ІX — XII ғасырлардағы қолөнер, сауда және шаруашылықтың дамуы.

Маңғыстау облысы  Бейнеу ауданы Абай атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі А.Е Хибасова

Сабақтың тақырыбы: ІX — XII ғасырлардағы қолөнер, сауда және

шаруашылықтың дамуы.

Сабақтың мақсаты: 1. Қазақстан жерінде дамыған орта ғасырлар

кезеңінде қолөнер, сауда және шаруашылықтың дамуын жан – жақты түсіндіру.

  1. Тарихи оқиғаларды өз бетінше талқылап, қорытынды жасауға үйрету, білім алуға құштарлықтарын дамыту.
    3. Оқушылардың қазақ халқының қолөнеріне деген қызығушылық, сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ — жауап
Көрнекілігі: интерактивті тақта, бейне
көрніс

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сыныпты топқа бөлу

           

Қолөнершілер          зергерлер          саудагерлер           шаруалар  

 

Топ  басшысын сайлау

Бағалау критериларымен  таныстыру

Оқушының

аты-жөні

Үй тапсырмасыТүсіну

(Жаңа сабақ)

Қолдану

(Постер қорғау)

Анализ

(Бекіту)

Синтез

(Қорытынды)

      
      
      
      
      
      

 


ІІ. Үй жұмысын сұрау.

Тест

1.Сырдың орта ағысындағы қала?

             А. Сығанақ

            Ә. Сүткент+

Б.  Жанкент

  1. Қазақстан аумағында орта ғасырлық дамыған қалалар саны ?

А.        5

Ә.        3+

Б.         6

  1. Мешіттер қай ғасырда пайда болды?

А.        Х-ХІІғғ+

Ә.        Х-ХІғғ

Б.         ІХ-Хғғ

  1. Қытай императоры жібектен жасалған әшекейлі киімдерді сыйлық ретінде жіберді:

А.  Иран шахына+

Ә. Орыс патшасына

Б. Түрік қағанына

  1. XI-XII.ғ. жататын “қоржын үй”табылған қала

А.Сығанақ

Ә. Ақбешім

Б. Құйрықтөбе+

6 X.ғасырға жататын шыны ыдыстар табылған қала

А. Сығанақ

Ә. Суяб

Б. Иасы+

7.1217-1218жж. Хорезм шахы Мұхамед Текеш қай қалада теңге соқтырды

А.Отырар+

Ә. Тараз

Б. Суяб

8.Теракота кеңінен қолданылған ғасырлар

А. VIII-IX.ғ

Ә. IX-X.ғ

Б. XI-XII.ғ+

  1. Жібек жолының Қазақстандағы Солтүстік–шығыс тармағы арқылы Монғолияға Мөңке хандығына барып қайтқан елші:

А. Рубрук+

Ә.Сюань-Цзянь

Б. Клоусон

10.XVIII ғ. Басында Жібек жолындағы сауданың бәсеңдеп, қалалардың әлеуметтік экономикалық жағынан  күйреуіне алып келген оқиға:

А. Сауданың төмендеуі

Ә.Тауарлардың жетіспеушілігі

С. Монғол шапқыншылығы+

Сергіту сәті

ІІІ. Жаңа сабақ:

Жоспар:
І. Қолөнердің дамуы.
ІІ. Ұсталық кәсіп.
ІІІ. Сауда және ақша айналымы.
ІV. Егіншілік.

БББ кестесін толтыру

Білемін Білгім келеді? Білдім
  

 

Бейнекөрніс        

 

Қыш құмыралар
Ғасырлар — Х — ХІІ ғасыр

Ерекшелігі — Әрі сәнді, әрі мықты және әртүрлі қалыпта жасалынған, іші – сырты жылтырап тұратын түрлі түсті әйнек тәрізді сырмен сырланған. Олардың сырты қошқармүйізді өрнектермен әшекейленген
Қайдан табылды — Отырар, Құйрықтөбе, Тараз, Талғар және т. б қалардан табылған

Шыны бұйымдар
Қыш құмыралардың қолы жеткен жетістіктерінің бірі — шыны бұйымдар жасау кәсібінің дамуы. Қазақстанның Отырар, Тараз, Йасы сияқты қалаларынан табылған. Х ғасырға жатады. Үрлеу тәсілі арқылы, қалыпқа құю тәсілін пайдаланған.

Кәсіп түрі
Ұсталық кәсіп
Қандай құралдар
Темірден жасалған бұйымдар: пышақ, біз, қайшы, кетпен, соқа.
Қайдан табылды
Талғар

Кәсіп түрі
Зергерлік кәсіп
Қандай құралдар
Күміс білезік, алтын сырға, сақина, түрлі алқалар
Қайдан табылды
Отырар, Тараз, Талғар

Кәсіп түрі
Сүйек ұқсату
Қандай құралдар
Сүйектен жасалған тереуіштер, шахмат тастары, сүйектен жасалған жебелер
Қайдан табылды
Талғар, Құйрықтөбе, Алматы

Сауда айырбас жағдайында немесе ақша арқылы жүрді. Хорезм шахы Мұхаммед Текеш 1210 және 1217 — 1217 жылдарда Отырарда теңге соқтырды. Испиджаб, Отырар, Фараб қалаларында ақша шығаратын сарайлар болған.
Постер , постер қорғау.
БББ кестесінің соңғы бөлімін толтыру
Сабақты бекіту сұрақтары
Үйге тапсырма:
ІX — XII ғасырлардағы қолөнер, сауда және шаруашылықтың дамуы тақырыбын оқып келу және қосымша деректер қарастыру.

Бағалау: Сабаққа белсене араласқан оқушыларды бағалау