«Қазақ» атауы мен қазақ жүздерінің пайда болуы. (Қазақстан тарихы)
Семей қаласы қоғамдық — гуманитарлық бағытындағы «№13 жалпы орта білім беретін» КММ
Кульджина Нургиза Бекзуркановна
Апта | Күні | 10 «А» сыныбы | |
Сабақтың атауы | «Қазақ» атауы мен қазақ жүздерінің пайда болуы. (Қазақстан тарихы) | ||
Сілтеме | Б. Көмеков, Ш. Уәлиханов, Дулати, А.Әбдрахманов, Н. Мыңжанұлы т.б ғалымдардың пікірлері. | ||
Жалпы мақсаты
| Қазақ халқының қалыптасу үдерісі, кезеңдері және оның зерттелуі туралы ғалымдар жазбаларына сүйене отырып, оқушылар бойында өзіндік көзқарас қалыптастыру. | ||
Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері
| Зерттеушілік әңгіме жүргізілуі кезінде оқушылардың ақылға қонымды мәлімет ұсынуы, топтағы оқушылардың бір-бірі толықтыруы, келісімге жетуге тырысуы. | ||
Сабақта туындаған негізгі идеялар
| · Халық болып қалыптасу үдерісі және Үш Жүз туралы ғалымдар көзқарастарын салыстыру; · Алаш және қазақ атаулары туралы оқушылардың өз көзқарастарын білдіруіне жағдай жасау; · Өз еліне, халқына деген сүйіспеншілікті сезіне білуді тәрбиелеуді жалғастыру | ||
Тапсырмалар
| Топқа біріктіру Топта жұмыс жасау ережесін құру 1-тапсырма Шолу жұмысы. а) «қазақ» сөзінің қашан, қайдан шыққанны туралы осы уақытқа дейін не білесіңдер? ә) оқулықтағы тақырыпқа шолу жасау тапсырылады
| 2 — тапсырма Халықтың халық болып қалыптасуы үшін қажетті шарттар туралы өз ойларын ортаға салу. Топпен жұмыс. (таратпа материал пайдалану) Ментальды карта жасату
| |
3 -тапсырма Қазақ атауының шығуы – дерек көздеріне сүйену арқылы. өздерінің ой қорытындысын жасауы.. (дарынды оқушылар) .
| 4 — тапсырма Слайдпен жұмыс. Оқушылардың өзін-өзі бағалауды ұйымдастыру | ||
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалім немен айналысады, оқушы немен айналысады. А) Топқа біріктіру. Қоржыннан нөмірленген асықтар алу арқылы топқа бөлу. Асықтар нөмірленіп, қоржынға салынған, әр оқушы қарамай асықтарды алып, мұғалімнің айтуымен төмендегідей атаулар бойынша орындарына жайғасады. 1-топ. «Алаш» тобы, 2-топ. «Қазақ» тобы, 3-топ. «Үш Жүз» тобы Б) Топта жұмыс жасау ережесін құру Топта жұмыс жасау ережелерін оқушылардың өздері плакатқа ойластырып жазуларын сұраймын. Барлық сабақ кезінде ереже көрінетін жерде ілулі тұрады. Мысалы мынадай ереже тізімі: 1. Топ мүшелерінің белсенді болуы. 2. Пікір айту, 3. Бір – бірінің пікірін тыңдау, құрметтеу. 4. «Тоқта» ережесі т.б. 1 – тапсырма. Тақырыптың атын айтып, мақсатымен таныстыру Шолу жұмысы. а) «қазақ» сөзінің қашан, қайдан шыққанны туралы осы уақытқа дейін не білесіңдер? ә) оқулықтағы тақырыпқа шолу жасау тапсырылады 2 тапсырма. Халықтың халық болып қалыптасуы үшін қажетті шарттар туралы өз ойларын ортаға салу. Топпен жұмыс. (таратпа материал пайдалану) Ғалымдар еңбектері мен пікірлері Халықтың халық болып қалыптасуы үшін қажетті шарттар: (1—слайд) елдік, халықтық сананың өзіне тән мәдениеті, қалыптасуы мекен ететін аумағының қалыптасуы, халықтың өзіне тән антропологиялық бет пішінінің қалыптасуы тілінің қалыптасуы,
Ментальды карта жасату Сергіту сәті : Киіз басу қимылдары. 1. жерге тулақ салу (еңкею) 2. қап арқалап жүн әкелу (екі қолды біріктіріп, кезек-кезек иыққа апару) 3. жүнді екі таяқпен сабау (отыру, қолды жоғары-төмен түсіру) 4. жүнді шиге орау; (қоолды айналдыру) 5.шиді тебу (аяқпен кезек-кезек тебу) 6.үстіне су құю, қайта тебу 3-тапсырма. Қазақ атауының шығуы туралы дерек көздеріне сүйену арқылы, өз жауаптарын дәлелдеу.
3-Слайд. «Қазақ» атауы» Қазақ атауының шығуы жөнінде зерттеушілер әлі бір тоқтамға келген жоқ. Қазақ этимологиясының 20 астам түсіндірмесі бар. 1245 ж мәмлүктік Египет мемлекетін басқарған қыпшақтар араб-қыпшақ сөздігін жасатқан. Онда «қазақ» деген сөзді «еркін, кезбе» деп аударады. «Атамыз –Алаш, атымыз – қазақ, үш жүздің ұрпағымыз» деген ел аузында сөз қалған
4 тапсырма. Оқушылардың өзін-өзі бағалауды ұйымдастыру.
| |||
Дереккөздер және жабдықтар: интерактивті тақта, слайд, А4 қағаз, фломастерлер, слайдтар. | |||
Кейінгі тапсырмалар
| Қазақ жүздері туралы пікір айтқан ғалымдар: Ш. Уәлиханов, Н.А. Аристов,В.В. Бартольд, М.П. Вяткин, С. Аманжолов,Т.Н. Сұлтановтың айтқандарын салыстыру.
| Тақырып глоссарийін құру | |
Сабақты талдау
| Сабаққа тарих мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі қатысып талдап, өз пікірлерін білдірді. | ||
Сабақ бойынша өзгертулер | |||