам саны |
3 | 9 млн. 295 мың | 1959 жылғы санақ бойынша Қазақ КСР-індегі халық саны |
4 | 2 млн. 787 мың | Қазақ КСР-інде туратын жергілікті ұлт өкілдерінің саны |
5 | 200 мың | 1960 жылдардың басына дейін Қытайда тұратын қазақтардың Қазақстанға оралған халқының саны |
ІІ топ – Құрастырмалы тест
- Тың игеру науқанында республиканың ұлттық-демографиялық ерекшеліктері ………………………. (ескерілмеді).
- Жергілікті халықтың ғұрпына, дәстүріне, мәдени ескерткішіне …………… (менсінбей қарау) орын алды.
- Шеттен келгендердің Қазақстан қалаларын жайлап алу жағдайы тек солтүстік өңірлерде ғана емес, ……………………. (Шымкент, Жамбыл, Алматының) және өзге қалалардың кәсіпорындары да осылай істеді.
- 1950 жылдардың ортасынан бастап Қытай Халық Республикасында тұратын қазақ диаспорасының бір бөлігі ………………. (тарихи Отанына оралуға) мүмкіндік алды.
- Демографиялық ахуалдың ………………………. (орыстілді тұрғындардың пайдасына шешілуі) қазақ тілі мен мәдениетін ауыр жағдайға ұшыратты.
- Қазақ мектептерінің саны ……………. (күрт кеміді).
ІІІ топ – «Пайыздық көрсеткіштерге сипаттама бер»
№ | Пайыздық көрсеткіштер | Сипаттамасы |
1 | 28% | 1939 жылғы республикадағы қала халқының үлесі |
2 | 44% | 1959 жылға республикадағы қала халқының үлесі |
3 | 29% | 1959 жылғы санақ бойынша Қазақстанда мекендеген жергілікті халықтың үлесі |
4 | 9,5% | 1939-1959 ж.ж. Одақ халқының көбею көрсеткіші |
5 | 52,8% | 1939-1959 ж.ж. Қазақ КСР-індегі халқтың көбею көрсеткіші |
9- сыныптың атлас картасын пайдалана отырып, мынандай жұмыстарды орындаймыз.
І топ – «Халықтың орналасуы»
№ | Облыстар | Халық саны | Халық тығыз дығы (%) | Халық тығыздығы (1 км²) | Қорытынды |
1 | Қостанай | 100.000-500.000 адамға дейін | 4,6% | Ірі қала – 10-25 дейін, Ауыл – 1-10 дейін | Халық ең көп және тығыз орналасқан облыстар – Қостанай мен Солтүстік Қазақстан. |
2 | Солтүстік Қазақстан | 100.000-500.000 адамға дейін | 6,7% | Ірі қала – 10-25 дейін, Ауыл – 1-10 дейін | |
3 | Ақмола | 500.000-1 млн дейін | 5,1% | Ірі қала – 10-25 дейін, Ауыл – 1-10 дейін | |
4 | Павлодар | 100.000-500.000 адамға дейін | 6% | Ірі қала – 10-25 дейін, Ауыл – 1-10 дейін |
ІІ топ – «Қазақстан халқының ұлттық құрамы»
№ | Облыстар | Алтай тіл әулеті | Үндіеуропа тіл әулеті | Қорытынды |
1 | Қостанай | Татар, башқұрт, ұйғыр, қазақ | Армян, неміс, белорус, орыс | Аталған болыстарда ең көп ұлтты құрайтын – орыстар мен белорустар. |
2 | Солтүстік Қазақстан | ұйғыр, қазақ | Орыс, поляк, неміс | |
3 | Ақмола | башқұрт, қазақ | Орыс, мордва, армян, поляк, украин | |
4 | Павлодар | башқұрт, татар, қазақ | Белорус, мордва, неміс, болгар, украин |
ІІІ топ – «Ауыл шаруашылығы»
№ | Облыстар | Астық шаруашылығы | Мал шаруашылығы | Қорытынды |
1 | Қостанай | Қарақұмық, бидай, арпа, күнбағыс | Құс, қой, жылқы, ірі қара, шошқа | Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі облыстарда негізінен астық шаруашылығы жақсы дамыған. |
2 | Солтүстік Қазақстан | Қарақұмық, бидай | Құс, қой, жылқы | |
3 | Ақмола | Қарақұмық, бидай, жүгері | Қой, жылқы, ірі қара, шошқа | |
4 | Пвлодар | Қарақұмық, бидай, арпа күнбағыс | Құс, қой, жылқы, шошқа |
ІІІ кезең Ой-толғаныс.
Компьютерлерде тест шешеді.
Тест сұрақтары:
1.Тың және тыңайған жерлерді игеру туралы шешім қай жылы қабылданды?
А) 1953 жылы жазда
В) 1954 жылы көктемде
С) 1960 жылы қыста.
- Топырақ эрозиясының неше түрі болады?
А) 2
В) 3
С) 4.
- Тың игерушілердің алғашқы баспанасы қандай болды?
А) Тас және ағаш үйлер
В) Палатка, вагондар
С) Жатақхана, жалдамалы баспана.
- Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі топырақ жамылғысының түрі қандай?
А) Қара қоңыр топырақты зона
В) Сұр топырақты зона
С) Қара топырақты зона.
- 1940-1950 жылдардың ішінде Қазақстанда қанша жаңа қала бой көтерді?
А) 15
В) 86
С) 1200.
- Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі негізгі шаруашылық түрі:
А) Астық шаруашылығы
В) Мал шаруашылығы
С) Биязы жүнді қой шаруашылығы.
- Тың игеру барысында 1960 жылдардың басына дейін Қазақстанға қанша адам қоныс аударды?
А) 132 мың
В) 640 мың
С) 2 млн-ға жуық.
- Қазақстанның солтүстік бөлігінде ең көп және тығыз орналасқан халық:
А) Орыстар
В) Қазақтар
С) Поляктар.
- Республикада жергілікті ұлт өкілдерінің саны 2 млн 787 мыңды құраған санақ қай жылы жүргізілді?
А) 1958 жылы
В) 1959 жылы
С) 1960 жылы
- Төмендегі облыстардың қатарында %-бен есептегендегі халық ең тығыз орналасқан облысты белгіле:
А) Ақмола
В) Қостанай
С) Солтүстік Қазақстан.
Тест жауаптары:
1.В
- А
- В
4.С
- А
- А
- С
- А
- В
- С
Қалған оқушылар электронды нұсқадағы сұрақтарға жауап береді.
Қазақстан тарихы
Сұрақтар | І қатар | ІІ қатар |
НЕ? | 1950 жылдардың ортасындағы жер игеру саясаты не деп аталады? (Тың және тыңайған жерлерді игеру) | Тың игеру саясатының негізгі мақсаты не? (Ауылшаруашылық өнідірісін ұйымдастыру және халықтың азыққа деген қажеттіліктерін қаматамасыз ету) |
ҚАЙДА? | Күріш өсіруден рекордты өнім алуға қол жеткізген Ыбырай Жақаев қайда дүниеге келді? (Қызылорда облысы Шиелі ауданында) | 1960 жылдардың басында ҚХР-да тұратын халықтың 200 мыңы қайда келді? (Тарихи Отаны Қазақстанға) |
ҚАШАН? | Тың игерушілер айтарлықтай көрсеткішке қашан қол жеткізді? (1956 жылы) | Тың және тыңайған жерлерді игеру туралы шешім қашан қабылданды? (1954 жылы көктемде) |
ҚАНША? | Тың игеру кезінде қанша қала және қала типтес поселкелер салынды? (15 қала, 86 қала типтес поселкелер салынды) | Тың игерудің алғашқы екі жылында республикаға барлығы қанша адам келді? (640 мың) |
География
Сұрақтар | І қатар | ІІ қатар |
НЕ? | Топырақ эрозиясы дегеніміз не? (Топырақтың құнарлылығын кемітетін табиғат апаты) | Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі үндіеуропа тіл әулетіне жататын орыс, белорус ұлтының тығыз орналасу себебі не? (Тың игеру кезінде КСРО-дан болған қоныстандыру) |
ҚАЙДА? | Маусым айында жауын-шашын мөлшері қайда көбірек түседі (300-500 мм дейін)? (Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысында) | Тың игеру саясаты қайда жүргізілді? (Облыстарды картадан көрсет). (Қостанай, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Торғай облыстары) |
ҚАШАН? | Солтүстік Қазақстан облысында орташа айлық температура -18ºС-ден төмен көрсеткішке қашан жетеді? (Қаңтар айында) | Қазақстанның солтүстік бөлігінде орташа айлық температура +28°С-ден жоғары көрсеткішке қашан жетеді? (Шілде айында) |
ҚАНША? | Ақмола облысында жылдың жылы маусымындағы жауын-шашын мөлшері қанша? (250-300 мм) | Павлодар облысында суық маусымдағы қар жамылғысының биіктігі қанша? (10-20 см) |
Қорытынды.
Бағалау – дескрипторлар арқылы жүргізіледі.
Рефлексия – «5 саусақ».
Үй тапсырмасы:
- 36 конспект;
- Тақырып бойынша 10 сұрақ құрастыру;
- Қ. Сәтбаев, М.Әуезов, М.Төлебаев өмірі мен қызметі туралы қосымша дерек.