Сабақтың тақырыбы: Сақтар
Өмірзақ Айнұр Нұрзаққызы
Шымкент қаласы №50 А.Байтұрсынов
атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясының
тарих пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Сақтар
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Сақтардың тарихы, мекендеген орыны ша-руашылығы, тұрмысы, мәдениеті мен өнері елі үшін тәуелсіздік жолында күрес-тері жайында алған білімдерін толықтыру, өткен сабақтарды пысықтау ретінде қосымша деректерді пайдаланып, сақтар тақырыбы бойынша қорытындылау.
Дамытушылық: Оқушының ой-өрісін, ойлау, сөйлеу қабілетін ашатын сұрақ-тар қою, сұрақ-жауап әдісі бойынша сабақтың тақырыбына сай білімін толық-тыру.
Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, оқушы-ларды өз елінің тарихи құндылықтарын құрметтуге үйрету, елін, жерін сүйетін отансүйгіш, дарынды ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Білім, білік, дағдыларын қалыптастыратын интеллектуальды ойын сабағы.
Сабақтың түрі: Білімді жинақтау, қорытындылау.
Сабақта қолданылатын стратегиялар: Ой қозғау, топтастыру, Күн диаграм-масы.
Сабақтың көрнекілігі: 1. Қазақстан картасы;
- Слайдтар:
— Сақтардың зергерлік бұйымдары;
— Сақтардан қалған ескерткіштер;
— Сақ қоғамындағы тұлғалар;
— Экспедиция жетекшісі З.С.Самашев;
— Алтын адам;
- Түрлі ойындар:
-Сызбаны толтыру;
— Жұлдызды сәт;
— Көш ойыны;
— Тұлғаларды тану;
— Мына сөздерді кім айтқан?;
- Кесте;
- Жинақтау тесті;
Сабақтың барысы:
- Оқушыларды ұйымдастыру.
А) Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Ә) Оқушыларды сабаққа тарту, әрі қызығушылығын ояту мақсатында «Жұл-дызды сәт» ойынын пайдалану.
«Жұлдызды сәт» ойыны
- Сақтар қашан, қай жерде мекендеген?
- Тайпа көсемі қандай мәселелермен айналысады?
- Сақтарды неге жауынгер тайпа дейді?
- Сақ қоғамында адамдар неше топқа бөлінеді және оларды ата?
- Жылқының неше түрі болды?
- Кентаврлар деген кімдер?
- Массагеттер деген кімдер?
- Апасиактардың астанасы қай қала болды?
- Сақ қоғамында мүлік теңсіздігі болды ма?
Кестені дұрыс толтыру.
- Сақ сөзінің мағынасы
Парсы жазбалары
| |
Иран жазбалары
| |
Грек авторлары
|
- Алтын адам
Алтын адам
| |
Алтайдың алтын адамы
| |
Үшінші алтын адам
|
- Сақ топтары
Теңіздің арғы жағындағы сақтар (парадарайа)
| |
Шошақ бөрік киіп жүретін сақтар (тиграхауда)
| |
Хаома сусынын дайындайтын сақтар (хаумаварга)
|
Көш ойыны.
- Сақтар мен скивтерді аса жоғары құрметтеп, оларды әлемдегі ең әділ, ең шыншыл халық деп есептеген кімдер?
- Қашан, қай жерден шошқа төбелі тымақ киген сақтың қоладан құйылған мүсіні табылды?
- Сақтардың діни нанымдары туралы не білесің?
«Тұлғаларды таны» ойыны.
- Тарғытай деген кім?
- Страбон деген кім?
- Ишпақай деген кім?
- Иданбарыс деген кім?
Мына сөздерді кім айтқан?
- Не мақсатпен сен осындай патшаны алдап, ұшқан құс, жүгірген аңы жоқ шөл далаға әкеп, оның қалың әскерін қырғынға ұшыратпақсың?
- 2. Жеңіс деген осы! Ата жұртымызды жаулап алмақ болған қан-құйлы жауды жалғыз өзіміз шөлге қамап, дымын құртып тұрмын, — деді.
- Сақ әйелдері ержүрек келеді, соғыс қаупі төнгенде ерлеріне көмек көрсетіп ұрысқа араласады.
Сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресі
Кімдер шапқыншылық жасады? | Қашан? | Сақтардың қолбасшысы | Нәтижесі |
Сабақты жинақтау тесті
1. Сақтар б.з.б.нешінші мыңжылдықта өмір сүрді? | а) І мыңжылдықта ә) ІІ мыңжылдықта б) ІІІ мыңжылдықта |
2. Сақтар қандай үйде тұрған? | а) ағаш үй ә) киіз үй б) кірпіш үй |
3. Мал шаруашылығымен бірге сақтар тайпаларында те қатар дамыды?
| |
4. а) Соқа мен қамыт ә) Найза мен садақ б) Жайпақ тостаған | Сарбаздарға Абыздарға Егіншілерге |
5. Кирдің Томириске елші жіберу мақ-саты не еді? | а) жерін кеңейту ә) әйелдікке б) баласын өлтіру |
Сабақты жинақтау тесті
6. Дарий сақтарға қарсы жорықты қай жылы жасады? | а) 518 ж. ә) б.з. 518 ж. б) б.з.б. 518 ж. |
7. Бәбіш-молда қай өңірден табылады? | а) Арал ә) Сырдария б) Іле |
8. Есік қорғағанын табылған
Бұл қорған жылдары қазылды
| |
9. «Апасиактар» деген кімдер? | а) теңіздің арғы жағындағы сақтар ә) су жағасын мекендеген сақтар б) шошақ бөрік киген сақтар
|
10. Сақтар неге табынды? | а) күнге, отқа ә) ауға, суға б) топыраққа, тасқа |
«Күн диаграммасы» арқылы сабақты бекіту
Үйге тапсырма:
Каратмен жұмыс: Сақ топтарының мекендеген жерлерін контур картаға түсіру.
Шығармашылық тапсырма: Шырақ, Иданбарыс, Сыпатай (Спита) ерліктері жөнінде оқып келу.
Оқушыларды бағалау.