Тас дәуіріндегі Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Тас дәуіріндегі Қазақстан.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Тас дәуірі кезеңдеріндегі адамзат дамуының ерекшеліктері бойынша пысықтау, алған білімдерін бағалау. Дамытушылық:Оқушылардың ойын жүйелі жеткізе білуді жетілдіру және қорытынды түйін жасай білуді дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды өз елінің тарихына, бүкіл адамзат тарихын, мәдениетін бағалай білуге, құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Сынақ сабақ. Көрнекілігі: Қазақстанның тас дәуірі ескерткіштерінің картасы, суреттер, кестелер, сызбалар. Сыныпты 3 топқа бөлемін. 1топ- «Палеолит» 2топ- «Неолит» 3топ- «Энеолит»
Сабақ жоспары: 1. Карточкамен жүмыс. 2.Кестемен жұмыс. 3. Суретпен жұмыс. 4.Картамен жұмыс істеуге берілген тапсырмаларды орындау. 5.Тест сұрақтарымен жұмыс 6.Сызба түрінде берілген тапсырманы орындау. 7. «Жұлдызды сәт» ойыны
1.Карточкамен жұмыс. «Палеолит» тобына а/ Алғашқы адамдар Қазақстанның қай аймақтарында және қашан пайда болды? /жазбаша/ б/ Алғашқы адамдар қалай өмір сүрді? /ауызша/ «Неолит» тобына а/Неолит дәуірінде тас өңдеудің қандай жаңа әдістері болды? / жазбаша/ б/Ежелгі тас ғасырынан жаңа тас ғасырының қандай айырмашылығы бар?/ауызша/ «Энеолит» тобына а/ Қазақстанда мыстытас ғасырының ескерткіштері қай жерлерден табылды? / жазбаша/ б/ Мыстытас деген қай уақыт, ол неге осылай аталған?
2.Кестемен жұмыс Әрбір топқа әр түсті конверттер таратылып беріледі. Сол конверттегі карточкалармен тақтадағы кестені толтырып шығады?
1 | Алғашқы адамдар тұрақтары қай материктен табылған, олар қанша жыл бұрын өмір сүрген? | |
2 | Қазақстан жерінде алғашқы адамдар қашан пайда болған? | |
3 | Табиғат жағдайлары адам өміріне қолайлы болды ма? | |
4 | Алғашқы адамдар қоныстары Қазақстанның қай жерлерінен табылған. Не табылды? | |
5 | Зерттейтіндер кімдер, қандай ғылым салалары? | |
6 | Алғашқы адамдар қандай кәсіппен айналысқан? | |
7 | Жиі-жиі қоныс аудару алғашқы адамдар тіршілігіне қандай өзгерістер әкелді? | |
8 | Қай жерлерге қоныстанған? | |
9 | Адамдар тіршілігінде қандай қиындықтар кездесті? | |
10 | Қанша жасқа дейін өмір сүре алды? | |
11 | Ежелгі адамдар үздіксіз күрес арқылы қандай жетістіктерге жетті? |
- Суретпен жұмыс. Әрбір топқа өз дәуіріндегі еңбек құралдарын суретке салып, салған суреттері бойынша әңгіме құрастыру тапсырылады. 4.Картамен жұмыс. /Карта қағаз-плакатқа сызылып тақтаға ілінеді/ Әрбір топқа тас ғасыры ескерткіштерінің аттары үлестіріледі. Солардың ішінен өз дәуірінің ескерткіштерін тауып картаға іліп шығады және бір ескерткішке сипаттама бере кетеді
5.Тестпен жұмыс 1.Жаңа тас ғасырының басты жаңалығын ата. а/Саз балшықтан ыдыстар жасады. б/Ағаштан құрал-саймандар жасады. в/Сүйектен, малдың мүйізінен қару жасады. 2.Қазақстанда қанша неолиттік, энеолиттік тұрақтар табылды? а/ 400 б/500 в/600 3. Орналасу сипатына қарай тұрақтар қаншаға бөлінді? а/ 2-ге бөлінді б/ 4-ке бөлінді в/ Орналасу сипаты әр түрлі болды. 4.Мал шаруашылығы неден шықты? а/Терімшіліктен б/Аңшылықтан в/ Егіншіліктен 5.Тасқа салынған суреттер қалай аталады? а/ Иероглифтер б/ Таңбалар в/ Петроглифтер 6.Тас өңдеуде қандай әдістер пайда болды? а/ Тегістеу, бұрғылау, ұнтақтау б/ Уақтау, сүйірлеу в/ Жаңа әдістер болған жоқ 7. Африкадан табылған әйел қаңқасына ғалымдар қандай ат берді? а/ Олдувай б/ Люси в/ Синантроп 8. Ява аралынан табылған қаңқа қалай аталады. а/ Кроманьон б/ Неандерталь в/ Питекантроп 9. Африкада осыдан 3 млн. жыл бұрын өмір сүрген тіршілік иесінің екіншісі қалай аталады? а/ Гоминид б/ Австралопитек в/ Кроманьон 10. Ең ежелгі адамдар қонысы қай жерден табылды? а/ Африка б/ Европа в/ Америка
- Сызба түрінде берілген тапсырмаларды орындау. «Палеолит» тобына
Сурет салудағы өзгерістер |
Неолит адамдары |
Палеолит адамдары |
Мыс құралдарының пайда болуының адамдар қоғамына әкелген өзгерістері |
«Неолит» тобына
Жануарлардан |
Дәні майда жеміс-жидектің орнына |
«Энеолит» тобына
өсірді |
- «Жұлдызды сәт» ойыны
«Палеолит» тобына 1.Африкадан америка археологтары тапқан адам қаңқасына неге «Люси» деп ат қойылған? 2.Ежелгі тас ғасырының төменгі не алғашқы кезеңі қанша мыңжылдықтың арасын қамтиды? 3. Қазақстан жерінен табылған адамдардың тұрағын тапқан археолог- ғалым кім? 4. Б.з.б 800-500 мың жыл бұрын өмір сүрген адамды қалай атаған? 5.Синантроптың қазақшасы қалай аталады?
«Неолит» тобына 1.Ежелгі тас ғасырының жоғарғы кезеңі қанша мыңжылдықты қамтиды? 2.Кейінгі тас дәуірінің археологиялық ескерткіші алғаш қай жерден табылған? 3.Шығыс Қазақстандағы 5 мыңдай тас құрал-саймандар табылған тұрақ қайсы? 4. «Ақылды адамға » ғалымдар берген ат? 5.Олдувай, ашель, мустье дегенді қалай түсінесің?
«Энеолит» тобына 1. Тас ғасыры адамдары алғаш пайдаланған металл? 2.Оңтүстік Қазақстан облысының Тұлкібас ауданынан табылған жаңа тас ғасырының ескерткіші қалай аталады? 3.Өзбекстандағы Тесіктас үңгірінен қай жылы неандерталь баланың сүйегін тапты? 4.Көкшетау облысынан табылған мыстытас ескерткіші қалай аталады? 5.Жаңа тас ғасыры бұдан қанша жыл бұрын басталған?
Сабақты қорытындылау.
Оқушыларды бағалау.